Гетерогенді (біркелкі емес) катализ агрегаттық күйі әртүрлі катализатор мен реагенттер.
Гомогенді (біркелкі) катализ катализатор мен реагенттер бір фаза: газ немесе ерітінді түзеді.
Динамикалық тепе-теңдікөнім түзілу реакциясының жылдамдығы олардың әрекеттесу жылдамдығына тең болғандағы жүйенің күйі. Химиялық әрекеттесу көзге көрінетін сипаттар арқылы жүрмейді.
Ерігіштік заттың еріткішпен біркелкі қоспа түзе алу көрсеткіші.
Ерітінді еріткіш және еріген заттан тұратын біркелкі қоспа.
Жану реакциясы оттектің қосылыстармен және элементтермен оксид түзіп, жарық пен жылу бөліп әрекеттесуі.
Жылу мөлшері 1 кг отын толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінетінін көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады және q деп белгілейді. Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігі – 1 кДж/кг.
Жылу эффектісі химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.