Адсорбенттер деп аталады. Аллотропиялық түрөзгеріс



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі22,21 Kb.
#16738
1   2   3   4   5   6   7   8
Ле Шателье принципі сыртқы жағдайлардың өзгеруі кезінде химиялық тепе-теңдіктің әрекет етуші жағдайды әлсірететін бағытқа (тура немесе кері) қарай ығысуы.
Массалық үлес (пайыздық концентрация) еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы.
Меншікті жылусыйымдылық 1 кг затты 1 К-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшеріне тең физикалық шама.
Металдар жылу- және электрөткізгіштік, металдық жылтыр, иілгіштік және металдық жылтыр секілді металдық қасиеттерге ие жай заттар.
Металдардың белсенділік қатары металдың сулы ерітіндіде жүретін химиялық реакциядағы тотықсыздандырғыш қабілетіне сәйкес орналасуы көрсетілген қатар.
Моль Авогадро тұрақтысына тең (NA = 6,02 · 1023моль–1) бөлшектердің (молекула, атом, ион) белгілі бір саны болатын зат мөлшері.
Молярлық көлем массасы молярлы массаға тең газдың алатын көлемі.
Молярлық масса бір моль заттың массасы.
Нанотехнология наноөлшемдегі (≤100 нм) нысандарды жасауға мүмкіндік беретін құрал-саймандық әдістер кешені.
Нанохимия нанобөлшектердің құрылысын, қасиетін және практикалық қолданысын зерттейтін химия саласы.
Негіз металл атомынан және гидроксотоптан (ОН) тұратын күрделі қосылыс.
Нейтрон массасы 1(1n0 )-ге тең, зарядталмаған атом ядросының бөлшегі.
Оксид бір элементі оттек болып келетін бинарлы қосылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет