Катионоң зарядты ион.
Кері реакция бастапқы заттар түзілу бағытында жүретін реакция.
Кинетика химиялық реакцияның уақытқа байланысты жүру заңдылығын, осы заңдылықтардың сыртқы жағдайларға тәуелділігін және химиялық
айналымдардың механизмін зерттейтін химия бөлімі.
Конденсация будың сұйық күйге айналуы.
Коррозия металдың ауадағы оттекпен химиялық реакцияға түсуі.
Коэффициент химиялық реакцияның екі жағындағы бірдей атомдардың санын теңестір үшін зат формуласының алдына қойылатын сандар.
Көміртек айналымы (көміртек циклі) көміртектің үнемі органикалық қосылыстан бейорганикалық қосылысқа, бейорганикалық қосылыстан органикалық қосылысқа ауысып отыруы.
Қайтымды реакция бір уақытта қарама-қарсы (тура және кері) екі бағытта жүретін реакция.
Қайтымсыз реакция өнім түзілу реакциясымен бір бағытта жүретін химиялық реакция.
Қаныққан еріген заттың артық мөлшерімен динамикалық тепе-теңдіктегі ерітінді.
Қоспа тұрақты құрамы жоқ таза заттардың физикалық араласуы. Қоспа
құрамдастары өз қасиеттерін сақтайды.
Қышқыл металл атомымен орын ауыстыру қабілеті бар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыс.
Қышқыл жаңбыр ауаның қышқылдық (күкірт және азот) оксидтермен ластануының әсерінен рН-тың төмендеуі байқалатын метеорологиялық жауын-шашынның барлық түрі – жаңбыр, қар, бұршақ, тұман, қар аралас жаңбыр.