«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет11/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Байтұрсынов А. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. Алматы:Алаш баспасы, 2006., 288 б. 
2. Байтұрсынов А. Көп томдық шығармалар жинағы, әліппелер мен мақалалар жинағы. 
Алматы: Алаш. 2006 ж., 320 б. 
3. «Қосымшаны қара»., 107 б. 
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. Алматы: «Атамұра», 
2002 - 768 б. 
5. Нұрпейісов. К Алашһәм Алашорда. - Алматы «Ататек» 1995 - 256 б. 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ 
 
Бирмагамбетова Раушан Исламовна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
 «Рудный қаласы білім бөлімінің
№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – 
адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең 
түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Сондықтан алфавит пен жазу 
мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы 
орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет 
Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. Сол кезеңде, яғни ХІХ ғасырдың соңынан бастап, 
Ахмет Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде, қазақ халқының өзге түркі халықтары 
сияқты IV-V ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық 
бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығы мен кемшілік жақтары баспасөз 
беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді. Міне, 
осы көзқарастарды өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған 
миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс 
графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады. Н.И.Ильминскийдің пікірінше, 
алфавитті қай халық болса да, дінмен байланысты қабылдаған, мысалға, Еуропа халықтары 
латын алфавитін - латын шіркеуі, орыстардың алфавиті – славян шіркеуі, ал мұсылман 
елдерінің араб жазуы ислам дінінің таралуымен байланысты қабылданған. Араб жазуы – 
мұсылман халықтарын ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал. Сондықтан Ильминский 
бастаған патша өкіметінің миссионерлері, түркі халықтары жазуына орыс алфавитін енгізу 
арқылы «екі қоянды бір оқпен өлтіруге болады»: біріншіден, оларды мұсылман дінінен 
айыруға болады, екіншіден, орыс графикасы арқылы оларды біртіндеп тілінен, дінінен 
айырып, православие дініне көшіруге болады деп есептеп, бұл әлеуметтік мәселеге ерекше 
мән беріп, тіпті осы мақсатқа өз қандастарымызды да араластырып, біреудің қолымен күл 
көсеу саясатын қызу қолға алған еді [1,3 б.]. Н.И.Ильминский 1883 жылы қазан қаласында 
басылып шыққан еңбегінде былай деп жазды: «Орыс мектептерінде тәрбиеленуші қазақ 
жастары арасында, сөз жоқ, мұсылман дініне салқын қарағанмен, өз ана тілдерін жанын сала 


17 
сүйетіндер бар. Соларға орыс алфавиті қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі 
амалы деп ұғындыра алсақ, олар қазақ тіліне орыс алфавитін енгізуде көп нәрсеге көмектесе 
алар еді» [1,4 б.]. Міне, осындай пікірлерден-ақ, жазу мәселесін әлеуметтік саясат құралына 
айналдырып, халық тағдырын өз мақсаттарына қарай өзгертуді ойлаған профессор 
Н.И.Ильминскийдің миссионерлік саясатын анық байқауға болады. Осындай уағызға ерген 
кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татаршина», «арабшина» деп жағымсыз 
қылып көрсетуге қосылып кетті [2, 273 б.]. Ал бұл көзқарастардың әлеуметтік саяси астарын 
терең түсіне білген А.Байтұрсынов «қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан 
тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын 
жұмыс... Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды»,- деп жазды [3, 437 б.]. Ол 
тек өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, «1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде 
қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта 
түзуді қолға алды» [4, 283 б.]. 
Осы уақытқа дейін қолданылып жүрген араб жазу жүйесінің қандай қиындықтары бар, 
оны реформалауға не себеп болды дегенге келсек, дәстүрлі араб жазуында:
1 ) бір дыбысты жазу үшін бірнеше әріптер пайдаланылатын; 
2) сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары 
жазылмаған сөздің мағынасын түсінуге қиындық тудыратын;
3) араб әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны 3 ғана 
болғандықтан, бұл таңбалар 9 дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды;
4) «мұсылманша сауат ашу» әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі дыбысталуы мен 
айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін;
5) ол кездегі жазба тілдің құрамында араб, парсы сияқты «ескі тілдің» сөздері көп 
қолданылатындықтан ол тіл аз ғана топтың мүддесіне ғана қызмет ететін.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы дүниеге келіп, 1924 жылы 
Орынборда өткен қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы оны ресми түрде 
қабылдады. Бұл әліпбиді халық «Байтұрсынов алфавиті», «Байтұрсыновтың төте жазуы»
деп атаса, сол кездегі орыстың белгілі ғалымдары, Е.Д.Поливанов пен Н.Ф.Яковлев сияқты
профессорлар өте жоғары бағалады. 
