«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет37/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Қарастырылатын сұрақтар:
Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстары. Табиғи ресурстардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі.
Негізгі терминдер:
ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШ — жаратылысына немесе адам қолымен ежелден өзгертілген табиғи аумақ; ерекше қорғалатын телім ретінде ерекше ғылыми не мәдени, сондай-ақ әлеуметтік (көбіне жалпы дүниежүзілік) мән-маңызы болады. Т.е –тің аумағы, әдетте, әжептәуір болады, оларға ұлттық саябақтар, қорықтар және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтылады.
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР— қоғамныі материалдық және мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қолданылатын адамзатты қоршаған табиғи ортаның ең маңызды құрауыштары (жер, орман, жануарлар әлемінің ресурстары т.б.)Т.р. сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтын Т.р-ға күн энергиясы, жел, су толысуы,ағын су жатады. Сарқылатын Т.р. қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келетін Т.р-ға таза ауа, тұщы су,құнарлы топырақ, өсімдіктер мен жануарлар жатады.Қалпына келмейтін Т.р-ға қазынды отын, металдық минералды шикі заттар (темір, мыс т.б.), бейметалдық минералды шикізаттар (құм, саз, фофаттар т.б.)кіреді. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ЖІКТЕУ — 1) көздері және орналасуы бойынша жіктеледі.2)сарқылу жылдамдығы бойынша: тез — сарқылатын,баяу — сарқылмайтын; 3)өздігінен қалпына келу және енгізу мүмкіндігі брйынша; қалпына келетін және қалпына келмейтін; 4) экономикалық орнын толтыру қарқыны бойынша; 5) бір ресурстарды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі бойынша; алмастыратын және алмастырмайтын.
Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Адам мен адамзат қоғамы өзара әсер етуі процесі кезінде қоршаған табиғи ортаның жағдайының қиындауы табиғатты тиімді пайдалануды және табиғатты қорғауды талап етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет