Дамытушылық функциясы оқушылардың халықтың рухани қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін дамытады, тілін ұстартып, ой әрекеттерін белсендіреді, сенсорлық және қозғалыс, эмоциялы – ерік және қажеттілік-мотивациялық қабілеттерінің дамуын ілгерілетеді. Мысалы, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, бала тілінің мүкістігін түзетуде фольклордың, соның ішінде жаңылтпаш, санамақ, қаламақ сияқты қызықты ойын ермектерінің дамытушылық қызметтері өте жоғары. Қазақтың «Аталы сөзге ақымақ тоқталмас», - деген сөзінің өзі олардың сөйлеу мәдениетінің ой сананы дамытудағы қызметінің терең түсінгенінің айғағы.
Балалардың сенсорлық, қозғалыс, эмоциялық сфераларының дамуында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері маңызды қызмет атқарады. Зергерлік өнер, құрақ құрастыру, түстерді, формаларды, қабылдағыш қабілетін ширатады. Айран, қымыз, шұбат тәрізді ұлттық тағамдарды дайындап үйрену олардың дәм,иіс сезгіш қабілеттерін артырады.
Табиғат аясында өскен бала құстарды, жануарларды ізіне, даусына, мінез – қылықтарына, тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай ажырата біледі. Қазақ балаларының ауа-райының өзгерісін құбылысын тап басып болжай алатын байқағыштығы, сезімталдығы сияқты таңқаларлық қабілеттері аңыз, ертегі үлгілерінде көптеп кездеседі.
Ат құлағында ойнайтын жасөспірімдердің «Теңге ілу», «Жанбы ату», «Көкпар» сияқты ұлт ойындарындағы шеберліктері бүгінгі цирк акробаттарының ептілігінен кем түспейді.
Жігіттің тау қыраны сияқты епті де сергек қимылы, қыздың әсем шәй құйысы, паң жүріс – тұрысы тек дене қимылы ғана емес, қозғалыс және эмоциялы – ерік аясын жетілдіреді. Домбыра мен қобызды шебер ойнауға жаттықтыру, саз өнеріне баулу, дене қимылы үйлесімділігі, еңбек дағдылары, ой жүгірту қабілеттерінің дамуына септігін тигізген. Сөйтіп, жас өрімталдың бойындағы күш – қуатын қозғалысқа келтіріп, бұлшық еттерін шыңдаған, қолы мен аяқтарының икем ептілігін, иілгіштігін арттырған.
Ән – күй және қол өнерімен шұғылдану баланың эстетикалық сезімін, көркемдікті қабылдау, әсерлену қабілеттерін, талғампаздығын, эмоциялық – ерік сфераларын дамытады.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың формалары мен әдістері оқу үрдісінің барлық компоненттер мен, әсіресе оның мақсат-міндеттермен тығыз байланысты екенін атап айтқан жөн.
Психологтардың пікірінше, сабақтардың үнемі бір сарындығы, бір деңдейде ұйымдастыру формалары балалардың тез шаршауына, қабылдау мен ойлау әрекеттерінің тоқырауына, қызығушылығының бәсенсінуіне әкеліп соғады. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пәндерге қосымша ретінде енгізуіне байланысты оқу ақпаратының молаюы оларды игеруге біршама күрделілік туғызады. Ішкі қор арқылы түрлендіру, құрылымы жағынан тиімді ұйымдастыру жұмыстары ғана жағымды жетістіктерге қол жеткізді. Осы ретте қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде кеңінен орын алған дәстүрлі емес сабақтар (іскерлік ойын, конференция, жарыс, КТК, аукцион, шығармашылық есеп, лекция-концерт, ойын, телекөкпар, экскурсия, ғажайып алаң, т.б.) өткізу, сондай – ақ оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа да көмекші формалары (лекция, семинар, конференция, консультация, факультатив, т.б) колданылады.
Оқу кестесі бойынша тұрақты жүйелі өтетін сабақ халық тағылымын тәрбие жүйесінде пайдалануы ұйымдастырудың ең қолайлы формасы болып табылады. Қазақ этнопедагогикасы материалдары сабақтың мазмұны, пәндердің тараулары және тақырытарымен табиғи үйлесім тауып, оқу үрдісінің тұтас, аяқталған буының құрауы тиіс.
Экскурсия оқу үрдісін қазақ халқының тұрмыс –тіршілігімен жақындастырып оқушыларға болмысты құбылыстар мен көріністердің объектілердің өзара байланыстары мен тұтастығын ұшырасуға септігін тигізеді. Мәселен қазақ даласындағы мүсіндер мен кесене-мазарлар, тау- тастардағы петрогливтер сияқты тарихи ескерткіштерге немесе өлкетану мұражайларына экскурсияға барғанда оқушылардың кітаптан оқығандарын қолымен ұстап , көзбен көру арқылы алған білімдері қорытындыланады, сөйтіп есте жақсы сақтауға қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсиядан кейін оқушылар сан түрлі жұмыстар мен тапсырмалар орындау жүктеледі. Мәселен, мұғалім балаларға экскурсиядан алған негізгі әсерлері туралы мазмұндама жазу, суреттер салу сияқты жалпы және жекеленген тапсырмалар береді. Экскурсия оқушылардың ғылыми фактілер жөніндегі білімдерінің молайып, қолдануына өмірдегі жекеленген құбылыстарды жүйеге келтіріп, терең саралай білуге, олардың онымен маңызын түсінуге көмектеседі, сондай-ақ зейіннің әр нәрсені білуге құштарлығын арттырады, эмпирикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал тигізеді [33].
Пән үйірмелері секция мен студиялар оқыту міндеттері мен шығармашылық ізденістерді үйлестіре отырып, оқушылардың табиғи қабілеттерін дамыту маңызды рөл атқарады. Әдебиет, көркем өнер, ұлттық спорт түрлері бойынша ұйымдастырылған пән үйірмелері оқушылардың белгілі бір іс-әрекет саласындағы қабілет, дарынын жетілдіруімен бірге, болашақ бағыт-бағдар таңдауын қамтамасыз етеді.
Фольклорлық экспедициялар халықтың әндері мен күйлері, сәндік қолданбалы өнер үлгілерін, аңыз-әңгімелерін, туған өлкенің мәдени құндылықтарын ел ішінен жинақтау мақсатында ұйымдастырылған. Мұндай экспедициялар балалардың ізденімпаздық, байқампаздық, іскерлік қабілеттерін шындап, белсенділіктерін жетілдіреді.
Көрме балалардың өлке тану жорықтары кезінде жинақтаған қазақ халқының тұрмыстық заттары киіз үй жиһаз-жабдықтары, зергерлік әшекей бұйымдары және т.б арналады. Оны ұйымдастыру жұмыстарына оқушылардың өздерінің қатысуы білімділік тәрбиелік маңызы зор. Осындай көрмелерді балалардың өздері басқарып, жүргізу, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасуының өзі белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хак.
Халықты сүй, халық үшін еңбек ет. Ел-жұртқа қорған бол деген көрегенді де салиқалы ой айтқан болатын. Халық мұрасын бала тәрбиесінде қолданудың көкейкестілігі бүгінгі таңда Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып дамыту бұрынғысынан да артып отыр.
Шындығында халық даналығындағы мақал-мәтелдердің жас буынға ой салып өмір құбылыстарын танытудағы әсері, ықпалы мол. Өмір тәжірибиесінен түйінделген мақал-мәтелдер балаларды өнер білімге шақырады, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді, қоршаған ортаға, әсіресе табиғатқа аялы көзқарас қалыптастырады. Оны мұғалімдердің «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы». «Өсімдіктерді қорғау», «Табиғат- менің өз үйім» тақырыбында өткізілген сабақ мазмұны айғақтайды.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктерді қорғау
Білімділік мақсаты: қазақ халқының өсімдіктердің адам өміріндегі қызметі жайлы мағлумат беру. Өсімдіктердің табиғаттағы ауаны тазарту, шуды бәсендету, шаңмен улы газдерды өзіне сіңіру, топырақты құнарландыру, сай, жыралар мен сусымалы құмарды бекітушілік қасиеттерін түсіндіру. Олардан жасалатын тағамдық, емдік бұйымдарға мысалдар келтіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өсімдік атаулыға, жалпы табиғат-анаға аялы көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Өсімдік туралы ұғым түсініктерін кеңейту, оларды түрлеріне адам өміріндегі атқаратын қызметіне қарай ажырата білуге үйрету. Табиғаттағы сұлулықты түсіне білуге талпындыру.
Достарыңызбен бөлісу: |