Е.Д.Поливанов бұл жазуды «Байтұрсыновский алфавит» дей отырып, «…енді түзетуді 
қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп ғылыми 
тұрғыда жоғары бағалады [4, 283]. Ал бұл жазудың нағыз ғылыми бағасын танытып, 
Байтұрсыновтың ұсынған жазуы мен әліпбиінің құдіреттілігі мен тылсым сырын ашып, оның 
жазуы әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалық болғанын еліміз егемендік алғаннан кейін 
докторлық диссертациясында қорғаған Ташкенттік ғалым Махамбет Жүсіпұлы жан-жақты 
дәлелдеп бергені ғылыми қауымға белгілі жай. Сонымен, А.Байтұрсыновты араб алфавитін 
тұңғыш реформалаушы және соған сәйкестендіріп, емле ережелерін құрастырушы, қазақ 
жазуы мен әліпбиінің тағдырын шешкен ғұлама ғалым деп білеміз.
Ахмет Байтұрсынұлы оқу жүйесіне де түбегейлі реформа жасады, бұл туралы: 
«Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, 
қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-
жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше, русша білуден уақыт кем кетпейді. 
Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып, 
бас қатып, ми ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керегі даусыз болса, оқуға 
керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз» деп «қазақша оқу» мен «мұсылманша оқудың» 
екі түрлі екендігін ескерткен («Айқап», 1912, № 4-5). Негізінде, қазақ қоғамында ұзақ ғасыр-
лар бойы қолданған араб жазу жүйесі үш сатыда қызмет етті: қадим, жәдид, төте жазу.
А.Байтұрсынұлының әліпбиі «ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралы» - төте жазу болды. 
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы осы «төте жазу жүйесімен» «Оқу құралы» деп аталатын 
тұңғыш кітабы жарыққа шықты.


18 
Бұл қазақ балаларына өз ана тілінде хат танып, ана тілінде жазуға жол ашылды. 
Ағартушылыққа шақыра отырып, қазақ қоғамын «қараңғылықтан оятуды» сауаттандыру 
ісінен бастады, ал сауатсыздықты жою үшін әліпби, әріп, жазу, оқу мәселелеріне түбегейлі 
өзгерістер енгізді. Ол жазуды реформалағанда «қазақ тілінің тазалығын» басты назарда ұстап, 
жазуды бұқара халықтың тез сауаттануына қарай ыңғайлайды. Яғни, өзінің алдына қойған 
принципі «ауызекі сөйлеу тілінің» жазба тілдегі формасын жасап шығару болды да, осының 
негізінде қарапайым сөйлеу тілінің дыбыстық заңдылықтарына сай «ұлттық әліпби» 
құрастырды. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді 
басты назарда ұстады: біріншіден, араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне 
сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру; екіншіден, араб әліпбиіндегі қазақ тіліне сәйкес 
келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару; үшіншіден, араб жазу заңдылығына тән 
«харакат, ташдид, сукун, тануин» сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау; төртіншіден, 
үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыстылар жүйесін қазақ тілінің үндестік 
заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру; бесіншіден, ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» 
қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне 
бейімдеп, негіздеу. Осылайша қазақ балаларының өз ана тілінде сауаттарын ашып, хат 
тануына көп күш жұмсаған Ахаң 1912 жылы «Айқап» журналының 4-5 сандарында өзі 
құрастырған «ұлттық әліпби» жобасын «Жазу тәртібі» деген атпен мақала түрінде жариялап, 
көпшілік талқысына ұсынады. Онда ғалым: «Оқу керек. Оқу керек емес» деп ешкім айтпайды. 
Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір иттифаққа келіп жеткенше, оқуды тәртіпті 
жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық» дейді. Одан әрі қарай Ахаң араб 
жазуын не үшін реформалағанын, артық таңбаларды не үшін алып тастағанының себебін: 
«Тәртіпті жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса. Осы 
күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлденеше түрлі 
дыбыстарды жазамыз... Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін 
түзетіп жөнге салу керек. Сонан соң сол жөнменен құрал сайлау керек. Жазу тәртібі менің 
ойлауымша болса жарар еді» дей отырып, араб жазуында дауыссыз дыбыстардың бір емес 
бірнеше таңбасы барлығын, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін, ал қазақ тілінде 
дауыссыз емес, дауысты дыбыстардың ғана жуан, жіңішке болатынын, сондықтан артық 
таңбаларды алып тастағанын нақты мысалдар арқылы дәлелдей келе: «Қазақ тілінде 24 дыбыс 
бар. Оның 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты» дейді. Ахаң бұл мақаласында бұған 
дейін қолданып келген араб жазуында бір әріппен бірнеше дыбысты немесе бірнеше әріппен 
бір ғана дыбысты жазып келгенімізді, сондықтан оларды бір жүйеге салу қажеттігін, жіңішке 
дыбысталатын сөздерге «дәйекше белгісі» арналғанын айтып, қазақ тілінің үндестік заңына 
сәйкес құрылған «жазу тәртібін» қарапайым тілмен, ұғындыруға тырысқан. Ахаңның жазу 
жүйесі бойынша сөздің бас жағында дәйекші белгісі тұрса, ол сөз тұтастай жіңішке оқылады. 
«Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге таралған, сіңген. Дінменен байланысқан әліппені 
тастап, қазаққа басқа әліппе алдыруқиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіптерін қазақ 
дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Ал харфтердің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, 
қалай амалын таппақ керек?» деген Ахаң, өзі түзген әліпби құрамына жоғарыда айтылғандай 
24 таңбаны қалдырған, оның 17-сі дауыссыз, бесеуі дауысты, екеуі жарты дауыстылар.
1912 жылдан бастап қолданысқа еніп кеткен Ахмет Байтұрсынұлының алфавиті тек
1924 жылы Орынбор қаласында өткен сиезде ғана ресми түрде бекітіледі. 
Ғалым баяндамасында: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Жақсы әліпби жазуға 
жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды 
ұзақтатып, уақытты көп алады. Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс. Әрпі 
тізілгенде оңай тізілетін, басқанда орынды аз алатын әліпби баспасөзді арзандатады. Жақсы 
әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Әріп сара жазуға оңай, баспасы мен жазбасының 
суреті жақын әліпби үйренуге жеңіл болады. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа 
келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ» деген ой айтады.


19 
Жалпы Ахаң ұсынған жазу жүйесімен «Қазақ» газетінің (1913-19 ж.ж.) шығып тұруы 
және көптеген көркем әдебиет шығармаларының баспадан шығуы бұл емленің халық 
арасында үлкен қолдауға ие болғандығын көрсетеді. Ахаң түзген әліпби халықтың мәдени-
рухани деңгейінің көтерілуіне, халықтың тез әрі оңай сауаттануына, баспа ісінің жандануына 
ерекше зор ықпал етті. Қазақ зиялылары басқа әліпбиге көшуден гөрі, қолданыстағы араб 
әліпбиіне «өзгерістер енгізу» қажеттілігін көбірек көтерген еді. Бұл көзқарастағылардың 
негізгі ұстанымы «қазақ білмейтін бір бөтен алифби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені 
жақсы», яғни «қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген» араб жазуын тілімізге 
икемдеу ұтымды болмақ дегенге саяды («Дала уалаяты», 1899, № 22, 23).
А.Байтұрсынұлының пікірін М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы, т.б. 
қолдап, сөз сөйлейді. Мәселен, І.Ахметұлы: «Қазақстаннан шыққан Ахмет бұрынғы араб 
әліппесін өзгертіп, қазақ әліппесін жазды. Неше жылдай қазақ елін шоқындырмақ болған 
миссионерлер, қазақ еліне үлгі көрсетіп, әліппе жасап бермек болған орыс білімпаздарының 
қолынан келмеген нәрселер Ахаңның ғана қолынан келді. Ахаңның дәйекшесін орыс 
білімпаздары да ілім жолындағы үлкен табыстың біріне қосып отыр», - дейді.
А.Байтұрсынұлы: «Түркі халқының араб әрпі негізінде жүргізген жазу мәдениеті бар. 
Жазу мәдениеті бар жұрттарға бір әріптен екінші әріпке көшу оңай жұмыс емес. Жайлап 
көшуге көп қаржы, уақыт, көп күш керек, өйткені екі әріппен іс жүргізуге екі есе қаржы, екі 
есе күш керек болады. Ондай қуат түркі жұртының бірінде де жоқ. ...Өнерлі жұрттың ортақ 
әрпі екен деп орыстар алмай отырғанда, ортақтығынан дәмелі болып біз аламыз деуге болмас» 
деп ескертеді («Еңбекші қазақ», 1926, № 282. 19 желтоқсан.) 
Қорыта айтқанда, ағартушы-педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, 
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген сөзі 
қазақ ұлтының сақталуына әрқашан ұран боларлықтай екендігін сезіндім. Қазақ халқы үшін 
осыншама еңбек еткен, ұлт жанашыры болған ұлы тұлға есімін артында қалған ұрпақтары, біз, 
мәңгілікке ұмытпаймыз. 
Мұхтар Әуезов былай депті: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң 
салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған 
қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ 
та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген 
большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге 
тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, 
«халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. 
Бәрібір олар мақсатына жете алмады». Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, 
шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы 
өз халқымен қайта табысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет