Яғни қысқа заттардың ұзындығы мен енін сантиметрмен, ал ұзын
заттарды дециметрмен өлшеу тиімді. Мәселен, партаның, үстелдің ұзындығымен енін сантиметрмен немесе дециметрмен өлшеген тиімсіз. Себебібұлзаттардың ұзындығын өлшегенде 1см 100 рет, ал дециметр 10 ретсалынукерек. Ендеше, партаның,үстелдің ұзындығын, енін өлшеуде ұзындыктыңжаңа өлшем бірлігі - метрмен танысасыңдар.
Метрлік сызғыштың көмегімен сыныптың, тақтаның, дәліздің
ұзындығын және енін өлшеу керек. Метрлік сызғышты пайдаланғанда метргесәл жетпесе немесе метрден сәл асып кетсе, дециметрді немесе сантиметрдіпайдалануға тура келеді. Яғни:
1дм=10см
1м=10дм
1м = 100 см
Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын сызғыш, метр болмаған.
Сондықтан заттарды кез-келген, саусақ мөлшерімен дәл өлшем
отырған. Ата-бабаларымыздың ұғым-түсінігінен туған ортақ өлшеуіштергежалпы халық сенген және түсінген. Мысалы: Бес саусақты қалай атаған? Басбармақ, сұқ, саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. Міне, олар саусақты өлшем бірлігі ретінде пайдаланған. Қазақша ұзындык, өлшемдері елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, қарыс, тұтам депаталған. Қазақша ұзындык өлшемдерге тоқталайық. Сүйем — бас бармақ пен сұқ, саусактың буыны бүгіліп барып белгіленген өлшем. Қарыс-басбармақпен шынашақ аралығы. Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық.
Сабақты бекіту үшін берілетін халық есептері:
а) Үлкендер суыған сүттің бетіндегі қаймақтан 1 елі қаймақ түсті дейді, ал математикада ұзындык өлшемі бойынша 1 см қаймақ жиналды деу керек.
ә) Шегіртке түзу бойымен қатты және жай ыршиды. Қатты ыршыса үшелі жерге, ал жай ыршыса екі елі жерге түссді (өздеріне өлшеп көрсету).
Екі есеп те шығарылып болған соң, олардың шарттары, сұрақтары,
шешулері, жауаптары салыстырылады. Сұрақтарына жауап беріледі.