Қалпына келетін ресурстар – биосфера шегінде айналымда болатын заттар және өзінен-өзі қалпына келетін барлық табиғи ресурстар (көбейту немесе табиғи циклдер арқылы): адамның шаруашылық іс-әрекетіне қарай өсімдік, көлдердегі су қалпына келетін ресурстар, ал топырақ, көмір, мұнай, басқа да минералдық байлықтар – қалпына келмейтін ресурстар болып саналады.
Қалпына келмейтін ресурстар – табиғи ресурстардың бір бөлігі, қазірде, болашақта да оларды басқалармен алмастыруға болмайды (мысалы, тірі табиғат, адамдардың өмір сүру жағдайы, т.б.).
Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Қоршаған ортаны кәсіпорындардың зиянды ықпалынан қорғаудың ең тиімді тәсіліне шығыны аз және шығынсыз технологияға өту, ал ауыл шаруашылығы жағдайында арамшөптер мен бүлдіргіштермен күресу кезінде биологиялық тәсілдерге көшу. Бұл әрине күрделі технологиялық, конструкторлық және экономикалық міндеттер кешенін қолдануға мәжбүр етеді. Өндірісті эколизациялау келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс: технологиялық процестерді жетілдіру және қоршаған ортаға зиянды қалдықтар мен қоспалардеңгейін азайтатын жаңа жабдықтарды ойлап табу; барлық өндірістік өнімдер мен өнеркәсіптерді экологиялық сараптама жасауды енгізу; зиянды, улы және пайдалануға келмейтін қалдықтарды ауыстыру; қоршаған ортаны қорғау шаралары мен әдістерін қосымша әдістерді енгізу.
Қоршаған ортаны қорғаудың қосымша тәсіліне тазалау жабдықтарын қолдану жатады, олар: газ лақтырылыстарын, ақаба суларды тазалау жүйелері мен аппараттары, газды қоршаған ортаға лақтыру кезінде дауысты азайтатын аппараттар. Осы келтірілген шаралар қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтып, табиғи ресурстарды толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету ғылымның әртүрлі облысында және техникалар саласында жұмыс істеп жүрген мамандар шешуі тиіс жалпы міндеттер болып табылады.
Табиғат қорғау құқығы – табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің, талаптардың жиынтығы.
Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.
Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар
Табиғатты тиімді пайдалану – бұл әлеуметтік процестерден ажырамайтын тарихи және диалектикалық процесс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, экономикалық дамудың барлық факторлары – еңбек ресурстары, өндіріс құралдары қоршаған табиғи ортаны қоғам өндірісін дамытуға бағындырылады. Сұраныстың бірте-бірте артуы табиғи ресурстарды кең түрде пайдалануға әкеліп соқтырады. Мұның өзі олардың бір мезгілде жұтаң тартуына, өндірістік қалдықтардың көбейе түсуіне, сөйтіп қоршаған табиғи ортаны ластауға себепкер болады. Осыған орай, екі мәселе туындайды:
Біріншісі, табиғи ресурстардың қажеттілігі қаншалықты көп болғанымен оларды пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау, тапшы ресурстардың бір түрін тапшылығы азырақ басқа түрлерімен ауыстыру, қалдықсыз өндірісті дамыту, шикізаттарды екінші қайтара пайдалану.
Екіншісі, қоршаған табиғи ортаның жағдайын үнемі қадағалап, ластағыш заттар түрлерін анықтау, соның негізінде оларды мүлдем қысқарту немесе тоқтатып тастау шараларын қарастыру.
Табиғи ресурстарды шаруашылық тұрғысынан үнемді пайдалану міндетінің барлығы бірінші кезекте қоршаған табиғи ортаны мүмкіндігінше сақтау, жаңа технологияны жетілдіру және зиянды заттарды азайту, олардың зиянды қалдықтарын тазарту, өңдеу жұмыстарымен ұштастырыла жүргізілуі тиіс.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағытына аз қалдықты және қалдықсыз технологияны ойлап табу және пайдалану жатады. Тіпті табиғи айналымдық процестердің өзі де қалдықсыз жүрмейді. Қалдығы аз және қалдықсыз технологиялық процестер және жүйелер табиғатта болып жатқан процестердің табиғи жүрісін бұзбау үшін жүргізілуі тиіс.
Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде жаңа кәсіпорындар салуға әуестенбей, ескілерді жөндеп, жаңа технологияға көшіп, зиянды қалдықтарды тазалайтын қондырғылар қоюмен айналысқан жөн.
Өндіріс мәдениетін көтеру, қызметкерлердің мамандығы мен білімін арттыру арқылы кәсіпорынның қоршаған ортаға зиянының төрттен бір бөлегін кемітуге болады.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін альтернативті энергия көздерін қолданған дұрыс.Ол үшін келесідей шаралар ұйымдастырылуы тиіс:
1.Табиғат байлықтарын алмастыратын заттар іздестіру қажет.
Мысалы, бізде тас көмір қорлары мұнай мен газдан көп. Егер мұнай мен газды отын ретінде пайдалана берсек, олар тез таусылады. Сондықтан отын орнына көмір мен қатар жер асты жылуын, күн сәулесі энергиясын, желдің қуатын пайдалануға көшіп, мұнай мен газды химиялық шикізат ретінде жұмсау керек.
Машиналар жасауға қажетті болатты, шойынды, қаңылтырды пластмассамен алмастыру олардың бағасын арзандатуға, салмағын азайтуға көмектеседі.
Техникалық қажеттерге қой жүні орнына химиялық талшықтар пайдалану 3 есе арзанға түседі. Ағаш ұнтақтарынан үй жиһаздарын шығарып ағаш ресурстарын үнемдеуге болады.
Қоры аз табиғат байлықтарын таусылмайтын энергия және зат түрлерімен ауыстыру қоршаған ортаға түсетін салмақты жеңілдетіп, табиғатты бір қалыпта сақтауға жасаған қамқорлық болып табылады.
2. Ғылыми техникалық жаңалықтарға сын көзімен қарап, экологиялық дұрыс баға беру қажет.
Ғылыми-техникалық жаңалықтар туралы сөз болғанда олардың пайдалы жақтарын көбірек айтып, көлеңке жақтарын елемеуге, азайтып көрсетуге тырысушылық бар.
Жаңа техника шығарғанда оның қуаты мен жүріс жылдамдығына, жанар-жағар май жұмсау мөлшеріне ғана қызықпай, экологиялық талаптарға да сай болуын ойлау керек. Өкінішке орай, біздегі ғылым сала бойынша құрылса, техниканы жобалау мен шығару да салалық негізінде ұйымдастырылған.
3. Экологиялық жүйеден алуға болатын табиғат байлықтарының түрлері мен мөлшерін анықтау қажет.
Әрбір экологиялық жүйенің адамдардың іс-әрекеті зардабына төзімділігіне, табиғат байлықтарының қорын ескере отырып, олардан алуға болатын табиғат байлықтарының мөлшерін білу өте қажет. Бұл мөлшер ортаға зиянсыз болып, оның азып-тозуына жол бермейтін болуы керек.
Ол үшін табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми теориялық негізін жасап, оның көрсеткіштерін көпшілік ұсыну дұрыс.
Біздің ойымызша осындай көрсеткіштер қатарына мыналарды жатқызуға болар еді:
- қоршаған ортадан табиғат байлықтарын алу мөлшері;
- қоршаған ортаның ластану шегі;
- қоршаған ортаның техника мен технологияның жиналу шегі;
Ғылыми мекемелер, жеке ғалымдар әрбір экологиялық жүйе, облыс, қала мен аудан ерекшеліктерін, қоршаған ортаның адамдардың іс-әрекетіне төзімділігін ескере отырып, қоршаған ортадан алуға болатын ресурстар мөлшерін, ортаның ластану шегін, қандай және қанша техника мен технология болу.