«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет13/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Н. Машқанова ахметтанушы, зерттеуші «А.Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы»  
2. Ғ. Мұса 1913 жылғы «Қазақтың» № 35 санындағы «Жазу мәселесі». 
3. Е.Д. Поливанов. «Основные формы графической революции в турецких письменностях 
СССР». 
 
 
 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ 
 
Буркитбаева Айзада Маратовна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
Н.Наушабаев атындағы мектеп-гиназиясы» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Байзакова Гульжанат Дандибековна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
Н.Наушабаев атындағы мектеп-гиназиясы» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
Ахмет Байтұрсынов - мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, 
әдебиеттанушы, ақын, аудармашы. «Алаш» партиясының көсемдерінің бірі, «Қазақ» газетінің 
ұйымдастырушысы әрі редакторы. Еңбек жолын ағартушылықпен бастаған ғалым 1895-
1909 жылдарда Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде 
бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. Осы жылдар ішінде Қостанайдан 


23 
Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші 
А.Е.Алекторовпен танысады.
Ұлы жазушы М.Әуезовтың жазбасына қарағанда, оның бұл сапары, оның ішінде қазақ 
халқының зерттеуші-ғалымдарымен танысуы қазақ халқын оқу-білімге тарту, оларды жақын 
білуіне көмектеседі, соның нәтижесінде өзінің көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі, 
болашаққа деген сенімі бұрынғыдан артады. Қазақ балаларын білімге тартып, олардың 
құштарлығын ояту саласында еңбегінің нәтижесі көріне бастайды. Қарқаралыда қызмет еткен 
жылдарында Ахмет Байтұрсынов саясатпен де айналысады. Мұнда ол патша үкіметінің 
отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа қатысады. Негізгі алдына қойған 
мақсаты ағартушы - оқу ісін азаматтық міндеті мен өмірінде білім алуды, ол үшін аянбай еңбек 
етуді жолға қоя білді. Ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де, Қазақ 
революциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған. Ол қай кезде де халықты оқуға шақырған, білім-
ғылымның қажеттігін үнемі түсіндіріп жүрген, жолын мектеп ісін жолға қоюға үлкен күш 
салған, бала оқытып, ұстаздық құрған тәжірибелі жан. Қазақша сауат ашатын «Әліппе», жазу, 
ана тілін танытатын мектеп оқулықтарын жазды, бала оқытудың әдістерін көрсете білді. Қазақ 
тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы-ғалым. 
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп. Сондықтан 
А.Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші сатысына баса назар аударады. Бастауыш 
мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің сол кездегі жағдайының мәз емес екендігін, 
оларға бағдарлама, оқу құралдарының жетіспейтіндігін, мұғалімдердің жетпей жатқандығын 
ашына айтты. Қазақ тілінде білім алатын оқушыларға білім беретін оқулықтардың сапасына 
көңіл аударып, қазақ алфавитін құрастыруға, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен 
грамматикалық құрылысын зерттеуге үлкен үлес қосты. Алғаш қазақ әліпбиін жасап, қазақ 
алфавитінің реформаторы атанды. Тілдік терминдерді ұлттық санаға лайықтап жазып, қазақ 
сөз өнерінің теориясын жасады, көркем сөйлеу тілін ғылым тіліне айналдыра білді, қазақ тілі 
ғылымы мен әдістемесінің негізін қалады. Сол кезден бастап Ахмет атамыздың әліпбиі мен 
оқу құралдарын оқып, ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Тіл 
ғылымы, қазақ жазуының маңызын терең түсініп, бағамдай білгендігі, елі үшін еңсере жазған 
еңбектері мен қызметі ешқашан ұмытылмайды.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, реформаторлық деңгейін қандай дәрежеде 
болғанын еліміздің маңдай алды жазушылары, қоғам қайраткерлері уақытында бағалап, 
пікірлерін қалдырып отырған. «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-
білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақан салған 
өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті ақын шыққалы табалдырығына жаңа аттап, ішіне жаңа 
кіріп жатыр. Ақаңның бұл бастаған қызметі - қазақтың тарихымен жалғасып кететін қызмет, 
істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш» - деп 1923 жылы Мұхтар 
Әуезов кезекті бір сауалға берген жауабында. Елдің ертеңіне сеніп, келешекте еңбегін ескеріп, 
шыңдықтың ашылып, ақиқаттың белгілі болатындығын меңзеген болар.
Кезінде Ахмет атамыздың еңбектерін көпшілікке танытып насихаттау былай тұрсын, 
атын атаудың өзі қиынға түскен заман болған. «Халық жауы» деген атаққа ие болып қаншама 
зиялылар айдалып кете барды. Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орны, оның әлеуметтік-
қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан 
адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол «Еңбекші қазақ» газетіне (1923 жыл 30 қаңтар) арнаулы 
мақала жазып, онда былай дейді: А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі, өзге 
оқыған кісілер шен іздеп жүргенде, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлы намысын жыртып
ұлттың арын жақтаған, патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді дей келе, Ақаңның жазған 
еңбектерінің мазмұндылығына, адамгершілігіне кеңінен тоқталған екен. Ұлтымыздың ұлы 
ұстазы А.Байтұрсынұлының жарық көрген, асқан білімдарлығының куәсі – «Оқу құралы» 
(1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпи» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), 
«Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар кейінгі ұрпаққа білім алуға, қазақ тілінің мәртебесін 
көтеру мақсатында жазылған еңбектер болатын.


24 
Ахмет атамыздың ақындығы бір төбе. 1911 жылы «Маса» деген атпен жарық көрген 
өлеңдер жинағы салмақты ойларға құрылған. Жинақтың негізгі ой-тұжырымдық қазығы – ел 
жұртты оқытуға, өнерге, серпіліске шақырады. Ақын өлеңдері сол кездегі ағартушылық 
бағытпен үндес екендігін ашық көруге болады. Ахмет атамыз Шоқан, Абай, Ыбырай 
қалыптастырған өрісті ойды гуманистік әуендерді жаңаша жалғастырушы, үгіттеуші ретінде 
көрінеді. Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның бір саласы – көркем аударма. Ол орыс 
мысалшысы И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып «Қырық мысал» деген атпен 
жеке жинақ етіп бастырып шығарған. «Ала қойлар», «Қартайған арыстан», «Үлес», «Өгіз бен 
бақа» тағы сол сияқты көптеген мысалдарда өнегелі тұжырымдар аса зор. Әрбір 
аудармасының соңына ақын өзінің айтайын деген түйінді ойын қазақ халқының сол кездегі 
тұрмыс-тіршілігіне, мінез-құлқына, психологиясына лайықтап жеткізген болатын. Ол өз 
шығармаларында адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке,жаман әдеттерден арылуға 
үнемі шақырған. Ахмет Байтұрсынұлы ақындығы, аудармашылығымен бірге ұлттық 
аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушы, өзі де жанынан ән шығарған айтулы 
композитор болған. Ол – домбыраға арналған екі күйдің авторы, өз халқының этнографиясын, 
тұрмыс-салтын жете меңгерген әрі жан-жақты білім алған үлкен парасат иесі. Бүгінгі 
ұсынылып отырған мақала желісінде көбіне арқау болған сан қырлы, білімді еңбек жолы, 
қалдырған еңбектері өскелең ұрпаққа қажет дүние. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ қоғамы мен 
мәдениетінің ілгерілей дамуына зор үлес қосқан, қазақ ғылымының өркендеуі жолында көп 
еңбек сіңірген қайраткер. Еңбек жолын ағартушылықтан бастаған Ахмет Байтұрсынұлы ұлт 
жанашыры, ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған еңбектері туралы, 
болашаққа сенген үміт-арманы – туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз еткен 
еңбегі туралы баяндап жеткізгіміз келді. 
Биылғы жылы қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл 
толып отыр. Осы атаулы дата сонау ЮНЕСКО-дан қолдау тауып, елімізде кең көлемде аталып 
өтпек. Нұр-Сұлтаннан бастау алатын іс-шаралар біздің Қостанай облысында да қолдау таппақ. 
Ақынның туған жері Торғай топырағында да көптеген іс-шаралар жоспарлануда. Мұражайлар 
қайтадан басқа кейіпке келіп, ақын ескерткіштері жаңартылмақ. Бірнеше оқу орындары Ахмет 
Байтұрсынұлының есімін иеленбек. Туған жері - Ақкөл, Байтұрсын ауылдарына баратын 
көтерме жолдар жаңартылып, жақсы істер жалғасын таппақ. Ақынның туған жеріндегі өз үйі 
басқа кейіпке келіп жаңартылмақ.
Кейінгі өскелең ұрпаққа өшпес із қалдырған Ахмет атамыздың еңбектерін ескеріп
үнемі бағалай білуіміз қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде өзіміз жұмыс жасап 
жатқан Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында да көптеген іс-шаралар өткізіліп 
жатыр. Сынып сағаттары, тақырыптық конференциялар, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, 
апталықтар өткізілуде. Өзіміз дайындаған оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мерейімізді 
өсіруде. Ахмет атамыз қалдырған рухани мұраны толық игеріп, келешек ұрпаққа жеткізу – 
басты міндетіміз. Қазақ әдебиетінің, қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 
еңбегі мәңгі жасай беретіндігі сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет