Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір тірі. Халқы көп аудандар мен қалалар маңайында табиғи ортаны өзгертпей, бұрынғы қалпында ұстап тұру, ондағы жануарларды қорғауды ұйымдастыру өте қиын шаруа. Сондықтан мұндай жерлерде ерекше қорғауға алынған территориялар – қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық баулар, биосфералық қорықтар т.б. ұйымдастырылады.
Олардың ішнде Қорықтардың орны бөлек. Олар жер беті бейнесін ескере отырып, өте қымбат немесе сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау үшін құрылды. Онда ғылыми зерттеулер мен мәдени-ағарту жұмыстарды жүргізеді. Қорыққа бөлінген жерді әуелі қалпынан өзгертуге, шаруашылық қажеттерге ұлықсат етілмейді. Дүние жүзінде қорықтар ерте заманнан бар. 1541 жылы Польша және Литва княздары Беловек орманында зубрларды қорғайтын қорық ұйымдастырды.
Қорықтар жер көлемі жөнінен бірнеше гектардан (Ресейдің Липецк облысындағы Галигья гора) миллион гектарға (Таймыр қорығы) дейін болады.
Киік, бұлан, қабан, басқа да жануарлардың жоғалып кетпей, сақталуы қорықтардың арқасында болды. 20-шы жылдары олардың жойылып кету қаупі төнгенде қорықтар құрылып аман қалды.
Қазақстанда бірінші қорық (Ақсу-жабағылы) 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1934 жылы Қостанай облысында Науырзұм, 1939 жылы Арал Барсакелмес, 1968 жылы Ақмола облысында Қорғалжын, 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл, 1984 жылы Маңғыстау облысында Үстірт қорықтары құрылды. Олардың әр қайсысында жер көлемі 18300 гектардан 237 мың гектарға дейін, 1994 жылы қаңтар айында Қарағанды облысының Қазбек би ауданында Арқалық зоологиялық қорығы құрылды. Оның жер көлемі 30075 гектар. Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі, қасқыр, елік, үкі, бөдене, құр, ішінара арқар, сондай-ақ "қызыл кітапқа" енген қара құтан мен бүркіт кездеседі. Бұл табиғат байлықтары жоғалмай тұрған кезде қорғап, олардың өсіп-өнуіне жасалған қамқорлық болып табылады.
Қазақстанның жер беті бейнелерінің, табиғаты мен климатының ерекшеліктерін ескере отырып, қымбатты және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтау үшін қосымша 10-12 қорық ашуға болар еді.
Ұлттық парктер – табиғат қорғаудың бір түрі. Әр мемлекеттің табиғаты сұлу, көрікті жерлері, ерекше тарихи ескерткіштері, бағалы өсімдіктер мен жануарлар жайлаған, ақшаға сатылмайтын, халықтың мақтанышы болған жерлері бар. Осындай жерлерде ұлттық парктер ұйымдастырылып, олар мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Онда өндірістік немесе ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізілмейді. Табиғат қорғаумен қатар халықтың демалуына, туристер жүруге толық жағдай жасалады. Жер жүзінде қазір 170 ұлттық парктер бар. Олардың ішінде ең ірілері Гренландия ұлттық паркі, жер көлемі 7 миллион гектар, Ботсвандағы орталық Калахар резерваты -5,3 миллион гектар, Канададағы Вуд-Буфало -4,5 млн гектар, Монғолиядағы үлкен Гоби -4 млн гектар.
МСОП, ЮНЕП және ЮНЕСКО ынталарымен дүние жүзінде биосфералық қорықтар құрыла бастады. Қазір 46 елде 177 биосфералық қорық жұмыс істейді. Қарақұмда Репетек, Қырғыстан тауларында Сарышелек биосфералық қорықтары құрылды.
Бұл қорықтарда адамдардың іс-әрекетінен табиғи ортада болатын өзгерістерді, оған тиетін зиянды үнемі бақылап (мониторинг), арнаулы аспаптар мен өлшеп біліп отырады. Дағдылы қорықтардын бұлардың ерекшелігі мұнда шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынбайды, тек олардан болған зиянды зерттеп, тиісті қорытынды жасалады.
Ботаникалық бауларды ғылыми – зерттеу мекемелері ұйымдастырып, онда жаңа өсімдік түрлерін шығарумен, басқа жақтан әкелінген өсімдіктердің бейімделу, көндіру процесстерімен айналысады. Қазақстан ұлттық Академиясының Алматы, Қарағанды, Атырау, Форт-Шевченко т.б. қалаларында ботаникалық баулар мен дендрарийлері құрылған.