Сабақтың тақырыбы: «Айналамызды қандай заттар коршап тұр?» деген сұрақ төңірегінде де баяндалады.
Ағаш, өсімдік, тау, тас, жануарлар, бір сөзбен айтканда айналамыздағы қоршаған заттардың бәрін табиғат дейміз. Табиғатта сендер білмейтін қызықтар өте көп. Табиғатты түсіну үшін бақылаудың, тәжірибе жасаудың, күнделік жазып жүрудің маңызы зор. Адам баласының тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан оны қорғап, аялап, күте білу керек.
«Ертеректе қазақ халқы қандай жағдайда өмір сүрген? олардың тіршілік ету көзі қандай болған?» десек, адам баласы өзіне қажетті табиғат байлығын қолдана білгенін көреміз. Айталық, ата-бабаларымыздың тіршлік тірегі төрт түлік мал болғандықтан, табиғаттың қатаң жағдайында көшіп-қонып жүріп, өзінің шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізе білген. Өмір сүрген ортасын көзінің қарашығындай аялап, ардақтаған. Соған байланысты даналық ой қорытып, ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіп отырған. Мысалы,«Көкті жұлма, көктей соласың», «Бағбан болсаң, бак өсір, балама деп тағы өсір», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Мың шыбық шаншып өсірсең-
халқыңа орман салғанын, халқына орман салғаның, өзіңе корған салғаның»,«Жері байдың-елі бай», «Күте білсең, жер жомарт» сияқты даналықұғымдаросыны білдіреді. Ерте кездерде табиғат құбылыстарын «киелі», «қасиетті», оларды жоюға, құртуға болмайды депсанаған. Өздері қастерлегенжерлерді «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп қорғап отырған. Жұтатын ауа, ішетін су, мекендеген жер, байлық - ортақ. Сондықтан да ата-бабаларымыз ұрпақтарын табиғатты аялауға, сүюге, қорғай білуге тәрбиелейді.
Көне шығыс поэзиясында табиғаттың адам өміріндегі маңызы адамның табиғатпен қарым - қатынасы жайында ой тұжырымдалған:
Досыңа егер жеткізсең жалғыз балық,
Ол досыңа көп болса бір күн талшық,
Егер оған үйретсең балық ұстау,
Өмір бақи аштықтан еш тарықпау,
Егерде сен болашақ ғұмырыңда
Өлшер болсаң бір жылмен,
Онда жерге астық ек.
Егерде сен ойласаң он жылыңды
Ағаш өсір.
Табиғат-менің, өз үшін тақырыбындағы жайлы өлеңдерімен аяқталады:
Егерде сен ойласаң жүз жылыңды,
Халқынды үйрет.
Егерде сен бір рет астық ексең,
Онда аларың бір өнім.
Егер сен өсірсең бір ағашты,
Онда өнімнің он есе.
Егерде сен халқынның көзін ашсаң,
Онда аларың жүз өнім.
Сабақ қазақ ақындарының табиғат
Табиғат, әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіне,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
(Ж.Жабаев).
Мен сүйем еркін таудың құсын,
Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын,
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
(С.Сейфуллин).
Сабақтарда пайдаланылған ауыз әдебиеті үлгілері оқушыларға адам,
табиғат, қоғам құбылыстарын түсіндіруге, дүниеге біртұтас көзкарастарын қалыптастыруға, жеке тұлгалық, касиеттерін дамытута бағытталады. Фольклор туындыларымен таныстыру оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға деген құлшынысын оятып, әстетикалық талғамын тәрбиелейді, сонымен бірге баланың өзі қоршаған орта шындығын көркем сөзбенсуреттеп жеткізе алу дағдысын шыңдайды. Ана тілінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыруда ұлттың мәдениеттінің шеңбері мен шектелмей, өзге халықтардың шығармашылық ой-қиялының арман-мақсатының жемісі болып табылатын әдеби туындыларды оқытып-білудің де маңызы зор.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын математика сабағында пайдалану үлгілерін келтіреміз.
Мүғалім қазақ, этнопедагогикасы материалдарын математика пәнінің
ерекшеліктеріне сәйкес сабақ тақырыбымен табиғи байланыста қолдануда
айтарлықтай тәжірибе жинақталады. Мысалы, ол 2-ші сыныптағы «Масса,килограмм» тақырыбын өткенде оқушыларға шама, өлшем бірліктеріұғымытуралы түсінік беруде таразының кіртастарымен (1 кг, 2 кг,5кг,10кг)біргеқосымша материалретінде қазақ халқының қарапайым өлшеуәдістерінпайдаланады. Балаға ұғынықты болу үшін мұғалім халықтықұғымдарды(ұзындық: «бір сүйем», «бір қарыс», «бір кұлаш», «қозыкөш», «бірұрттам", «бір елі", «екі елі»; уақыт: «сәске, «түс», «ымырт», «биесауым», «сүтпісірім»; салмақ»; «бір шөкім», «бір уыс», «қос уыс», «бірұрттам», «бірарқа», «тай тұяқ», «ат басындай алтын», «бір пұт», «біркадак»; «аудан»; «үй орнындай», «аядай») қолдана отырып, шама, өлшем бірліктерін заттарды түріне, формаларына, өлшеміне, көлеміне,ауданына карай салыстыру, теңестіру тәсілі арқылы меңгертеді. Халықтык байырғы өлшем бірліктерін (шымшым—ұсақ, затты бас бармақ және сұқ саусақпен кысып алғандағы өлшем шөкім - үш саусақтың ұшымен кысып алғандағы өлшем; бір уыс қол саусақтарын жымдастыра бүгіп алғандағы өлшем; қос уыс қол саусақтарын бірге жымдастыра бүгіп алғандағы өлшемін егізге алу, оларды қазіргі бірліктерімен салыстырмалы түрде қолдану оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Олардың сенсорлық сфераларының танымдық процестерінің дамуына ықпал етеді. Бұған мына бір сабақ үлгісі мысал бола алады.
Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Метр.
Білімділік мақсаты:Ұзындықты өлшеу түрлері жайлы түсінік
қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды кеңістіктегі заттардың
ұзындық тамыларын ажырата білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін
дамыту, қарапайым есеп жүргізу тәсілдерін оқып, білуге қызығушылықтарынтудыру.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың бойында халықтың асыл
қазыналарына деген аялы көзқарастарын қалыптастырып, оларды ата-
бабасының тарихын білуге талпындыру.
Сабактың түрін баяндау, сұрақ-жауап.
Достарыңызбен бөлісу: |