73
Жас төлдің еті өте жұмсақ, әрі сіңірсіз сіресіп пісетіндіктен де, сірне
аталады. Ал енді, тағамның қалай дайындалатынын білсек. Асты дайындау
әдісі көп жұмысты талап етпейді. Төлдің етін сүйегінен ажыратып, ірілеп
турайсыз. Сүйектерді де мүмкіндігінше бөлу қажет. Қазанға бір литрдей сұйық
май құйып, әбден қызған кезде туралған етті саласыз. Майға жақсылап
қуырылған еттің үстіне дәмдеуіштер, яғни пияз, аскөк, қолыңызда болса көк
пиязды да салып, қажетінше бұрыштап, тұздайсыз. Артынша қою қаймақ
немесе жаңа сауған бие сүтін құйып, буын шығармай бетін жақсылып бекітіп,
40-45 минут демдейсіз. Қаймақ пен саумалдың орнына ірі етіп туралған картоп,
сәбіз қосылады. Буға піскен сірнені дастарқанға түсіре беруге болады. Бұл сірне
әзірлеудің соңғы кездегі үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: