Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет13/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
этнопедагогика диплом - копия

(толықтыру функциясы)

Оқытудың

II -сатысы



(бейімдеу функциясы)

Оқытудың

III -сатысы



(дамыту функциясы)

мақсаттары

1. Этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ақпараттар жинау

2. Этнопедагогикалық құбылыстардағы қарама-қайшылықтарды айқындау

3. ҚЭМ-ды пайдалануға байланысты әдістемелік даярлаудың қарама-қайшылықтарын айқындау


1.Этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ақпараттарды ой елегінен өткізу

2. Мұғалімдерді этнопедагогикалық білімдерге бейімдеу

3. ҚЭМ негізінде қарым-қатынас жасау үшін жағдайлар тудыру


1. Жекедербес этнопсихологиялық көзқарас қалыптастыру

2. ҚЭМ-ды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты өзінің дербес тәжірибиесін қалыптастыру

3. Мұғалімнің ҚЭМ бойынша өзін-өзі дамытудағы іс-әрекетін ой елегінен өткізу үшін жағдай жасау


Формалары

Лекция, әңгімелесу, кеңес беру, өздігімен білімін жетілдіру, т.б

Өзінің сабағында сабақ, лабораториялық- практикалық семинарлар, арнайы курстар өткізу, т.б

Өздігімен дербес білім алу, ғылыми практикалық конференциялар, курстық жұмыстар, рефереттар. т.б

Әдістері

-ақпараттық

лекциялар

-проблемалық

лекциялар

(теорияларды, әр

түрлі бағыттарды

талдау)

- кинолекция (алдын-

ала қойылған

сұрақтар бойынша,

соңында ұсынылған

жоспар бойынша

талдау жасау

- этноәдебиеттерді

зерттеу

- кестелермен,

диаграммалармен

жұмыс жасау. т. б




- практикалық

тренинг

- іскерлік ойындар

- трек үлгілерін жасау

- мұғалімдердің өзара

бір-бірінің өздігімен

білім көтеруіне

талдау жасау

- құжаттарды зерттеу

әдісі


-этнопедагогикалық

проблемаларды қоя

білу әдісі т.б


- курстық жұмысты

қорғау


- дөңгелек үстел

- диспут


- пресс

конференция

- нақты қойылған

педагогикалық

әдістемелік

міндеттерді шешу

- мектеп

құжаттарын жасау

әдісі

- үлгілеу



- пікір жазу, т.б

Біз әдістемелік жұмысты оқу –тәрбие үрдісін ғылыми басқарудың құралы тұрғысында түсіне отырып; әдістемелік жұмыстың мазмұны мектептің белгілі кезеңдегі іс-әрекеттерін шешетін міндеттерімен айқындалуы керек, сондықтан ол сабақ беру жағдайын, балалардың білім сапасын, іскерлігі мен тәрбиелігін талдау негізінде құрылады деп тұжырымдадық. Демек, мектептегі әдістемелік бірлестіктің жұмысын талдау оқушылардың пән сабақтары бойынша білім іскерліктеріне берілген таңдаудан, оқушылардың оларға деген көзқарасына тәрбиелік деңгейін де басталуы тиіс. [36]

Әдістемелік бірлестіктерге жасалған талдауда этнопедагогикалық үрдіске талдау жасалынбайтынын, жасалынса өте төмен дәрежеде берілетінін, оқушылардың білім, іскерлік деңгейінің төмендігін көрсетеді, яғни оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесі мұғалімнің кәсіби шеберлігі деңгейіне сай келмейді.

Сонымен, әдістеме бірлестіктің жұмысына немқұрайды жасалған талдау оның қандай проблеманы көтеріп отырғанын да, негізінде жолдардың шешімін қалай айқындағанын да саралап көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Әдістемелік бірлестіктің жоспарын зерделеу бірқатарының ғана жұмыс мазмұны міндеттеріне сай келетінін және кейбір мұғалімдердің ғана өз білімдері әдістемелік бірлестік жұмысына сай екенін көрсетеді.

Әдістемелік бірлестіктерде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты жүргізілетін жұмысқа жетекшілік әдістемесін мынадай бірізділікте беруге болады: жұмыстың көлемі мен нақты талаптарын жоспарды ұсыну; жетекшілерінің орындаушыларға әдістемелік тұрғыда түсінік беру; дайын жоспарды талдау; жоспар бойынша қорытынды кеңестер беру; орындалған жұмыстардың мұғалімдердің өз іс-әрекетіне берген талдауларын ескере отырып, кешенді талдау жасау;

Жетекшіліктің бұл құрылымының ерекшелігі болып оның төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге бағыттылығы, бірлестіктегі мұғалімдердің ұсыныстары мен сұранысына байланыстылығы саналады.

Мұғалімнің білімі, іскерлік, дағдысы әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі мазмұнын құрайтындықтан, шығармашылық іс-әрекет тәжірбиесін меңгеруге бір қатар мектептерде әлі де аз мән беретінін аңғаруға болады, әйтсе де соңғы жылдары білімді демократияландыру жайында бұның дамуы біраз белсендірілді.

Жоғарыда көрсетілгендей, әдістемелік бірлестіктің этнопедагогикалық жұмыс мазмұнының тәрбиелік бағыттылығы оқушының тұлғалық дамуында маңызды орны алады, әйтсе де мұнда жүйесіздік те жоқ емес. Бұл, әрине оқу пәнінің тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін айқындауға қиыншылықпен байланысты.

Ұйымдастырудың негізгі формалары лекция, семинарлар, өзара сабаққа қатынасу, т.б. кең тараған әдістер жұмыс нәтижесін зерделеу, тәжірибиені дәріптеу, мұғалімдердің шығармашылық есебін талдау, озық мұғалімдерге конкурс жариялау, т.б. болып табылады.

Осы ретте мұғалімдердің пікірін білу ниетімен оларға «әдістемелік бірлестіктің жұмыс формалары мен әдістері сіздің көңіліңізден шыға ма?» деген сауал қоюға болады. Жауаптары:, «Ия», «жақсы білмеймін», «білмеймін» сияқты болып келеді.

Әдістемелік бірлестіктегі ең қиын міндеттің бірі-шығармашылық педагогикалық ұжым құру. Бұны жүзеге асыру үшін әдістемелік жұмыстарды дұрыс жолға қою керек, бұл іс –әрекетті дамытуға жағдайлар жасау, мұғалімнің өзіне тән шығармашылық қабілетін дер кезінде дамыту, өз күшіне сенімін арттыру, қызметтес достарының сенімінен шығып олардың тарапынан жоғарғы бағаға ие болуға көмектесу, бір тақырып аясына бірнеше мұғалімдерді шоғырландыра білу, мұғалімдердің шығармашылық ізденісін қолайлы білу, т.б міндеттерді қамтиды.

Мектептегі әдістемелік бірлестікті басқарудағы ең бір олқы жері олардың іс-әрекетін бақылаудың, әсіресе осы іс-әрекет нәтижесінің теориялық пен практикалық өзара байланыстылығын проблемалық міндеттері мен мазмұнының, жұмыс формалары мен әдістемелік өзара байланысын; әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында белгіленген мәселелердің орындалу деңгейін (көбінесе 65-85 пайызға дейін) қамтамасыз ету болып саналады.

Ал енді мұғалімдердің қазақ этнопедагогикасы саласынан білім, іскерлік, дағды деңгейінде төмендегі есеп неде дегенге келетін болсақ, көптеген мұғалімдерді қазақ этнопедагогикасы саласынан өздерінің мүмкіндіктерін пайдалануда, өзінің даму деңгейін жетілдіруде мынадай факторлардың: атқаратын жұмыстың көптігі, орынсыз есеп берушілік, мағынасыз өтілетін кеңестер, әлеуметтік жағдайлар, тұрмысының сүреңсіздігі, ең бастысы қызметтес мұғалімдермен мектеп басшылары тарапынан шектеулі қамқорлық жасалуы т.б. кедергі келтіретінін атауға болады. Бұның бәрі директор орынбасарының атқаратын тікелей міндеттері болғандықтан, оның жоспарында қарастырылып, шешімі іздестірілуі керек. [37]

Әрине, мұғалімдердің өздігімен дамып, жетілуіне сыртқы факторлар ғана (қызметтестеріме қатынасы, мұғалімдердің әдістемелік жұмысқа араласуы, жаңашыл тәрбиесі, жетекшілердің көмегі мен берген бағасы. т. б) ықпал етпейді, ішкі факторлардың да (мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті, педагогикалық іс-әрекеттің алғашқы жемісі, қуанышы, өзінің принциптері мен көзқарасы, кәсіби іс-әрекетіндегі шығармашылық еркіндігі) әсері мол.

Мектептегі әдістемелік жұмыс нәтижесінің алғы шарттарының бірі болып ұжымдық, топтық және дербес жұмыс формаларының үйлесімділігі саналады. Олардың өзегі өздігімен білімін жетілдіру құрайды. Өйткені, тек өздігімен білімін көтеру ғана мұғалімнің ең жоғарғы деңгейге көтерілуіне, әріптестерімен бірігіп қызмет етуге, өзінің қадірін сезіне білуге көмектеседі.

Бүкіл педагогикалық жүйенің біртұтас мақсаттылығын оның жұмысының үзіліссіздігінің, сабақтастығының, оңтайлығының нәтижесінің қажетті шарты болып саналады, мақсаты саралап құру әрқашан бәрін ортақ, ұжымдық іс болған және әр түрлі тәжірибесін құрастыруды көздеген.

Бұл арада кейбір қарама-қайшылықтардың кездесетінін де атап өткен жөн, өйткені әдістемелік бірлестік жұмысы мұғалімнің де, мектеп жетекшісінің де өткендегі тәжірибиесін және іс-әрекетін тірек етеді.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс мазмұны, формалары мен әдістері олардың алдына қойған проблеманы жүзеге асыруға бағытталған және осы бірлестіктегі мұғалімнің өздігімен білімін жетілдліруге байланысты.

Мұндай өзара байланыс мұғалімдердің өздігімен білім көтеруіне, ғылыми-әдістемелік жұмысына жағдайлар жасап отыратын озық тәжірибелі педагогикалық ұжымдарда ғана болады.

Әдістемелік жұмыстағы немқұрайлық ұжымдық, топтық, дербес әдістемелік жұмыс формасы үшін мақсат пен міндеттерді айқындаудан басталады. Мақсат бүкіл ұжымның алдында, топтың алдына әр бір мүшенің алдына қойылады, ал көптеген мектептерде солардың арасында өзара байланыс бола бермейді.

Әдістемелік бірлестіктерде атқарылатын ең ұтымды жұмыстың бірі-озық тәжірибелерді дәріптеу. Мұны жүзеге асыруда оқу ісінің меңгерушісінің рөлі зор.

Дидактикалық негізгі білімдерін, тәрбие теориясы мен психологияны практикада меңгерген жас мұғалімдердің өздігімен жасайтын іс-әрекеттерін ынталандыру әдістемелік бірлестіктің міндеттерінің бірі.

Мұғалімдердің өздігімен білімін дамыту бақылау функциясын пайдалануға болады. Оның мазмұнын таза бақылау тұрғысында қарастырмай керісінше оны мұғалімдердің дербес жұмысының нәтижелігін арттыруға көмек беру мақсатында мектептің әдістемелік бірлестігімен әдістемелік кабинеттің жұмысына бақылау жасау мақсатында қарастыруға болады. Ол үші мектептің әдістемелік кабинетінің қабырғасындағы мұғалімдердің аты-жөні және өздігімен дербес білімін көтеру тақырыптары жазылған конверттер ілінуі тиіс.

Қызметтес мұғалімде, мектеп жетекшілері, кітапханашылар бұл конверттерге, проблема бойынша мақалаларға ұсыныс берген карточкаларын салып қоюына болады. Бұл, біріншіден, өздігімен дербес білімін дамытып жүрген мұғалімдерге өте үлкен көмек етсе, екіншіден басқа мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне түрткі болады.

Мұғалімдердің өздігімен білім дамытуда басшылардың іс-әрекетіне және мұғалімдердің дербес жұмыстарына көмек беру мақсатында ұйымдастырылған жұмысқа бағыт беру үлкен рөл атқарады.

Педагогикалық іс-әрекеттің белгілі бір аясында кейбір мұғалімдердің қиналысын жою мақсатында және басқа мұғалімдердің тәжірибесін дәріптеуде әдістемелік бірлестіктің жетекшісі жас және тәжірибелі мұғалімнің дербес жұмысын бағдарлап отырады, озық тәжірибе мектебін ұйымдастырады.

Мұғалімдердің өздігінен білімін дамытуда оқу ісінің меңгерушісі талдауының да мұғалімдердің өздерінің дербес жұмыстарына берген талдауларының мәні ерекше. Кезінде талдаушылық функциясының маңыздылығын В. А. Сухомлинский ерекше атап өткен. Оның пайымдауынша, «педагогика жетекшіліктегі құпия сырдың бірі мұғалімдердің ізденіске, өз жұмысын талдауға қызығұшылығын ояту. Кім де кім өзінің сабағында, оқушылар мен қарым-қатынасында жақсы мен жаманды айыра білуге талпынса, ол жартылай табысқа жетеді».

Оқу тәрбие жұмысының жағдайын зерттеп отырып әдістемелік бірлестіктің жетекшісі тұжырым жасайды, себептерді талдайды, жалпылама мақсат құрады, әр мұғалімдерге міндеттер тағайындалады.

Осы міндеттерді айқындауда жетекші бір мұғалімнің жұмысын терең зерттеп, оған педагогикалық іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтарын саралай білуге, жағымды жағын жаңа нұсқада бекітіп, дамытуда қажетті жолды таба білуге көмектеседі.

Мұғалімдердің өздігімен білімін дамытудағы жұмысының тиімділігін мына өлшемдер арқылы анықталады: мұғалімнің кәсіби білімдері мен іскерліктері деңгейін көтеру, мұғалімнің этнопедагогикалық тәжірибесін қалыптастыру, оқу үрдісінің нәтижелерін көтеру, жетекші мақсаттардың баланың тұлғалық дамуына бағыттау, мұғалімнің қабілетін өзара іс-әрекет және оқушымен бірігіп қызмет жасау деп түсіну.

Сонымен жетекшілер мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жүйесінде өздігімен білімді дамыту мәселесінің маңыздылығын мойындай отырып, оны ұйымдастыру барысында кездесетін қырсыздықты да көрсете кетеді.

Мұғалімнің жеке дербес жұмысындағы жетекшіліктің басты сипаты мұғалім мен оқу ісі меңгерушісінің бір- біріне сенімді қарым- қатынасы біріккен шығармашылық іс-әрекеті, өзара жұмыс және сыйластығы т. б. айқындалады. Мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінің мұндай іс- әрекеті оларды ғылыми еңбекпен танымға шынайы белсенділік пен жеке тұлға тұрғысында араласуында мүмкіндік тудырады.[39]

Жоспарлардың мазмұны қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануда мұғалімдердің көпшілікке белгілі дәстүрімен шектелетінін байқатады. Атап айтсақ, жеті атасын білу, шілдехана, тұсау кесу, үйлену дәстүрлері, ұлттық ойындар, күйшілердің өмірі, наурыз мерекесінен әрі аспайды. Кейбір іс- шаралардың тақырыптары жоспарларда нақты айқындалмаған, жаңа бағыт байқалмайды. Тәрбие шаралары көпшілікке танымал әдеби- музыкалық кеш (сабақ, кездесу, әңгімелесу) түрінде өткізіледі. Тақырып аттары жұмыс түрлерінде де, бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда да өзгеріссіз қайталана береді. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле бермейді, мәселен әңгімелесудің оқушы тәрбиесінде маңызы қаншама жоғары болғанымен, төменгі сынып оқушыларын онымен шектеуге болмайды, оларды керісінше практикалық іс- әрекеттерге тікелей араластырған жөн. Балалардың ұнатып қарастырылатын үйірме жұмысы 2- 3 жоспарда ғана көрініс тапқан. Үйірме тақырыптары да ( «Бал бұлақ», «Жас суретші», «Тірі бұрыш») олардың оқушыларды халықтың дәстүрлі өнері мен мәдениетіне баулымайтынын айғақтайды.



Жұмыс формаларының әртүрлілігіне қарамастан, болашақ мұғалімдер мен мектептің жас мұғалімдері халықтың дәстүрлі өнері арқылы тәрбиелеуде кешенді көзқарасты қамтамасыз ете алмайтын бір реттік іс- шараны тыңдайтынын атап өту керек. Егер озық тәжірибеде мұғалімдердің оқушыларды жүйелі жұмысқа баулуға талпынысы айқындалса, сауалнаманың бұл түрі оған қатысқандардың көбінесе жұмыстың ауызша формасына мән беретінін көрсетті. Шындығына келсек, ауызша жұмыс формаларын (әңгімелесу, кездесу, пікір алысу) оқушылардың шығармашылығымен оңтайлы үйлесімділігінде ғана ұлттық мәдениет пен өнер туралы кеңірек мағлұмат беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет