«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»



Pdf көрінісі
бет38/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» дегенді өзіне міндет етіп, сол міндетін 
атқару мақсатында «Тіл – құрал» деген атпен үш кітаптан тұратын оқулық жазуға кіріскен еді 
[2, 21]. «Тіл – құрал» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған өзгеріс. Оның жалғыз тіл емес, өзге 
де пәндерден үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегенді көрмей келе жатқан қазақ 
жұртшылығына тың дүние екенін көрсетеді. Бұл дүние бұрын-соңды болмаған дүние болған 
соң алдымен үйреншіксіз дүние болып, бірақ уақыт өте келе үйреншікті, таныс дүниеге,
«Тіл - құралы» десе, қазақ тілінің оқулығы деп естеріне Ахмет Байтұрсынұлын еске алатын 
болды. «Тіл - құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш мектепте, яғни 4-5 жыл 
оқитын шәкірттерге арналғанымен, бұл - қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық 
құрылымын талдап, жүйелеп, танытқан қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды 
[2, 24]. 
Ахмет Байтұрсынов қазақ балалары қазақша мен орысша, яғни, екі тілде білім алу 
жүйесін ерекше қолдап, «жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан 
қалмасын» деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттарына сай терең білім беру 
принциптерімен үндес тұжырым жасайды. Осыған қарамастан Ахмет Байтұрсынұлы оқуды 
ана тілінде жүргізіп, ұлттың мүддесінде шешуге тиіс екендігін баса көрсетіп, бала әуелі өз 
тілінде, қазақша оқи, жаза білсін, ал орысша сауатты болу екінші кезектегі мәселе екендігін 
көрсетеді. Бұл мәселе қазіргі кезде де өзекті. 
Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің әліппесінің, оқулықтарының авторы, 
өзінен кейінгі ұрпаққа өз еңбектерінен мұра қалдырған жаңашыл ағартушы. Екіншіден,
араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу XX ғасырдың
10-жылдарынан бастап, 20-жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, оқу-ағартуына 
қызмет жасады. Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиі бүгінгі күнге дейін қолданыс табуда. Қытай 
Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырларымыз сауаттарын осы 
жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады. Үшіншіден, Ахмет 
Байтұрсынұлы - қазақ әдебиеті мен тілін, мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш филолог, 
тарихшы ғалым және Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Төртіншіден, ол- 
қазақ халқына, еліне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері [3, 20]. 
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының абзал перзенттерінің бірі. XX ғасырдың бас 
кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі. Қазақ 
халқының тәуелсіздігі үшін оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі 
қалғанша күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны хақ. 
Қаршадайынан ел деп езіліп, халқым деп қайғы жеп, азап пен тозақтың бәрін бастан кешіріп, 


77 
ақыры қаратүнек надандықтың құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының кемеңгерлігін 
айтпай өту өзімізге сын деп, ойымды ұлт ұстазының мынадай өлеңімен аяқтағым келеді.
Жол көрсеттім қазақ деген намысқа, 
Жол сілтедім жақын емес, алысқа. 
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,- 
Дедім, - сен де қатарыңнан қалыспа!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет