Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет57/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179
§ 40. ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, ж а л п ы

е с і м д е р деп аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, ар- ба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. Ал заттар мен заттық ұғымдарды жал- пылама түрде атайтын осындай жалпы есімдермен қа- 1 тар, белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын жал- қы зат есімдер де бар. Оларға кісі аттары (мысалы, Асңар, Арқалық, Ағыбай т. б.), үй хайуандарына бе- рілген арнаулы аттар (мысалы: Тайбуырыл, Теңбілкөк т. б.), өндіріс, мекеме, үйым аттары («Еңбек», «Қай- рат», «Турксиб» т. б.), газет, журнал, кітап аттары меі жеке шығармалардың аттары («Лениниііл жас», «Бота- гөз», «Серпер» т. б.), географиялық атаулар (мысалы Алатау, Каратау, Іле, Ертіс т. б.), қала, көше, алаң ат- тары (Алматы, Теміртау, Амангелді алаңы, Абай прос- пектісі т. б.) тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер' мағына жағынан белгілі бір үғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардағ ажырату үшін қойылған белгі — ат ретінде ғана жұмса- лады.

Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдер- Ді жалқы есімдер дейміз.

Сөйтіп, жалқы есімдер деп жалпы есімдерден ажы- *Рату үшін қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жа- 3У дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып

139




жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазы- лады.

Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен жалпы есім туа береді. Бірақ жалкы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Мысалы: Алатау, Ақтөбе, Қарағанды,
сияқты жер-су, мекен аттарын біл- діретін жалкы есімдер әуелгі жалпы есімдерден туған. Керісінше, ақтөбелік, қарағандылық, берсиевші, мичу- ришиі сияқты жалпы есімдер бастапкы жалқы есімдер- ден жасалған.

Жалқы есімдердің жалпы есімдер категориясына, жалпы есімдердің жалқы есімдер категориясына осылай көшуі сөздердің қызметтерінің, соған сәйкес, олардың мағыналарының, кейде тіпті формаларының өзгеруіне байланысты болады.

Сонымен бірге, кейбір сөздер жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де жұмсалады. Мысалы, күн, жер, ай деген сөздер астрономия ғылымында жалкы есім ре- тінде түсінілсе, күнделікті өмірде жай ғана жалпы есім ретінде жүмсалады.

Ішіндегі әр қилы үсақ топтарды сөз етпегенде, жал- қы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі — кісі аттары (ономастика), екін- шісі — географиялық атаулар (топонимика)., Жалқы есімдердің осы екі саласының екеуіне де ортак жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ға- на тән ерекше сипаттары да бар. Сол себептен де жал- қы есімнің бұл екі саласын тіл ғылымының арнаулы екі түрлі тарауы (ономастика және топонимика) алды-ал- дына тексеру объектісі етеді.

Кісі аттарына да, жер-су аттарына да, әдетте, көптік жалғау жалғанбайды. Егерде оған қосымша жалғана- тындай болса, ондай жалқы есімнің мәні я өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жамалады. Бірақ жер-су атауларынан да, сондай-ақ, жалқы есімдердің өзге топ- тарына да кісі аттарының ерекшеленетін кейбір грамма- тикалық айырмашылықтары бар. Мысалы, Ертіс жаға- сы. «Мәдениет және түрмыс» журналы дегендердегі жал- қы есімдер өздері анықтайтын сөздерге ілік формасы (жалғаудың түсу я түспеуі шарт емес) арқылы тіркес- се, кісі аттары өзі анықтайтын сөздерге ілік септік фор- масы аркылы да (Бейсеннің баласы, Асанның Үсені т. б.) атау түрде де тіркесе береді (мысалы: Қажымүқан

140

балуан, Тарғын батыр, Байжан үста т. б.). Сонымен қа- тар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилия- сы бірін-бірі анықтаумен қатар, бәрі қүралып бір күрделі есім де бола береді. Мысалы: Әміре Қа-

шаубайұлы, Қудайберген Қуанұлы Жұбанов, Мүхтар Омарханүлы Әуезоз т. б. Жалқы есімдердің өзге топ- тарынан кісі аттарының ерекшеленетін тағы бір айыр- машылығы — адам аттарына тән рең категориясы. Kiel аттары калыптағыша атау күйінде қолданылумен қа- тар, сыйлау, күрметтеу, еркелету, кішірейту мәнін білдіру үшін, атау формасына арнаулы қосымша жал- ғанып та жұмсалады. Мысалы: Сәбден, Қали деген ат- тарды кұрметтегенде, сыйлағанда я үлкен тұтып ата- ғанда, Сдбе, Қалеке деп атауға болады да, Әли, Сәуле деген аттарды еркелете, кішірейте сөйлегенде, Әлкен, Сәулеіи деп атауға болады. Рас, кейбір жалпы есімдерді де осылай колдануға болады (мысалы: қулыніиақ іні- іиек, балақай, ботақан, көкеіиім т. б.). Бірак жалқы есімдер мен адам аттарындағы бүл категорияның се- мантикалары да, қолданылу өрістері де бірдей емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет