Урбандалу проблемалары. Адамдардың демографиялық жарылысымен бір уақытта планета халқының урбандалу процесі жүреді.1880 жылы әлемде қалада тұратын халықтар саны 1,7 %-ы құраса, 1940 жылы – 13,1 %-ы, 1970 жылы - 37 %-ы, 1990 жылы - 42 %-ы құрады. Өндірістік дамыған елдерде дамыған елдерге қарағанда урьандалу процесі жоғары.
Урбандалу деп қоғам өмірінде қалалардың ролінің өсуі тарихи процеске айналуын айтады. Бұл қала өмірі образының таралуынан, ауылшаруашылық емес функциялардың қарқындауынан пайда болады.
Қала өмірінің экономикалық және әлеументтік тұрғыда жақсы екені анық. Урбандалу прроцесі көптеген сфералардағы өнімділіктің жоғарылауына әсер етеді, сонымен қатар қоғамның әлеументтік және мәдени проблемалары шешіледі. Қалаларда шаруашылық жоғарғы қарқынмен дамиды, олардың тұрғындарының басқа өмір сүру түрлеріне қарағанда білім алу мүмкіндігі, профессия таңдау мүмкіндіктері жоғарғы болады.
Кедейшілік және табыстық әділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары.Қазіргі кезде біздің планетамызда миллиондаған адамдар ашаршылықтан қырылып жатыр.
Әлемдегі елдер әдетте 3 негізгі экономикалық категорияға бөлінеді: жоғары дамыған (ұлттық пайдасы жоғары), бір қалыпты дамыған (ұлттық табысы орташа) және әлсіз дамыған (ұлттық табысы төмен).
Ұлттық табысы жоғары өндірістік елдерді (АҚШ, Япония, Батыс Европа елдері) әдетте дамыған елдер деп атайды. Ал бір қалыпты және әлсіз дамығандарды – дамып келе жатқан ел қатарына қосады.
Жоғары дамыған елдердегі адамдардың 10-15 %-ы ғана кедейлер қатарына жатады. Олар өздерін баспанамен, киіммен немесе тамақпен қамтамасыз ете алмайды, ал дамып келе жатырған елдердің 10 %-ы ғана байлар қатарына жатады.
Жоғары дамыған елдің орташа азаматында жайлы баспана, автокөлік, бірнеше телевизор және басқа да жағдайлары бар, жақсы тамақтанады. Үшінші әлем елдеріндегі көптеген адамдардың баспанасы, жейтін тамағы және басқа да жағдайлары жоқ. Егер жоғары дамыған елдердегі секілді егін деңгейін жоғары көтеретін болса, онда қолдағы бар ауылшаруашылығындағы жерлерді пайдалана отырып 10 млрд адамды тамақтауға болады.Бұл әрине техникалық тұрғыда шешуге болатын іс. Адамдардың тамақтану көзіне Дүниежүзілік мұхиттың тамақ ресурстарын пайдалануға да болады. Соңғы кезде тамақта пайдалы заттары көп деп зиянды жәндіктерді пайдалана бастады.
Тұрақты қоғамда өтірік бөлінуге орын жоқ. Кедейшілік екі себепке байланысты болмауы тиіс. Біріншіден, жоқшылық тұрақтылықты дамыта алмайды, дамытуы да мүмкін емес. Екіншіден, қоғам бұл кезде халықтың санын тұрақтандыра алмайды. Тұрақты қоғам моралдық және тәжірибелік себептерге байланысты барлық адамдар үшін материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуі тиіс.