Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Микроорганизмдерге температураның әсері



бет70/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Микроорганизмдерге температураның әсері. Орта температурасы - микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы - микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен, пішен таяқшасы +5 - 57° көптеген сапрофит бактериялар +20 -35° арасында тіршілік етуге бейімдел-ген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмдер, солардың дене қызуының шамасында, яғни +35 - 36°-та тіршілік етеді. Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар: оптималь, максималь және ми­нималь температуралар. Оптималь температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганизмдердің өніп-өсуі мен олардың споралар түзуі қажетті бұл температураға үнемі сәйкес келмейді. Мәселен, өсіп дамуы ушін +37° керек болса, олардың спо­ра түзуге қажетті температу-расы + ЗГ. Сүт қышқылы бактерияларьшың оптималь температурасы + 25° - 30°, ал темофильді микроорганизмдер үшін ол + 45° шамасында болады.
Әр түрлі температураға бейімделулеріне байланысты барлық микроорга-низмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бөледі.
Психрофильдер, яғни салқын сүйгіш микроорга­низмдер, төменгі температурада жақсы тіршілік етеді. Олар үшін оптималь температура +10°, минималь - 10° пен 0° аралығында, ал максималь температура + 30° шама­сында болады. Бұл топка кейбір шіріту бактериялары зең саңырауқұлақтары, суда тіршілік ететін бактериялар және кейбір темір бактериялары жатады.
Мезофильдер орташа температурада тіршілік етеді. Бұл топқа көптеген сапрофит, шіріту бактериялары, барлық ауру коздырушы - патогендік микро-организмдер мен зең" саңырауқұлақтар жатады. Бұлардың өсуіне қажетті оптималь температура + 30°, минималь температу­ра + 10°, ал максималь температура +43 - 50° шамасында болады.
Термофильдер едәуір жоғары температурада тіршілік етеді, оларды жылу сүйгіш микроорганизмдер деп те атайды. Оларға қажетті оптималь температура + 50- 60°, минималь + 30 және максималь + 70 - 80° шама­сында болады. Бұл топқа жататын микроорганизмдер ыстық бұлақтарда, өздігінен қызған дәндерде, шөпте және көңде кездеседі. Олардың кепшілігі + 85° температурада өлмейді. Осы топқа көрсетілген микроорганизмдерден басқа көптеген топырақ бактериялары, актиномицеттер, микроскоптық саңырау-құлактар (пеницилл, аспергилл т. б.) жатады.
Төменгі температурада микроорганизмдер өлмейді, бірақ олардың тіршілігі тежеледі, ашу, шіру процестері тоқтайды. Ет, балық, май, сүт және оңай бұзылатын тағамдарды сақтау үшін төменгі температураның қажеттігі осыдан. Зерттеулерге қарағаңда, бірнеше он мыңдаған жылдар бойына мәңгі мұз сақталған жерлерде қалған мамонттардың қалдықтарынан тіршілікке қабілеті бар шіріту бактериялары мен олардың споралары табылған. Микроорганизмдерге, әсіресе салқын мен жылы жиі алмасып отырса, өте қолайсыз әсер етеді.
Жоғары температурада бактериялардың цитоплазмасы ұйып, тіршілік қабілеті жойылады. Бірақ, олардың барлық топтары бірдей бір мезгілде қырылмайды. Мұнда жоғары температураның әсер ету ұзақтығы, микроор-ганизмдердің түрі мен ортаның химиялық құрамын ескерудің зор маңызы бар.
Көпшілік спора түзбейтін бактериялар 60°-тық жылылықта 30-60 минут ішінде тіршілігін жояды. Ал темпера­тура жоғарылған сайын олар тез өледі. 160 - 170° құрғақ ыстықпен 1-1,5 сағаттай және осымен қатар 120° ыстықпен екі атмосферадай қысыммен қоса әсер еткенде микроорганизм-дердің тек вегетативтік клеткалары емес, спораларының барлығы түгелдей қырылады. Ашытқы және зең саңырауқұлақтар қыздыруға тым төзімсіз. Олардың көпшілігі 65-80° ыстыкқа төзбейді. Бірақ зең саңырауқұлақтарының 100° ыстықта аз уақытқа шыдайтын түрлері де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет