Ахмет Байтұрсынов атындағы



бет4/4
Дата01.05.2022
өлшемі25,64 Kb.
#33007
1   2   3   4
1. Затты бақылатып көрсету;

2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу;

3. Сол бақылаған оқиғалар туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.

2.1 Дыбыстарды бекіту бойынша жаттығуларды іріктеу және әдістемесі

Сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптасуы арнайы сөйлеу материалы (сөз, сөйлем, жаңылтпаштар, белгілі бір дыбыстар тобы бар өлең-тақпақтар) арқасында және де сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің мақсатына  грамматикалық және лексикалық жаттығуларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал мақсаттарды осылай байланыстыру балаларды қызықтыруда үлкен нәтиже көрсетеді.

Бала өмірінің төртінші жылында тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу және дамыту жұмыстары ары қарай жалғасады. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеудің мақсаты мектепке дейінгі балаларға таныс дыбыстарды анықтау мен бекіту, сөйлемдер мен сөздер ішінде оларды анық, түсінікті дыбыстап айтуға көмектесу ғана емес, сонымен қатар жаңа дыбыстарды меңгерту, оларды қате дыбыстаудың алдын алуда болады. Екінші кіші топта тәрбиеші артикуляциялық және дауыс аппаратын дамытуды, сөйлеу кезіндегі дем алуды, есту қабілетін, сөйлеу қабілетін дамытуды жалғастырады, мәнерлеп айтудың интонациялық құралдарын дұрыс қолдануды үйретеді.

Төрт-бес жасар балалардың дыбыстық мәдениетін дамытудың мақсаты мен міндеттеріне көшпес бұрын, осы жастағы балалардың сөйлеуінің дыбыстық жағынын дамуының кейбір ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Бұл жастағы мектепке дейінгі балалардың артикуляциялық аппаратының бекуі жалғасады: дыбыстың жасалуында белсенді қатысатын төменгі жақ, ерін, тіл буындарының қозғалысының үйлесімділік дәрежесі жоғарылайды.

Бүлдіршіндер екі-үш дауыссыз дыбыстар қатар келетін сөздерді, туған тілінің көптеген дыбыстарын дұрыс дыбыстап айта бастайды. Тіл буындарының бекуіне байланысты (тіл ұшы мен орта бөлігі) дауыссыз дыбыстарды жұмсақ айтуы сирек кездеседі (сяна сөзінің орнына сана).



Жалпы балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген, лесикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сын есім, етістік, синоним, омоним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіру.

III. Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дыбыстарын айтуға үйретуде «дыбыс пен әріп» тақырыбын үйрету жұмысы ол жөнінде әліппе кезеңінде өтілген материалдарды қайталаудан басталады. Сауаттандыру кезеңінде дыбыс, әріп туралы түсінік алған оқушылардан олардың ерекшелігі тәжірибелік тұрғыдан жаттығу жұмыстарын орындату жолымен еске түсіріледі. Дыбыстың сөз бөлшегі екендігі дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі.

«Бір сарынды және бір бағытта үзік жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе мектеп жасына дейінгі даярлық топтарындарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек», - дейді К.Д. Ушинский.

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Сол үшін мектептерде, соның ішінде білім негізгі қаланатын мектеп жасына дейінгі даярлық топтарындарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде мектеп жасына дейінгі даярлық топтарында қазақ тілдің оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргізілуде.



IV. Әдебиеттер тізімі

1. Баймұратова Б.Б «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы» Алматы. «Рауан»1999жыл.



2. Қожахметова. Х Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 ж

3.Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың байланыстыра сөйлеу тілін дамыту.«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2013 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет