Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет69/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Дәріс №25-26
Тақырыбы: Микроорганизмдерге қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларының әсері
Жоспары:
1.Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.
2.Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері.
3.Антимикробтық заттар және әсер ету механизмі. Антимикробтық заттардың практикалық маңызы: химиотерапевтік препараттар, консервлеуші, дезинфициялаушы және заласыздандырушы қосылыстар.
4.Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері.

Микроорганизмдердің қарқындап кебеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроорганизмдердің осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайлар (факторлар): физикалық және химиялық, биологиялық факторлар.


Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.
Микроорганизмдерге ылғалдың әсері. Микроорганизмдер клеткалары-ның 85%-тейі су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар клеткасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Ылғал әсіресе, микроорганизмдер клет­касы бөлінгенде және көбейгенде қажет. Кейбір микроор­ганизмдер ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің қайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды. Бактерия-лар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ жерде өніп-өсе алмайды. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың тіршілігі ортаның ылғалдылығы 20-30%, зең санырауқұлақтарының тіршілігі -15-20% болғанда тоқталады. Бұл олар-дың клеткаларының copy күшінің көптігін көрсетеді.
Грам оң бактериялардың клеткасындағы осмостық қысым 3х 106 Па, ал Грам терістеріңде 4х105- 8х105 Па. Сонда осмостық қысымы тым жоғары ертіндіде (9-10х107 Па), яғни ас тұзының концентрациясы 15-20% болғанда тек бактериялар емес басқа да организмдер тіршілігіне қауіп төнеді. Табиғатта едәуір осмостық қысымда тіршілік ете алатын микроорганизмдер кездеседі. Мәселен, Aspergillus және Penicillum туысына жататын органи-змдер жоғары осмостық қысымға төзімді келеді. Кейбір микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясына бейімді. Олар галофильді организм­дер, яғни тұздың жоғары концентрациясын "сүйгіштер".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет