«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет41/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. А. Байтұрсынов қазақ тілінде оқыту туралы // Қазақстанның педагогикалық ой антологиясы 
/ құраст. К.Б. Жарикбаев, С. К. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1995. – 512 б. 
2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы: «Алаш», 2004. 
3. Байтұрсынов А. Мектеп қажеттіліктері // Қазақстанның педагогикалық ой антологиясы / 
құраст. К.Б. Жарикбаев, С. К. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1995. – Б. 18 б. 
4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». 2012 жылғы 14 желтоқсан. «Казахстанская правда», 2012 жылғы 15 желтоқсан. 
5. Вестник Қазұу. Әл-Фараби Атындағы Қазұу. «Ақпараттық» сериясы.- № 3, 1988, 18 б. 


83 
АҒАРТУШЫ - ПЕДАГОГ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
 
Альмагамбетова Кантай Оралбековна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қарабалық ауданы білім бөлімінің
Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Қазақ халқы ел тарихына алтын әріптермен мәңгілік жазылған біртуар тұлғаларымен 
әйгілі. Сондай ерекше тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов. Ағартушы – реформатор, ақын, 
аудармашы, публицист және қоғам қайраткерінің қасиеттері бір тұлғада тоғысты. Ахмет 
Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған әйгілі ғалым. 
Ақын Торғай өңірінде дүниеге келіп, өз заманына сай жақсы білім алады. Ол өзінің 
кәсібі ретінде көрген педагогикалық қызметпен айналысуды армандады. Ауыл мектебінің 
берген білім негіздері одан әрі мұғалім мамандығын меңгеріп, Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы 
қалаларында осы салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді [6, 29 б.]. Мұғалімдік қызмет атқара 
жүріп, тек ұстаздық етумен шектеліп қалмай, өзі педагогикалық жаңалықтарды, халыққа 
танымдық әдебиеттерді үнемі қадағалап, білімін толықтырып отырады. Ахмет Байтұрсынов 
қарапайым халықтың мүшкіл халін көріп, қоғамда орын алған әділетсіздік пен адам 
бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ел ішінде білім, ағартушылық, өнер тарату 
ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Бұл - туған халқының дамуының бірден-бір жолы деп 
түсінеді. Сондықтан ағартушы бар күшін өзінің арманы – халықты Патшалық Ресейдің 
қанаушылық-отаршылдық саясатынан азат етуге бағыттайды, туған елге, жұртқа пайдалы 
қызмет істеуді мақсат етеді. Өз халқын білімді, рухани бай, мәдениетті қоғам ретінде көргісі 
келеді [6, 27 б.]. Жалпы реформаторлар - бұл қоғам үшін дүниеге келген адамдар деп 
түсінеміз. Олардың басты мақсаттары әлемнің жағдайын жақсартып, әділеттілікке қол 
жеткізіп, барлық адамдардың өмірін жақсарту. Сондай-ақ, кез келген жаңалықтың 
бастамашысы болған Байтұрсынов өз ынтасын ағартушылыққа аударады. Жоспарларын
жүзеге асыруға кірісуде үлкен қиындықтарды бастан кешіреді. Ахмет Байтұрсыновтың 
балаларға арналған қазақ тілінде оқулықтар жасау, жазу, оқу жағынан орасан зор, теңдесі жоқ 
еңбегі. 
«Ахмет Байтұрсынов – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының 
авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын 
Байтұрсыновтың әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл құралы» арқылы оқып 
үйренеді» - деп Рабиға Сыздықова дәл айтады [7, 19 б.]. Оқулық жасау жолында оқулықты 
білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Жазу - мәдениеттің ажырамас бір 
бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына 
әсер етеді. Байтұрсынов балаларды ана тілінде оқу мен жазуға үйретудегі асыл мақсатқа 
ұмтылады. Бұған да көп күшін жұмсайды. Ақын, ең алдымен, араб әліпбиіне емес, қазақ 
әліпбиіне негізделген оқулықтарды жасау қажеттігін айтады. Осыған орай 1910 жылы Ахмет 
Байтұрсынов қазақ әліпбиі мен қазақ тілі оқулықтарын жасауға кіріседі. Ең кеңінен таралған
«қазақ жазуы» немесе «Байтұрсынов жазуы» атанған қазақтың ұлттық графикасын атап өтсек. 
Қазақ графикасының негізіне ең жақын сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ 
фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, 
арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосып, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік 
заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Осылайша графиканы түзеп, 24 таңба 
жасайды. Байтұрсынов әдісінің арқасында балалар 6-8 айдың ішінде сауат ашуға мүмкіндік 
алады. Ағартушы жасаған және оның атымен аталған графикалық жүйе қазақтардың 
сауатсыздықты тез жоюға, жазба мәдениетін жақсартуға мүмкіндік берді. 


84 
Ахмет Байтұрсыновты араб алфавитін тұңғыш реформалаушы және соған 
сәйкестендіріп, емле ережелерін құрастырушы, қазақ жазуы мен әліпбиінің тағдырын шешкен 
ғұлама ғалым деп білеміз. Реформатордың айтуынша, әліпби жазуға қарапайым және түсінікті 
болуы керек. Әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, 
уақытты көп алады. Осының бәрі ескерілсе, әліпбиді тез меңгеруге көмектеседі деген ой 
білдіреді. Әліппе жазу барысында ғалым балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық 
дамуын ескерген. Оның «Әліппесі» бірнеше рет қайта басылып, толықтырылып, жаңа түрінде 
шығады. Оны көп жылдар бойы пайдаланды.
Халыққа білім берудің қаншалықты қиын екенін, бірақ соған қарамастан қайтсе де 
білім алуды жақсы түсінген ағартушы: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол 
шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген 
кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім-ғылымнан 
қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз 
мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді
[8, 273 б.]. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан 
құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, 
тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді. 
Байтұрсынов оқудың мектеп, медреселерде өтуі керектігін түсінеді. Одан кейін 
мектепте қазақ тілін үйрету және оны пән ретінде енгізуді қарастырып, «Тіл - құрал» оқулығын 
жазуға кіріседі. Бұл оқулық үш бөлімнен, үш шағын кітап болып жарияланады. «Тіл - құрал» 
тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі 
қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін 
қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» 
мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. 
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетасын қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - 
ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты 
категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, 
сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас 
сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы - Ахмет 
Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не 
жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенін 
олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы. 
«Тіл жұмсар» мен «Сауат ашқыш» еңбектерінде тілші қазақша дұрыс сөйлеп, оқып, 
дұрыс және сауатты жазудың әдістерін қарастырады. «Тіл жұмсар» кітабы жұмыс тәжірибе 
арқылы сөйлеу, жазу, оқу тілін үйретсе, «Сауат ашқыш» - әдістемелік жағынан түрлі 
тақырыпта берілген дидактикалық материалдармен көзге түсетін еңбек. Сапалы білім беру 
үшін ғалым үнемі ізденімпаздыққа, жаңалыққа құштарлығын көрсете біледі [4, 129 б.]. Ғалым 
әдіс түрлерін ізденіп, салыстырып, біршама тиімді тәсілдер мен қағидаларды жазады. 
Көрнекілік әдістің маңызды рөліне көңіл аударады. Әсіресе, тіл ұстарту, сөйлеу барысында 
суреттерге, иллюстрацияларға тоқталып, олардың тиімділігін көрсетеді. Бүгінде педагог-
ағартушының дидактикалық принциптерін ұстанып жүрген мұғалімдер аз емес. 
Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері қазіргі білім беру саласында әлі де өзекті. Яғни, 
кез келген мемлекеттің дамуының негізі - білім беру деп түсінеміз. Біздің заманымызда 
тәрбиенің тарихи негізіне жүгіну қажет, өйткені тарихи педагогикалық мұраны түсінбей, жас 
ұрпақты адами мұраттарға жеткізу мүмкін емес. Ұлы ғалымның бүкіл өмірі мен 
шығармашылық жолы, оның өмірдің сан алуан салаларына көзқарастары ерекше 
қызығушылық тудырады және қазіргі тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді. 
Ақын бізге өсиет ретінде сауатты жазуды қалдырған. Ал біз болсақ, кейбір жағдайда сауатты 
жазу мәселесіне керекті көңіл бөліне бермейтін тұстарды көріп, қынжыламыз.
Ахмет Байтұрсыновтың тағдыры – баршаға өнеге. Бұл – халқына аянбай қызмет етудің 
үлгісі [5, 41 б.]. Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының табиғатынан аса дарынды ұлы, ел 


85 
мақтанышы. Туған халқының мәдениетінің дамуына аса зор үлес қосқан дара тұлға. Оның 
шығармашылығы мен еңбектері жас ұрпақтарға қалдырған асыл мұра. Ол – өмір шындығын 
озық идеясы тұрғысынан таныта білген тамаша қаламгер. Бұл кісінің өмірі, жанқиярлық 
қызметі бір емес, бірнеше ұрпақты асқақ ойларымен нұрландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет