«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Қолайына қарай қос сөйлемнен қою



Pdf көрінісі
бет16/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117
Қолайына қарай қос сөйлемнен қою 
Қатқан аш, арық 
Ауқаты-шабақ 
Сақал-шашы ақ 
Мынау сорлы шал 
Сусын-шалап 
Қарадан таза 
Бойына назар сал 
Аяқта шарық 
Баладан ада 
Қайраты қайтқан шақ 
Осылайша, сөйлемдерді сәйкестендіру қажет. Бұл тапсырма түрі әлі күнге дейін өз 
маңызын жоғалтқан жоқ, себебі тіл үйретушілер қазір де бұл әдісті тиімді пайдаланып келеді. 
Қазақ жазуының тарихына қысқаша шолу жасай отырып, жоғарыда келтірілген тарихи 
деректер мен мәліметтерді қорытындылай келе, оқырмандардың назарына Ахмет 
Байтұрсыновтың 1926 жылғы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында өткен пікірталас 
мәжілісінде айтқан «Әліпби құрылысының формуласын» ұсынамын: «Әліпби қандай да бір 
тілдің негізгі дыбыстарын бейнелеу үшін қызмет ететін шартты белгілердің жиынтығынан кем 
емес. Әліпбиде сөйлеу элементтері неғұрлым толық және дәл жеткізілсе, оған сауаттылықты 
үйрену оңай, оқу мен жазуға ыңғайлы, техниканы жетілдіруге неғұрлым жақсы бейімделсе, 
соғұрлым жақсы деп саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. «Тіл тағылымы» А.Байтұрсынов, Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1992 ж. 
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы: 
«Алматы кітап баспасы», 2009 ж. 
3. «Тіл құралы» А.Байтұрсынов, Алматы: «Сардар» баспасы, 2009 ж. 
 
 
ҰЛТ ТІЛIНІҢ БАС ҚАМҚОРШЫСЫ 
 
Жаланова Гулжан Байтургановна, 
Ахметжанова Арайлым Галимбековна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Алтынсарин ауданы білім бөлімінің 
Ыбырай Алтынсарин атындағы
Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 
 
 
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай 
Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, 
қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани 
дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған, жас кеңес үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам және 
мәдениет қайраткері. 1927 жылы Смағұл Садуақасов Ахмет Байтұрсыновты профессионал 
ақын деуден гөрі ірі қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын. 
Оның ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да өте күшті, дарынды, ойлы 
ақын екендігін танытады.
Араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер 
қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің 
табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар 1912 жылдардан 
бастап ұсынған, осы әліпбиді негізге алған жаңа жазуы іс жүзінде қолданыла бастады. Ол 
«Жаңа емле» деп аталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен он бестей қазақ кітабы 
басылып шығыпты және бұл жазуды 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-
орыс мектептері де қолдана бастапты. Жаңа емлені А.Байтұрсынов әрі қарай да тырнай түседі. 


30 
Полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз 
жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықтап жасалған қазақ графикасы 
1924 жылы Орынборда маусымның 12-де басталған Қырғаз «қазақ» білімпаздарының тұңғыш 
сьезінде талқыланады [1]. 
Сьездің 15-ші маусым айындағы мәжілісінде А.Байтұрсынов «Әліпби тақырыпты» 
деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар 
екендігі, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы сьезде дәлелдейді. 
Әліпби қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп 
өңделген (реформаланған) араб алфавитінің (әліпбиінің) оң сипаттарын (қасиеттерін) 
көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі 
жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған жұрттар орыстың орнында 
болып, аузына қарап балаларымызға тілін үйретіп отырған жұрттар болса екен... Онда алуға 
бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі. Бұл жерде, сірә, араб алфавитін тастау қайткенде де 
қажет болса, латынға емес, тілін қоса үйреніп жатқан, отандас, тағдырлас орыс халқы 
қолданып отырған жазу қолайлы емес пе деген ой ұшқыны жалт ететін тәрізді.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени 
дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба 
дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік 
құбылыс болды. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы 
өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, оларда өз жазуларына реформалар жасай бастады [1]. 
Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни реформаланған қазақ 
жазуын қорғап, бұл жазу қазақтың мәдени талаптарын әбден өтей алады деген көзқарасын 
латынға көшу жайында үлкен әңгіме басталғанда, 1926 жылы Баку қаласында өткен 
Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық сьезде барынша дәлелдеп, қазақтардың латынға 
көшуіне қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, 
реформаланған араб (мысалы, қазақтардікі сияқты), не орыс ( мысалы, сол кезде чуваштар 
қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешқандай не саяси-идеологиялық, 
не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы 
мен қабылданбақшы латын жазуының бір-бірінен артық-кемі шамалы, керісінше, жазу 
таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты 
[3]. 
1920 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы ғылыми-педогогикалық жұмыспен айналысты, 
қазақ грамматикасын («Тіл-құрал») жазды. Үш кітаптан тұратын бұл еңбегінде қазақ тіл 
білімінің қазіргі кезде қолданыста жүрген көптеген терминдерін қазақ тлінде қалыптастырп 
үлгерді. Бастауыш, баяндауыш, шылау, зат есім, етістік, терминдерді, ана тілі, жабық мәжіліс, 
ашық хат сияқты номинацияланған қолданыстарды дүниеге келтірді. Әдебиет, мәдениет, 
тарихқа байланысты жазғандары төте жазуды пайдаланып, «Қазақ» (1913-1918 жж., Орынбор) 
газетін шығарудағы еңбегі қазақ халқының мәдени өміріндегі баға жетпес үлес. Оның 
шығармашылық өмірінің жетілген кезеңі осы жылдар. Ахмет араб графикасына негізделген 
қазақ алфавитін түрлендірді. Ол түрлендірген алфавитті белгілі түрколог Поливанов ұлы 
жаңалықтардың қатарына жатқызды. Яковлев, Менгес, Комри сияқты шетелдік ғалымдар 
«Байтұрсынов алфавитінің» жетілген алфавит екенін мойындады. Орыс ғалымдары 
алфавиттің құндылығын: «Жоғары білім алмаған және өзінің пәрменді іс-әрекетінің ақырына 
қарай ғана орыс тілі мамандарымен байланыс орната алған Байтұрсыновтың алдыңғы қатарлы 
ғылыммен бір деңгейге жете алғанын атап өтпесе болмайды» деп бағалады. Ахмет бұл 
жаңалыққа кездейсоқ келмегені белгілі. Қатарынан бірнеше жыл бойы оқытушылық қызмет 
атқару барысында (Орынбор, Ташкент, Алматыда, Торғайда) көп нәрсені көңілге түйіп, 
байыбына көз жеткізді, қазақ мектебінің оқытудағы жүйесіздіктен тығырыққа тірелгенін 
көрді, тығырықтан шығу жолы әліпбиді ретке келтірп, «жосықты оқу» жүйесін енгізді. Ол өзі 
енгізген төте жазуға халық тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін 
негізге алды [2].


31 
Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары 
арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым 
«Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, 
құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін 
оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, 
үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтары жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп 
оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі 
атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, 
зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл 
құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетасын қалаудағы 
Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ 
тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні 
қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, 
баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан 
лингвистикалық атаулардың баршасы - Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы 
қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге 
келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенін олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе 
жатқандығы [2]. 
Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның 
адасып кететіндігін» айтты. Ол – қазақтың кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі 
қайраткер. Ғалым қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, 
баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. 
А.Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі 
қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі 
құбылысқа айналды. Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі ХХ ғасырдың бас кезіндегі 
үркердей шағын топ-демократтық бағыттағы қазақ интеллегенциясының ең ірі, ең беделді 
өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып, Сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет 
Байтұрсыновты осылай танимыз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа 
үлгі ұсынған реформатор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет