Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет19/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
этнопедагогика диплом - копия

Шығармашылық тапсырмалар.

  1. сыныпта - әуенді-би қимылдары, тақпақтар, жұмбақтар, музыкалықсуырып-салмамалық тапсырмалары, дыбыс биіктігін қолымен көрсету,саусақпен салып көрсету, ребус шешу;

  2. сыныпта - ырғақты қолмен шапалактау, пульсация жасау,
    тақырыпшалар ойластыру, викторина шешу.

  3. сыныпта - музыка материалдарына сурет салу, кыскаша мазмұндамажазу, көріністерге қатысу, сөзжұмбактар шешу т.б.

  4. сыныпта - нота жазбаларын өз бетінше жаза білу, музыкалык диктант,т.б.

Ұсынылған бағдарламаның тиімділігін және 1-4 сынып оқушыларыныңмузыкадан алған білімдерін тексеру максатында төмендегітестсұрақтарықолданылды.

  1. сынып

  1. Нәрестеге арналған әнді ата?

а) Жұмбақ саусақ; ә) Бесік жыры; б) Төлдер; в) Малды суға шақыру.

  1. «Мамаңгер» әнін шығарған кім?

а) Ақан сері; ә) Біржан сал; б) Ш.Жанболатқызы; в) Ә.Бейсеуов.

  1. Құрманғазының күйін ата?

а) Сарыжайлау; ә) Сарыарқа; б) Қаражорға; в) Сылқылдақ.

  1. Қобыз аспабына арналған күйді ата?

а) Үшардың ұлуы; ә) Ақсақ құлан; б) Былқылдак; в) Келіншек.

  1. сынып

  1. Тәттімбеттің табиғатқа арналған күйінің аты?

а) Қосбасар, ә) Былқылдақ; б) Сылқылдақ; в) Саржайлау.

  1. Арнау күйді ата?

а) Қайран Нарым, ә) Ақсақ Құлан; б) Саржайлау; в) Аман бол,

шешем аман бол.

  1. Операдағы жылдам орындайтын кейіпкерді ата?
    а) Жылан; ә) Жылқы, б) Түйе, в) Қой.

  2. «Жетім бала» күйін қандай күйлер тобына жатқызады?

а) Төрт-түлік малға арналған, ә) Арнау күйлері, б) Аңыз күйлер, в)
Тарихи күйлер.

  1. сынып

  1. Батырлар жырын басқаша қалай атайды?
    а) Ән, ә) Опера, б) Әпос, в) Толғау.

  2. Жырдағы жағымсыз кейіпкерді ата?

а) Алпамыс, ә) Байбөрі, б) Аналық, в) Ұлтан.

  1. «Соңғы терме» кімнің термесі?

а) Нұрсұлтан, ә) Тұрмағанбет, б) Нартай, в) Жиембет.

  1. Күй тартыста әдетте неше адам катысады?
    а) 1 адам, ә) 2-3 адам, б) 7-8 адам, в) 4-5 адам;

  1. сынып

  1. Бір әуенді бірнеше дауыстардың кайталауы?
    а) Вариация, ә) Канон, б) Баллада.

  2. Музыкалық шығарманың шарықтау шегі?
    а) Кульминация, ә) Стаккато, б) Фермато

  3. Құрманғазының «Ақбай» күйін хорға өндеген композитор?
    а) М.Маңғытаев, ә) Б.Байқадамов, б) А.Жұбанов.

  4. Би қимылыарқылы негізгі ой, сезімді білдіретін музыкалық қойылым?

а) балет, ә) опера, б) симфония
Баланың білімі, дүниетанымы, шыдамдықты, ойлануды, толғануды, құштарлықты ерекше қажет ететіндігі, берік білім, өнегелі тәрбие нақты іс-әрекет үстінде, яғни шәкірт пен тәрбиешінің бірлесіп ынталасқан еңбегі арқылы жүзеге асып отыру керектігін қолға алдық.

Сондықтан бастауыш сынып балаларының ақыл-ойын, қиялын, зейінін, ой-өрісін, психикалық ерекшеліктерін, темпераментін, қызығушылығын, адамгершілік қасиеттерін дамытуда, оқыту процесінде балаларға этнопедагогика элементтерін қалай пайдалануды қарастырдық. Мысалы, бастауыш сыныпта математика пәнінде математикалық ұғымдарға қатысты мақал-мәтелдермен байланыстырып сабақты былай жүргіздік:



Мұғалім:

Балалар сендер математикалық ұғымдарға қатысты қандай мәтелдерді білесіңдер?

Балалар:

Көп түкірсе көл болады.

Көп алғыс көгертер.

Көп сөз - куміс, аз сөз - алтын.

«Өмір – үлкен мектеп», «Кіші бала ұятын үлкен бала көтереді», «Кең болсаң, кем болмайсың», «Көсеу ұзын, қол күймес», «Қорқақтың қолы қысқа» т.б. Мұндай мақал – мәтелдердің білімдік және тәрбиелік маңызы өте зор, сондықтан әр – түрлі мақсатпен қолдануға болады. Мысалы: балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету үшін төмендегі мақал – мәтелдерді бастауыш сыныпта қолдандық. Олар: 1. Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті.

Бастауыш сынып балаларын ұлттық рухта тәрбиелеу үшін халық педагогикасының элементтерін кеңінен пайдалану керек. Әсіресе ата – бабаларымыздың салт – дәстүрін, ұлттық ойындардын балаларға үйретіп, бойына сіңірудің мән – мағынасы бөлекше. Өйткені баланың ойы, сезімі, қиялы ойын арқылы өседі. Демек, тәуелсіз еліміздің жас уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне ұлттық ойынның қосар үлесі үлкен. Сондықтан балалар, мәдениетін, салт – дәстүрлерін зерттеуші ғалымдар ұлттық ойындарға ерекше назар аударып отырған.

Мәселен, башқұрттың атақты оқымысты Ә.Диваев қазақ балаларының ойындарын жинап, жеке кітап етіп қалдырған болатын.

Қазіргі кезде осы мәселені қарастырып жүрген Б.Төтенаев қазақ балаларының ойындарын төрт топқа бөліп қарастырады.

Әр ойынның өзіндік мақсаты, маңызы, тәрбиелік мәні бар. Олардың көбі баланың денесін шынықтырып, буынын бекітуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа, батырлыққа баулыса, кейбіреулері тілін дамытуға, сөздік қорын байыта түсуге өзін қоршаған табиғатты тани білуге, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Ұрпақтан – ұрпаққа, атадан балаға мирас болып жеткен қазақтың ұлттық ойындарын жетілдіріп, тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға ойнатып үйретуге міндеттіміз. Қай халық болмасын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны біз халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұлттық ойндардың мазмұнын айқын сезінеміз. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап ғұмыры бойымен тығыз байланыста өтеді десек те болады.

Ата – бабамыз болашақ ұрпақ тәрбиесін бір сәт те естен шығарған емес. Қазақтың ұлттық ойындарының қай – қайсысы болмасын, біз үшін асыл мұра.

Қай халықтың даму тарихына үңілсек, балалардың ақыл – ойын дамытуда ой өрісін кеңейтуде ойындар маңызды роль атқарғанын көреміз. Жан – жақты терең ой сала шығарылған ұлттық ойындарда балалар мен жастардың, үлкен адамдардың барлық жастағы ерекшеліктері ескертілген.

Ұлттық ойындардың дидактикалық мүмкіндіктері мен балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды:

- оқытуды ұйымдастыру тәсілі ретінде;

- оқыту құралы ретінде пайдалануды ұсынамыз.

Дидактикалық мүмкіндіктері: жаңа білім, білік, дағды қалыптастыруда ерекше әдіс қолдану, балалардың білімдерін тереңдету, ой – өрісін кеңейтуге, білімге құмарлығын психикалық сапаларын дамытуға, ұлттық салт – дәстүрді қадірлеуге, адамға, ұжымға қатынасты, еңбек сүйгіштікті т.б. тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыбы өте бай және әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойынының алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, оны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре біледі. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы балаларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіндік бар. Олардың қатарына ойды өмірімен байланыстыру шеберлігімен, қысқа да бейнелі тілінің түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады.

Қазақ халқының ауызша есептері Қ.Нұрсұлтановтың, «Ертегі есептер», «Қырық қазына», Е.Сағындықовтың «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері», С. Елубаевтың «Қазақтың байырғы есептері» т.б. жинақтарда баяндалған зерттеушілердің кейбіреулері халық ойындары мен қазақ халқының ауызша есептерін бір жанры ретінде қарастырады.

Мұндай пікірді қазақ халқының ауызша есептерін ел аузынан жинап, құрастырған Ә.Доспамбетов:

«Ауыз әдебиетінің сан алуан үлгілері сияқты уақыт сынынан өткен есептердің де туған дәуірі, шыққан мекені, өзіндік желісі бар. Ертеден қара танымайтын адамның малын, астығын, дүние – мүлкін санау, өлшеу жөніндегі қилы – қилы қиын есептері халқымыздың ғасырлар бойы тұрмыс- тіршілігін үндес, өмір танымын өзектес келеді...» - деп жазған.

Бұл есептер қазақ ауыз әдебиетінің өзінше бір ерекше жанры іспеттес.

Әдебиеттер мен зерттеулер қазақ халқының ауызша есептерін жүйлеуге, топтастыруға қадам жасалғанын көруге болады. Мәселен, «Қырық қазына» жинағында (ел аузынан жинап, құрастырған Ә.Доспамбетов) есептер мазмұнының ерекшеліктеріне қарай жүйеленіп, үш бөлімге топтастырылған:

«Тапқыр болсаң – талас жоқ» атты бөлімге логикалық ыңғайдағы есептер;

«Есептер көрінбей»

«Ойнасаң да ойлап тап» деген бөлімінде тұрмыстық салт – ғұрыптарынан туып, ойнақты күлкі, жарасты құрылған есептер берілген

Г.Н. Жолтаеваның зерттеуінде ұлттық мазмұнды есептер, әдістемелік көзқарас тұрғысынан дидактикалық мақсаттарына сәйкес төмендегідей топтарға бөлінген:

1. Танымдық есептер, яғни:

а) барлық балаларға шығаруға ұсынылатын оқу материалымен тығыз байланысты, «Әдеттегі» есептерге қарағанда желісі қызықты есептер;

ә) шарты бір қарағанда балаларға өте қиын сияқты, бірақ оны талдау нәтижесінде қиналмай шығаратын есептер.

2. Дамытушылық есептер, яғни шарты барлық балаларға хабарланатын, бірақ бәрі шығару міндетті емес күрделі есептер.

3. Қызықты есептер, яғни әзіл – есептер, ойын – есептер, т.с.с.

Казақ халқының ауызша есептерінің мазмұнын жетік оқып – үйрену және талдау, олардың ішінен бастауыш сыныпта математиканы оқытудың бағдарламалық талаптарына сай келетіндерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып балаларына есептердің көпшілігі арифметикалық амалдардың нәтижелерінің мәнін табуға («Тоғыз тараудағы кездесу», «Сабантойда», «Тапқыр таразышы», «Мал айырбастау», «Қайырымды аңшы», «Асық саны» т.б.) компоненттер мен нәтижелер арасындағы тәуелділікті тағайындауға («Құтты қызықтар», «Құсбегілер аманаты», «Тоғыз қаптары», «Ешкілі жігіт», «Зергердің бөлісі» т.с.) негізделеді. Бұл есептерді бастауыш сынып математикасының мазмұнындағы оқу материалына және оларды оқыту мақсатына сәйкес әр топтағы сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда пайдалана отырып, балалардың әр түрлі әрекеттерін (ұжымдық, топтық, дара) ұйымдастыруға болады.

Халықтық есептерді шығару жұмысын ұйымдастыруда бастауыш сынып математикасындағы есептерді шығару әдістемесін басшылыққа алу қажет.

Сондықтан мұндай есептермен жұмыс есептеу кезеңдері төмендегідей болады:

Есептің мазмұны бойынша жұмыс, яғни балаларға есеп мәтінін оқу, онда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру, сұрақтар қою арқылы есептің мазмұнын ашу, оның танымдық – тәрбиелік мәнін көрсету.

Есептің мәтінін талдау, яғни есептің математикалық мәтінін талдау, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындауға сұрақтар қою, есеп мазмұнын қысқаша жазу.

Есептің математикалық мазмұнының көрнекі моделін құрастыру (графикалық, схема т.б.).

Есептің шешімін жазу (өрнек, теңдеу т.б.).

Есеп сұрағына жауап беру және дұрыстығын тексеру.

Енді мысалдар келтірейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет