«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет46/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Негізгі терминдер:
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер:
- озон қабатының жұқаруы
-жылыжай эффектісі
-қышқыл жауындар
-әлемдік шөлдену
-әлемдік мұхиттың ластануы
Қоршаған ортаны бақылаудың халыаралық ұйымдары:
-Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)
-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ)
-Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС)
-Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы (МСОП)
-Әлемдік экологиялық мониторинг жүйесі (ГСМОС)
Әлемдік экологиялық мәселелер туралы халықаралық құжаттар:
-1987ж-МОНРЕАЛЬ Конвенциясы
-1990ж-КИОТО протоколы
-1992ж-РИО-де ЖАНЕЙРО декларациясы
-1992ж-РАМА конвенциясы
-1997ж-Тұрақты даму
Әлемдік жылынуды төмендету шаралары:
-Көмірқышқыл газы мөлшерін төмендету
-Озон қабатын бұзатын заттарды шығаруға тыйым салу
-Қалдықсыз технологияны енгізу
-Энергияның алудың экологиялық таза жолдарын пайдалану
-Сусыз технологияларды енгізу
-Ормандарды, жасыл-желектерді көбейту
-Экологиялық тәрбие мен білім беру.


Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Әлеуметтік – экологиялық дағдарыс зардабы ең бірінші болып халықтың денсаулығына (бала өлімі, жаңа туған балалардың дамуының жетіспеушілігі, ер адамдар ме әйелдердің жасына қарай өлімінің көбеюі, балалар мен үлкен адамдардың ауруларының көбеюі, онкологиялық аурулардың таралуы), шаруашылықтың тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық зиянға, тиімсіз экологиялық өзгерістерді жою немесе оларды болғызбауға жұмсалатын шығындардың көбеюіне, табиғи ресурстар мен генофонның жоғалуы немесе жойылуына, экологиялық себептерге байланысты жұмыссыздықтың көбеюіне, экологиялық жағдайға байланысты халықтың қоныс аударуына әкеліп соқтырады.
Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі Тарихшылар мен архитектурашылардың айтуы бойынша бұрынғы кезде жер бетінде адамдардың саны 1 млн., жер жырту дәуірінде10 млн адам болған екен. Ал біздің эрамызда олардың саны 250 млн. болса, 1650 жылы ол екі есеге өсір 500 млн., 1830 жылы оның саны 1 млрд.-қа жетті.XVII-XIX жылдары адам саны өсімінің аз болғаны байқалса, XX ғасырда әлемдегі адамдар саны 3,6 млрд., ал 2000 жылы – 6 млрд. адамды құрады.
Жыл сайын адамдар санының бұрынғы өсіммен салыстырғанда 2 %-ға өсуі тез қарқынмен жүріп жатқанын көрсетеді. Егер Жердің халқы барлық уақытта осы қарқынмен өсетін болса, онда қазіргі адам саны мөлшеріне жету үшін біздің эрамызға дейін 500-ші жылы адам жұбы пайда болса да жеткілікті болар еді. Шындығында адам Жерде біздің эрамызға дейінгі 500000 жыл бұрын пайда болды.Осыдан адамдардың өсу қарқынының жай жүргені байқалады.
Қазіргі уақытта адамдар санының өсу қарқынының өсу жылдамдығының төмендегені байқалады. Алайда өсу қарқыны осылай өзгермейтін болса, онда адамдар саны XXI ғасыр басында 10 млрд адамға жетеді. Ол кезде биоресурстардың осынша адамға толықтай жететініне ешкім сенім білдіре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет