Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет28/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
2.Аэротаксис – оттегіне қарай жылжу. Оттегі аэробты бактерияларға – аттрактант, ал анаэробты бактерияларға – репеллент болады.
3.Фототаксис – жарыққа байланысты қозғалыс. Фототрофты бактерия-ларға тән.
4.Магнитотаксисағынсыз суларда, мұхит түбінде мекендейтін бактерияларға тән. Жердің магнит өрісіне қарай қозғалады. Бұл қозғалыс құрамында темір оксиді көп болатын бактерияларға тән
5.Вискозотаксис – бағыты ерітінділердің тұтқырлығымен байланысты бактериялардың қозғалуы. Спирохеталарға оң таксис , ал ішек бактерияларына теріс вискотаксис болады.


Бақылау сұрақтары:
1. Прокариоттардың нуклеоидының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз
2. Микроорганизмдердің тыныштық күйдегі клеткаларының қызметі қандай?
3. Әртүрлі микроорганизмдердің бөліну әдістері немен ерекшеленеді?
Дәріс №9-10.
Тақырыбы: Микроорганизмдер физиологиясы және микроорганизмдерді бөліп алу, дақылдау әдістері
Жоспары:
1.Микроорганизмдердің химиялық құрылымы.
2.Микроорганизмдердің қоректенуі.
3.Прототрофтар, ауксотрофтар, паратрофтар.
4.Қоректік заттардын клетка ішіне енуі.
5.Жинақ дақылдар алу әдістері.
6.Таза дақылдарды өсіру әдістері.
7.Мерзімді және үздіксіз дақылдау.
8.Беттік және терең дақылдау.

Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдер басқа жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жасушаға келіп түскен қоректік заттар оның қабығын және цитоплазмасын құрауға және сонымен бірге энергия алуға жұмсалады. Тіршілік әрекеті барысында микроорганизм-дерде ассимиляция және диссимиляция процестері дамылсыз жүріп жатады. Микробтар жасушасы негізінен судан және құрғақ заттан тұрады. Мұнда су мөлшері 75-85% болса, құрғақ заттар үлесіне 25-15%-ті тиеді.


Су-бактерия жасушасының құрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана жасушада өте күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге жасушаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп тысқа бөлініп шығады.
Микробтық жасушаның құрғақ заты негізінен көміртегі, оттегі, азот және сутегі элементтерінен құралған. Осы органогендерден түзілетін күрделі органикалық қосылыстар құрғақ заттың 90-97%-ын құрайды. Микроорга-низмдердің құрғақ заттарының 3-10% күлдік элементтерден тұрады. Бұл элементтердің ішіндегі маңыздылары – фосфор, калий, магний, күкірт, кальций. Күлде өте аз мөлшерде темір, натрий, хлор кездессе, мыс, мырыш және т.б. элементтердің ізі ғана анықталады. Бұл элементтердің барлығы белгілі бір түрде болуы керек. Клетка құрамында Ca, Mg, Fe, K, Na, Cl және микроэлементтер ( Cu, Co, Mn, Mo, Zn) өте аз мөлшерде болады.
Бактерияның негізгі және өмірлік маңызы бар құрамдас бөлігі – (ақуызды заттар) протеиндер. Олар микробтардың құрғақ затының 65-80% құрайды. Протеиндердің негізгі екі түрі белгілі: протеиндер және протеидтер. Протеиндер гидролиз кезінде амин қышқылдарына ыдырайды. Протеидтер қарапайым протеиндердің нуклеин қышқылымен (нуклеопротеидтер), полисахаридтермен (глюкопротеидтер), май тәріздес заттармен (липопро-теидтер) қосылыстары.
Микробтық жасушалардың көмірсулары негізінен полисахаридтерден тұрады. Көмірсуларға, әсіресе капсулалық бактериялар (пневмококтар, азотобактериялар, т.б.) бай келеді. Цитоплазмада көмірсулар крахмал және гликоген түйіршіктері түрінде кездеседі. Көмірсулар микробтық жасушада 12-28% мөлшерінде болады және жасуша қабығын құрауда, сонымен қатар тіршілікке қажетті энергиямен қамтамасыз етуде маңызы зор. Әр микроорганизмнің өзіне ғана тән полисахариді болатындықтан, бұл қасиеттің ауру қоздырғыштарының түрін ажыратқанда ерекше маңызы бар. Патогендік микробтардың беткі қабатында түзілетін көмірсулардан тұратын капсула, бактериялардың вируленттілігін анықтайды және қорғаныштық рөл атқарады. Күрделі полисахаридттердің құрамында 1-5% азот болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет