Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал



Pdf көрінісі
бет104/127
Дата26.03.2022
өлшемі2,67 Mb.
#28855
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 


314 
 
Бастауыш мектеп 
 
 
Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып 
пікір  айтылған  жоқ.  Петерборда  болатын  мұсылман  кеңесінде  мектеп 
мәселелері  қаралмақшы,  оған  қазақтан  баратын  адамдар  қазаққа  қандай 
мектеп  керек  екендігін  біліп  барарға  тиіс.  Сондықтан  «Қазақ»  өз  пікірін 
айтып,  жұрт  құлағына  салмақшы.  Осы  кезде  қазақ  балалары  оқуды  екі 
түрлі  бастап  жүр.  Біреулері  оқуды  ауылдағы  мектептен  бастайды, 
екіншілері  ел  ішіндегі  орыс  школасынан  бастайды,  Солай  болған  соң, 
қазақтың  қазіргі  бастауыш  мектептері  осылар  дейміз.  Қазақ  бастауыш 
мектебі  қандай  болу  керек  деген  мәселені  шешерден  бұрын,  осы  күнгі 
тұтынып  отырған  бастауыш  мектептердің  жарамды,  жарамсыздығын 
тексеріп, сонан соң керек мектебіне түрлі болу жайын сөйлеу тиіс.  
 
Әуелі  ауыл  мектебінен  басталық.  Осы  күнгі  ауыл  мектептерін 
мектеп  деп  айтарлық  емес.  Оқуға  керек  құрал  жоқ,  оқыта  білетін 
мұғалімдер аз. Сонда да қазақша қат білушілердің протсенті мұжықтардан 
жоғары.  Осы  күнгі  тек  қат  жаза  білетін  қазақтардан  бастап,  газета, 
журнал,  кітап  шығарып  жатқандарымыздың  бәрі  де  сондай  мектептен 
оқып,  қат  танып,  жазу  үйреніп  шыққандар.  Мұнан  көрінеді:  осы  күнгі 
мектептер  осыншама  жайсыз,  күйсіз  қалыбында  қалық  арасына  оқу, 
жазуды  мұжықтар  арасынан  гөрі  көбірек  жайып  атқаны,  бұл  мектептің 
қалыққа жақындығы, балалар білімді ана тілімен үйренгендігі.  
 
Алайық енді орыс школаларын. Қазақ арасындағы орыс школалары 
ауылнай,  болосной  екі  класты  школалар.  Бұлардан  бітіргендер  ілгері 
оқымаса,  онда  жоқ  болып,  шала  оқумен  қалады.  Елде  бір-екі  жыл  тұрса, 
оқығанның  көбінен  айырылып,  оқымағандармен  бірдей  болып,  оқыған 
еңбек  бос  кеткен  есебінде  қалады.  Бұл  күнде  екі  класты  школа 
бітіргендерден ауылнай утшител, писарь болып жүргендері бар екені рас, 
бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек ғой. 
Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін 
білімдер де сондай керек. Осы заманда қат білмеген адамның күйі тіл иә 
құлағы,  иә  қолы,  жоқ  адамның  күйімен  бірдей;  мұнан  былай  қат  білудің 
керектігі  онан  да  аспақшы.  Бастауыш  мектептен  оқығандар  писар, 
утшител,  фелдшер,  адуокат,  содиа,  инженер,  агроном  болар  демей,  ең 
әуелі,  қазақша  толық  қат  білетін  дәрежеде  болуын  көздеу  керек.  Екінші, 
бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық 
жағын  көздеу  керек.  Егерде  бастауыш  мектептен  оқып  шыққандар  ілгері 
оқымай,  үйінде  қалса,  ұлт  әдебиеті  мен  мәтбуғатының  мүлкін 
пайдаланарлық  даражалы  біліммен  қалсын.  Әр  оқимын  деген  қалде: 
мұсылманша  оқыса,  бастауыш  мектеп  оқуы  артқы  оқудың  негізі  болуға 


315 
 
жарасын;  орысша  оқыса,  орысша  үйренудің  қиындығын  жеңілтерлік 
демеу әм негіз болуға жарасын.  
 
Жоғарыда  айтылған  қазақ  ішіндегі  осы  күнгі  екі  түрлі  бастауыш 
мектептің  екеуі  де  көңілдегі  мектептердің  түрінен  табылмайтын 
мектептер.  Бірінде  оқуға  керек  құрал  жоқ,  тәртіп  жоқ,  мөлшер  жоқ, 
жоспар жоқ. Қалық оқуды керек қылғандықтан, жаман да болса, «жоғынан 
бары  артық»  дегенмен  істеліп  отырған  іс.  Екіншісінде,  иағни,  орысша 
школаларда  тәртіп  те  бар,  құралдар  да  сай,  мөлшер,  жоспар  бәрі  де  бар. 
Бірақ,  сонысына  қарай  пайдасы  аз.  Олардың  пайдасын  кемітіп  отырған 
бір-ақ  нәрсе:  қазақты  орысқа  аударамыз  деген  пікір  бәрін  бүлдіріп 
отырған.  Сол  школалар  арқылы  қазақ  тілін    жоғалтып,  орыс  тіліне 
түсіреміз  дейді,  қазақ  тұтынып  отырған  араб  әрпін  тастатып,  орыс  әрпін 
алдырамыз  дейді.  Сол  үшін  әуелі,  балалар  ана  тілімен  оқымай,  орыс 
тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс әрпімен оқысын дейді.  Соның 
үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі 
басылған  кітаптардан  бастап  оқытып,  әрірек  барған  соң,  кілең  орысшаға 
түспек  керек  дейді.  Бұлар  еппен  қайырмалаушылардың  жолы.  Біреулері 
еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді.  
 
Өткен  жыл  14-ші  ийуінде  патша  жарлығы  бойынша  шыққан 
прауилада Ресейдегі бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл 
ана тілінде оқылсын деген. Ол прауилаға Оқу министрі қол қойған. Оның 
бер  жағында  Қазақ  округінде  бір  инспектыр  попетшителге  жазған: 
утшителдер шуваш балаларын шубаш әліппесімен оқытпай, бірден  орыс 
әліппесімен  оқытқанды  оңай  көреді    деп.  Оны  попечител    министрге 
жеткізген. Министр енді жазып отыр: шубаш мектебінде орыс әліппесінен 
бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен  – деп. Сүйтіп, шубаш 
балаларын  шубаш  тілімен  әм  шубаш  әліппесімен  оқытпай,  бірден  орыс 
тілімен, орыс әліппесімен оқытуға министр батасын беріп отыр. Бастапқы 
екі  жылда  ана  тілімен  оқытуға  тиіс  деген  прауилаға  қол  қойушы  да 
министр,  онан  кейін  ана  тілімен  оқытпай,  бірден  орыс  тілімен  оқытуды 
ұнатушы  да  министр.  Бұл  екі  қағаздың  қайсысы  іске  асып,  қолдануда 
болмақшы?  Қайсысы  күкіметке  жағымды  болса,  сонысы  іске  аспақшы. 
Күкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір 
болу.  Ресей  қол  астында  түрлі  тілді,  түрлі  дінді,  түрлі  жазу-сызуды 
тұтынып  отырған  жұрттар  бар.  Солардың  бәрі  тілін,  дінін,  жазу-сызуын 
орысқа аударса, күкіметке онан артық ұнамды іс болмас. Сондықтан 14-ші 
ийіунде  министр  қол  қойған  прауиланы  16-нші  нойабрде  министрдің 
жазған  қағазы  жеңбекші.  Ондай  прауилалар  іске  аспай  қалу  үшін,  бір 
миссионер инспектор жазса, болғаны: өз әліппесімен, ана тілімен оқытып 
отырсақ,  қай  уақытта  жазу-сызу,  тілі  жоғалды?  Тегі,  бөтен  жұрттар 


316 
 
тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, 
бірден орыс тілімен оқыту керек – деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқыту 
тиіс  деген  сөз  1906-нші  жылғы  31-нші  март  прауиласында  бар  еді.  Осы 
күнге  шейін  ауылнай,  болосной  екі  класты  бастауыш  мектептерде  қазақ 
әліппесімен қазақша басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не? 
Прауила бойынша қазақ тілі мен қазақ әрпінен бастап оқыт деген отырған 
балалардың  ата-анасы  жоқ.  Қалықтық  өз  тілімен,  өз  әрпімен  оқығанын 
әкімдер жақтырмайтын болған соң, утшителдер өз беттерімен ана тілмен, 
ұлт әрпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп прауила қағаз жүзінде 
бар  болса  да,  іс  жүзінде  жоқ.  Бұл  айтылғанның  бәрі  де  күкімет  өз 
пайдасын  көздегендіктен  істеліп  тұрған  істер.  Бастауыш  мектептер 
жалғыз  күкімет  пайдасы  үшін  болмай,  қалық  пайдасы  үшін  де  боларға 
керек. Күкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір 
жазуда болу, әр қалыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған 
соң,  бастауыш  мектеп,  әуелі,  миссионерлік  пікірден,  политикадан  алыс 
боларға керек, иағни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан 
тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа 
дінге  аударамын  деген  құр  әурешілік.  Қазақты  дінінен  айыруға  болмаса, 
жазуынан  да  айыру  болмайтын  жұмыс.  Араб  әрпі  ислам  дінімен  бірге 
келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды. 
Қазақта  газета,  журнал,  кітаптар  жоқ  кезінде  жоғалмаған  тіл  газета, 
журналы  шығып,  кітаптары  басылып,  жылдан-жылға  ілгері  басып  келе 
жатқанда, қазақ тілі жоғалмас.  
Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, 
орысшаға аударамын деген пікірден күкімет безіп, тиісті бастауы мектеп 
екі  жаққа  да  зиансыз,  пайдалы  болуын  көздеу.  Солай  ойлағанда,  көңілге 
ұнамды  мектептің  түрі,  біздің  ойымызша,  мынау:  Бастауыш  мектептер 
оқуы  қазақ  үшін  5  жылдық  боларға.  Әуелгі  үш  жылда  балалар  кілең 
қазақша  оқу.  Соңғы  екі  жылда  кілең  орысша  оқу.  Мұжық  жөнімен  қала 
болған  қазақтар  бар,  қазақ  ретімен  қала  болатын  қазақтар  да  болар. 
Қыстаулары  жиын  қазақтар  да  бар,  қыстаулары  сирек  қазақтар  да  бар. 
Солардың бәріне бастауыш мектеп қолайлы болуға тиіс. Бәрінің де оқиын 
деген балалары, мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмай қалатын 
болмасқа тиіс. Сондықтан, әуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге бөлінерге: 
Келіп  оқитын,  жатып  оқитын  мектептер.  Келіп  оқитын  мектептер  қала 
болған, иағни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер әлі 
сирек отырған жерлерде болу.   
Екінші, қыр мектебі әм қала мектебі болып бөлінерге. Қыр мектебі – 
ауыл мектебі, болос мектебі болып, о да екіге бөлінерге, ауыл мектебінде 
кілең  қазақ  тілінен  оқылатын  үш  жыл  оқу  оқыларға,  қалғаны  кілең 


317 
 
орысша  оқылатын  екі  жыл  болос  мектебінде  оқыларға  (тиіс).  Болос 
мектебіне  ауыл  мектебінде  бітіргендер  алынарға  (тиіс).  Қала  мектебі 
қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға (тиіс). 
Жатып оқитын ауыл мектебі мен болос мектептеріне келіп оқи алмайтын 
балаларды  ғана  жатып  оқитын  есепке  алуға  (тиіс).  Бастауыш  мектепте 
кілең  қазақ  тілінде  үйретілетін  нәрселер:  оқу,  жазу,  дін,  ұлт  тілі,  ұлт 
тариқы,  есеп,  жағырапия,  шаруа-кәсіп,  жаратылыс  жайы.  Бастауыш 
мектептің  кілең  орысша  оқитын  екі  жылында  үйретілетін  білім 
гимназиясының  иаки  реалный  мектептердің  төменгі  кластарына  кірерлік 
болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан әрі мұсылманша 
иә  орысша  оқыту  үшін  қазақ  балаларының  бастауыш  мектепте  үйренген 
білімі негіз болуға жарайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


318 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет