Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет68/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
1.Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ. Мұндай су өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарына бай келеді. Суда ақуыз, еріген қанттар, пектин заттары, клечатка және басқада қосылыстар көп болады. Осы аймақта анаэроттық шіру процесі өте күшті жүреді. Әрине, тіршілік ететін организмдер де органикалық заттардың көп мөлшеріне, олардан бөлінетін көмір қышқыл газына, метанға, күкіртсутекке аса төзімді болады. Айтылған ақуыз, клечатка заттары бұл аймақта шіру процесіне ұшырайды. Оттек болмайды. Сондықтан да мұнда анаэробты бактериялар көп. Мәселен, 1мл суда 1 млн-ға жуық бактериялар кездеседі.
2.Мезасапробтық аймақ.Бұл аймақта органикалық заттардың мене-ралдануы тоқтамай жүре береді. Бірақ мұндағы ақуыз заттарымен көмірсулар құрам бөліктеріне ажыраған күйінде болады. Сондықтанда да тотығу процесі жүріп жатады. Әсіресе, аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы өте қуатты жүреді. Органикалық заттардың қалғаны көмір қышқылына айналады. Судың бұл аймағының 1мл – нен 100 мыңдай бактерияны кездес-тіруге болады.
3.Олигосапробтық аймақ. Ол органикалық заттарға кедей, тірі орга-низмдері өте аз, таза су. Бұл аймақтағы судың 1 мм – де 10- 1000 дейінгі бактериялар болады. Аммиак азот қышқылына, күкірт сутектің күкірт қышқылына тотығуы аяқталады. Аймақтың ерекшелігі – онда темі (II) огсидінің темір (III) гдрооксидіне айналу процесі жүреді. Тотықтыру процесін жүргізетін – темір бактериялар. Сондықтанда бұл аймақтың негізгі көрсеткіші болып есептеледі.
Микроорганизмдердің ауада таралуы. Атмосфера. Қалыңдығы 700 км болатын Жердің газ тəрізді қабаты. Физикалық қасиеттері бойынша бірнеше қабаттарға немесе сфераларға жіктейді: тропосфера, оның қалыңдығы географикалық ендікке байланысты 7-13 км, стратосфера (80 км жəне жоғары). Тропосфера мен стратосфера аралығында аралық қабат – тропопауза бар. Жер атмосферасының негізгі бөлігіне тропосфера жатады, онда атмосфераның барлық массасының 79%-ы шоғырланған. Атмосферада микроорганизмдер негізінен тропосферада кездеседі.
Топрақта микрорганизмдер тіршілік етумен қатар, өніп - өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өсіп - өнуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микрорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микрорганизмдер шаң – тозаңдар мен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер, жер бетіне шөгіп үлгермесе ауада тез арада қырылып кетеді. Микрорганизмдер әсіресе, қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары көп қалалар үстінде ауада микрорганизмдер өте көп болады. Ал, керісінше ауыл, село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорга-низмдер өте аз. Органикалық заттарға бай өңделген топырақ бетіндегі ауада микрорганизмдер әжептеуір болады. Сол сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада өте аз кездеседі. Тіпті бір жердегі ауада жауын жауғанға дейін микроптар көп болса, жауынан соң едәір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микроптар да азайа түседі. Мұндай жағдайларда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е.Н.Мушустиннің зетртеуіне қарағанда 500 м биіктікте әрбір текше метр ауада 2100 бактерия, 2000 м биіктікте 500-700 бактерия кездеседі екен.
Ауада микрорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етеді. Түссіз бактерияларға қарағанда пигменттері бар түсті бактериялар төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан, спора түзетіндеріне қарағанда олардың саныда аз болады.
Жыл мезгіліне байланысты ауа микроорганизмдердің саны мен сапасыда өзгеріске ұшырап тұрады. Олардың ең аз мезгілі – қыс, ал көп болатын кезі – жаз. Көктеммен күзде олар көп болмайды. Қыс кезінде қар жердің бетін жауып қалады да шаңның көтеруіне мүмкіндік бермейді. Ал, жаз кезінде жел шаң – тозаңдармен ауаға микроорганизмдерді ұшырып шығарады. Күзбен көктемде жауын шашын жиы болып көтерілетін шаң – тозаңда азайады. Сондықтан бұл мезгілде ауада микроптар көп болмайды. Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микрорганизмдер өте көп. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 000 жуық микрорга-низмдер болады. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді микроптар саны артады. Кейбір ауру туғызатын микрорганизмдер бөлме ауасына таралып тыныс алған кезде басқа адамға жұғады.
1920 жылы Молиш ауада табылатын микроорганизмдерді аэропланк-тондар деген терминмен атаған. Бұл термин ауада кезлесетін барлық микро-организмдерге қатысты айтылады: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, мицелиалды саңырауқұлақтардың споралары, балдырлар, қарапайымдылар. Олардың мөлшері 0,01 мкм шамасында болады.
Атмосферада аэрозолдар құрылады. Олар – газды ортада қалқымалы жағдайда болатын қатты немесе сұйық бөлшекті жүйе. Аэрозолдарды 3 топқа жіктейді: шаң, түтін, тұман. Шығу тегіне қарай аэрозолдар табиғи жəне жасанды деп бөлінеді. Табиғи аэрозолдар табиғи жағдайда құрамында микроорганизмдері бар топырақ жəне су бөлшектерінің дисперсиялануы үрдісінде түзіледі. Жасанды аэрозолдар бактериалды суспензия мен бактериалды шаңның дисперсиялануынан түзіледі.
Бактериалды аэрозолдардың негізгі көзі адам мен жануарлар болуы мүмкін. Олар түшкіру, жөтелу кещінде жəне жануарлар сілекейінің кебуі кезінде түзіледі. Аэрозолдардың түзілуіне əр түрлі антропогендік жағдайлар да əсер етеді: бактериалды жəне вирусты препараттар шығаратын өнеркəсіптер, сонымен қатар микроорганизмдері бар өсімдік жəне жануарлар қалдықтарын өңдейтін зауыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет