Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады


Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы сабақ үлгілері



бет14/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
этнопедагогика диплом - копия

2.2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы сабақ үлгілері
Енді осы казақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш сынып
мұғалімдері оқу процесіне кандай әдістеме аркылы ендірді, сабактың
мазмұндык, құрылымы немен жіктеледі, баланың жеке тұлғалык касиеттерін
қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасы материалдарының функционалдык
мүмкіндіктері қандай болды, нәтижесінде оқушылардың білім денгейінде
кандай өзгерістер байқалды, осыларды кейбір пән сабақтарының мазмұны
арқылы көрсетейік.

Оқушыларға қазақ этнопедагогикасы материалдарын меңгертуде
дүниетану пәнінің мүмкіндіктері мол. Осы пәнді жүргізуші С.Сабекова қазақ
этнопедагогикасы материалдарын Дүниетану пәнінің «Айналамен танысу»
және «Табиғаттану» бөлімдерінің
27 тақырыбына ендіруді ұсынады.

Тақырыптарда қарастырылып отырған қазақ ауызекі
поэтикалык шығармашылық үлгілері оқушылардың рухани жан дүниесіне
эмоционалдық әсер беріп, киялын ұшкырлайды, ұлттык сана-сезімін
оятып, көркемдік талғамын дамытуга септігін тигізеді. Окушыларды
өз ұлтының дәстүрлері мен ілімдерін зерделі оймен тағылым тұта білуге
үйретеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін С.Сабекованың бастауыш сыныпта
өткізген «Отбасы» атты сабак үлгісіне тоқталайық. Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Білімділік мақсаты: Отбасының адам өміріндегі рөлі, туыстык карым-
катынастың ерекше мәнін ашып көрсету. Отбасы тіршіліктің негізі екенін
ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту, дүние
танымын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Халықтық тәрбие негізінде ата-баба дәстүрлерін
қадірлеуге, ата-анасын, туыстарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қалыптан тыс сабак.

Көрнекілігі. «Мен өз туысыма кім боламын?» сызбасы, бала
тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туыстык карым-
қатынас жайлы мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

Сабақтың барысында «отбасы» ұғымына байланысты окушыларға
үйге тапсырма ретінде берілген мақал-мәтелдер мен өлеңдер еске түсірілді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру төмендегіше жүзеге асырылды:

1. Кіріспе әңгіме.

2.Оқушылардың жаңа тақырыптың мазмұны туралы пікір
алмасуы: «Отбасы» дегенді кім қалай түсінеді? «Туыс» деп кімдерді
айтамыз?

3.Оқушылармен отбасы, ондағы әр адамның рөлі, туыстык қарым-
қатынасы, оның адам өміріндегі мәні жөніндегі сұрақ-жауап түрінде әңгіме
өткізу:

- Сендерге ең жакын адам кім ?

- Жарық дуниедегі ең жақын адамның бірі — Әке.

- Әке туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?

- «Әке-асқар тау», «Әке көрген оқ жонар».

- Әкені неге асқар тауға теңеген?

- Ол баласы үшін барын аямайды, аялайды, тәрбиелейді, болашағына
бағыт-бағдар беріп отырады.

- Бәрімізге жарық дүние сыйлаған адам кім?

- Ана (туған шеше)-әрбір адамның жарык дүниесіндегі ең жакыны,
жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ак сүтін беріп аялаған, саған өмір
сыйлаған адам.

- Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

- «Ананың ақ сүтін ақтау - перзенттік парыз», «Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды».

1. Поэзия минуты: - ана және әке туралы өлең шумақтарын мәнерлеп
оқыту:

Ақ жарқын мейірімі мол әкелерім,

Сендерден мол өнеге ап келемін.

Бауырға бақыт сыйлап келесіңдер,

Келешек желкеніндей ақ кеменің.

Ана - жүрек, жүректі құрметте,

Ана - тірек, тіректі құрметте,

Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана - күнің, күніңе табынып өт.

1. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын төмендегі
сұрақтарға жауап іздестіру, кеңейту:

- Сенің отбасыңда тағы кімдер бар?

- Атам, апам, әжем бар.

- Әкенің әкесі кім ?

- Ата.

- Анаңның әкесі нағашы атаң, ал әкеңнің шешесі — сенің әжең сонда
нағашы деп кімді айтамыз?

- Нағашы деп шеше жағынан туысқан адамдарды айтамыз.

Сөздік жұмыс: қарындас, бауыр, жеңге, келін, кайнаға, қайын іні,
қайын сіңлі ұғымдарымен таныстыру: жігіттің жұбайы ата-анаға, жасы үлкен
ағайынға келін болады, жасы кішіге жеңге болады. Күйеуінің туыстары
әйеліне жасының үлкен-кішісіне карай ағайын аға, қайын іні, қайын сіңлі
болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет