Жылыжайэффектісі жылыжай газдарының (көмірқышқыл газ, метан, су буы, озон, азот (I) оксиді) әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шары температурасының ғаламдық артуы.
Зат массасының әрекеттесу заңы химиялық реакция жылдамдығының бастапқы заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтайтын заң.
Зат массасының сақталу заңы реакцияға қатысқан заттар массасының реакция нәтижесінде түзілген заттар массасына тең болуы.
Заттың формуласы заттың сапалық әрі сандық құрамын көрсетеді. Заттың формуласы арқылы заттың молекулалық массасын есептеуге және оның физикалық әрі химиялық қасиеттерін сипаттауға болады.
Изотоп атомдық саны (ядро заряды) бірдей, бірақ массалық саны әртүрлі бір элемент атомдары.
Индикатор қышқылдық орта (рН) өзгерген кезде ерітіндінің түсін өзгертетін қосылыстар.
Ион бір немесе бірнеше электрон атомын қосып алу немесе атом жоғалту
нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.
Катализ катализатордың әсер етуінен химиялық реакция жылдамдығының өзгеруі.
Катализатор химиялық реакция жылдамдығын өзгертетін, бірақ реакция өнімінің құрамына кірмейтін қосылыс.