25
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
Дадыбаева Жамила Бекназаровна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің
«№2 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстаз – балаға білім беруден, тәлім-тәрбие беруден ешқашан жалықпаған, талмаған
және бұл жолда әрқашан ізденісте болған ұлы тұлға. Ақын да, жазушы да осы ұлы тұлғадан,
яғни ұстаздан білім алған. Қазақ қоғамындағы осындай ұлы ұстаздардың бірі – Ахмет
Байтұрсынов. Ұлт ұстазы, қазақ халқының біртуар азаматы, яғни Ахмет Байтұрсынов қазіргі
Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді,
қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында дүниеге келген. Табиғатынан аса
дарынды боп туған талапты бала Ахмет әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып,
артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, Орынбордағы мұғалімдік мектепте
оқып, білім алып, кейін мұғалім болады. Ахмет Байтұрсынов 1921-1925
жылдары
Орынбордағы, 1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі
мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ
мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен
осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты.
Халқын «Маса» боп оятқан Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін
ғылыми негізде топтап берген. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ, ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Оны «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын
қазақ даласының атақты адамдарына жатқызуға болады. Ол талантты әдебиеттанушы, терең
ойшыл, жарқыраған публицист,
жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет
ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері
болды деп білемін. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін
және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам. Ол
айналасындағылардың барлығын өзінің таусылмайтын қуатымен терең мағыналы
тіршілігімен тарта білді. Ахмет Байтұрсынұлының сан қилы оқиғаға толы өмірі бүгінгі күні
де адамдарды таңғалдырады және өмір сүруге, жасампаздыққа деген ұмтылысын оятады!
Ахмет Байтұрсынов басы-қасында болған әрбір жоба кемелдіктің жоғары деңгейіне
жетті десем артық айтпаған болармын. Ол біз үшін қашанда «Түнгі аспанның төрінде
жарқырап тұрған шоқ жұлдыз!». Оның халқы үшін атқарған жұмыстарының аса
маңыздыларын атап айтатын болсам: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірге қазақ
халқының ұлттық сауаты мен білім айнасына айналған «Қазақ» газетін басып шығаруы, араб
жазуын қолдана отырып «Төте жазу» жасауы және де «Алаш Орда» қызметіне қатысуы.
Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзге де айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы
оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды деп санаймын.
«Қазақ» газетінде сол кездегі қайта өркендеген қазақ қоғамы үшін
танымның кең
көкжиегін ашқан мазмұны терең және тақырып бойынша алуан түрлі материалдар басылып
шықты. Осы басылымның арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы
жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады.
Ахмет Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913-1918 жылдары Орынбор
шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет – «Қазақты» редакциялап, жарыққа
шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі - қазақ халқын қорлап, тарихи шын
атын бұрмалауға наразылық болды. «Түрік баласы» деп қол қойған автордың мақаласында
«Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен
башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел» - деп тайға таңба
26
басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екенін айқын да ашық айтылады. Осылай
қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР-
нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде Ахмет
Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің
ҚАЗАҚ деген атын қайтарып,
елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс
енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.
Ахмет Байтұрсынұлы - асқан дарын иесі. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп
оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ
оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліп-биімен» ашып, ана тілін
Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ
ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да
айтарлықтай болды деп санаймын. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді
еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі,
әдістемелік арналары, басты- басты
терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Ахмет Байтұрсынұлына Мұхтар Әуезов былай баға берген: «Бір басында сан салалы
өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты
ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген
ірі тұлға, халықтың «рухани көсемі». Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының
естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің
арқасында қаншама адам сауатын ашты. Ол Қазақстанның әр облысынан мектептер ашып,
ұстаздық жұмыспен айналысты,
жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызыңдап, туған
халқын оқуға, өнер-білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем
болып жүргеніміздің өзі біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен
елдер
қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме
талаптануда, намыстануда дейді.
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке
оқуға шақырды. Сәбит Мұқанов былай деген: «Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын
ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - Ахмет
Байтұрсынов».
Ұлт ұстазына айналған, өмір бойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды
көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен
қызметі шаш етектен. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы
бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін
білу, бағалау – біздер үшін парыз деп санаймын.
Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Бауыржан Момышұлы қазақ тілі туралы былай
деп жазады: «Біздің ана тіліміз – біздің халықтық қадір-қасиетіміз бен мемлекеттілігіміздің
мәні, тот баспайтын өзегі. Ана сүтімен сіңірген ана тілімізді
білмеу - барлық ата-
бабаларымызды, бүкіл тарихымызды ұмыту дегенді білдіреді». Біздің кім екенімізді, қайдан
шыққанымызды, ана тіліміздің қай тіл екенін және осындай жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы әл-
ауқатымыз қандай тұлғалардың арқасында екенін мәңгі есте сақтауымыз керек деп білемін.
Ахмет Байтұрсынов – ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері,
ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым... Оның бүкіл
еңбегінің мәнін бір ауыз
сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған
ҰСТАЗ,
Достарыңызбен бөлісу: