«...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет
Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл». Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың
рухани көсемі бола білді. Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет
Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси-әлеуметтік ой-арманы бүгінгі Егеменді
Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда
ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.-399 – 410 б.
2. Ахаңның ұлт әдебиетіндегі айшықтары [Мәтін]/Республикалық қоғамдық, ғылыми-
танымдық, әдеби-көркем журнал. 11 бет.
3. Ахаңның ұлт әдебиетіндегі айшықтары [Мәтін] /Республикалық қоғамдық, ғылыми-
танымдық, әдеби-көркем журнал. 12 бет.
4. «Ақжол» газеті. 1923 жылы 4 ақпан.
5. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС,
2010 жыл. 310 бет *Айбын. Энциклопедия. /Бас ред. Б.Ө.Жақып. Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011.
6. Ерсінбай Манашов, Өлеңдер, Мысалдар. Мақалалар. Зерттеулер. Ахмет Байтұрсынұлы
туралы естелік. [Мәтін] – 210-211 б.
94
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ- ПІКІРЛЕРІНІҢ ДАМУЫ
ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Баймуханова Гулмиран Абилхановна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ахметтің ұлылығы ұлт ұстазы дәрежесіне келтірілген еңбегінде ұлы ұстаз теоретик
ретінде бала тәрбиесінен бастап, ұлттық санаға дейінгі педагогикалық мәселелерді жан-жақты
зерделеді. Халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ғалым-
педагог Ахмет Байтұрсынұлының 40 беттік қазақша әліппесі «Оқу құралы» деген атпен
1912 жылы Орынбор қаласында М.Ш.Кәрімов пен Ш.Құсайыновтар баспасында жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы
күнгідей суреттермен берілген оқулық болатын, кітапты «Жаңа әліпби» деген атпен
Қызылорда -Ташкент баспалары бірігіп шығарған.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін
дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше
әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен
методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат
ашу әдістерінің жөн-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп, ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі
бағдарлама қойып бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды
көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын»
ұсынды, тілді дұрыс жұмсай беру тәртібін көздеп, тілді оқытудың әдістемесін жасауды
міндетіне алып, «Баяншыны» жазды. «Баяншы» еңбегі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-
қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері, екінші бөлімі дыбыспен жаттығу деп
аталады. Еңбек - бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі.
Еңбектің 1 бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат
береді. Қазақ тілінде жиырма төрт түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі - дауысты, он жетісі-
дауыссыз, екеуі - жарты дыбысты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөледі. Жуан
және жіңішке дыбыстарға толық тоқталады. Дыбыс пен жаттығу деген бөлімде дыбысты қалай
оқыту қажет деген мәселе төңірегінде әдістемелік ой қозғайды. Дыбысты меңгеруге
байланысты мұғалімдерге бірнеше ақыл-кеңес береді.
Ахмет Байтұрсынұлының бұл әдістемелік еңбектері мұғалімдерімізге, әсіресе,
бастауыш мектеп ұстаздарына таптырмайтын әдістемелік құрал десек артық айтқанымыз емес.
«Қай әдіс жақсы» атты еңбегінде әр әдіс орнында жақсы, әдіс-қажеттіліктен шығатын нәрсе
деген ойларды айта келіп, сауаттау әдісі /сауат ашу, сауаттандыру/ атауын тұңғыш рет
ұсынады. «Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне
жақсы болған сауаттау әдісі екіншісінде жақсы болады деп айта алмайды» - дейді. Автордың
зерттеуінде ана тілімізді Еуропа тілдерінің, мәселен, ағылшын, француз, итальян, орыс,
сондай-ақ, қытай, татар, азербайжан, қырғыз тілдері ерекшеліктерімен салыстыра зерделеу,
түсіндіру, талдау бар.
Сауат ашатын әліпбимен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілі
фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды. Сөйтіп, ағартушылык қызмет оны
ғалымдыққа жетеледі. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оған қажет графика туралы алғашқы
пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде
жариялайды. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, қалыптаса
бастайды. Бұлайша түзетілген алфавиттің сауат ашудың дыбысы жүйелі әдісіне сай келетін
графика екендігін айтады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне икемдеген араб жазуын қазақ
95
жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы талассыз қабылдады, себебі, бұл қазақ тілінің
табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған болатын. Ахмет
Байтұрсынұлы түзеткен жазу 1912 жылдардан бастап іс жүзінде колдана бастады, яғни осы
жазумен кітаптар шықты, 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс
мектептерінде де осы жазу қолданылды. Ахмет Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы
1924 жылы ресми түрде қабылданды. Бұл өз кезегінде қазақ халқының мәдени дүниесінде
үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиетінің дамуына,
баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен регрессивтік құбылыс болды. Ахмет
Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары үлгі тұтып, өз жазуларына өзгерістер
енгізді.
Бүгінгі қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығу жұмыстары Ахмет Байтұрсынұлының
«Тіл-құралындағы» ұсынылған жаттығулардың түрлерімен орайласа, сабақтаса өрілген.
Әдіскер ғалым оқулықтарында әрбір тілдік тақырьш өтілгеннен кейін жаттығулар беріліп
отырады. Ол жаттығуларда белгілі тақырыпқа орай баяндалған түсіндірмелер мен ережелерді,
тілдік материалдарды жете білдіру және ол қағидаларды тіл практикасында қолдануға
дағдыландыру мақсаты көзделеді. Олар сынау бағытындағы жаттығулармен бекітіледі. Егер
жаттығуларға мазмұн тұрғысынан да, пәннің және оньң әрбір тарауы мен тақырыбының
мақсаты мен міндеті тұрғысынан да түрлі талаптар қойылатынын ескерсек, Ахмет
Байтұрсынов жаттығуларды сол талаптарға байланысты құрған. Мәселен, әдіскер
жаттығулардың мазмұны жағынан алғанда, тәрбиелік және жалпы білімдік мәнін ерекше
ескерген. Әрбір тақырыптан кейін берілген жаттығулар сол тақырыптың мақсаты мен
міндетіне сай құрастырылған. Жаттығуларды мазмұн жағынан да, мақсаты жағынан да бір
сарында алмай түрлендіріп отырған. Бұл талаптар оқулықтың әрбір тарауы мен тақырыбында
мүмкіндігінше ескерілген.
Сонымен, Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері сол кездегі қабырғасы жаңа
қаланып келе жатқан казақ бастауыш мектептерінің жаңа талаптарына сай жазылған
оқулықгары мен оқу құралдары дәрежесіне көтерілген.
Қорытындылай келе, Ахмет Байтұрсыновты қазақ бастауыш мектебінің іргетасын
қалаушы ғалым-педагог деп танып, оның бастауыш мектеп жайлы мұраларының бүгінгі
уақытқа дейін ғылыми-педагогика саласында зерттелмегенін, әсіресе, бүгінгі таңдағы
бастауыш мектеп педагогикасы мен оның тарихы жайлы кейбір көкейкесті мәселелерінің бірі
екендігін дәлелдеуге көмегін тигізеді.
Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларын зерттеу
барысында қазақ бастауыш мектебіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жүйесін
(оқудың ана тілінде болуы, қазақгың ұлттық жазу графикасын жасау, бастауыш мектептегі
жоспарлы оқу, оқу бағдарламалары, оқу кітаптар мен оқулықгар жазу) құрушы ғалым, оның
бастауыш мектеп педагогикасы ғылымы саласында өшпес із қалдырғанын, еңбектерінің
тәрбиелік жақгарының жоғары екенін дәлелдейді. Ғалым-педагог Қазақстандағы бастауыш
мектеп педагогикасы ғылымдарының дамып жетілуіне үлкен үлес қосты. Оның қазақ
бастауыш мектептеріндегі оқу процесінде оқушыларды жан-жақты дамыту мен тәрбиелеудегі
басшылыққа алған ұстанымдар жүйесін қазіргі кезеңдегі бастауыш мектеп тәжірибесіне
пайдаланады. Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларында
бүгінгі және келешек қазақ бастауыш мектебі үшін пайдалануға боларлықтай ғылыми-
педагогикалық ой-пікір, идеяларды көрсетуге болады:
- бастауыш мектепте оқу баланың туған тілінде болуын ескеру;
- бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізге бағытталуын ескеру;
- оқулықтардағы оқу материалдарын да халықтық педагогика элементтерінің қамтылуын
ескеру.
Ғалым-педагогтың бастауыш мекгеп педагогикасы ғылымы саласында құнды идеялары
өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесін жүзеге асыруда көпшілік ғалым-педагогтардың
қолдауына ие болып қолданыс табатыны сөзсіз.
96
XX ғасырдың бас кезіндегі оқудың ана тілінде болуы жайлы ғалымның ұстанған жаңа
педагогикалық оқу жүйесі, жалпы қазақ бастауыш мектептеріндегі оқуды ана тілінде
ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуының тарихи-педагогикалық
алғы шарттары, жасалған қайнар көзі, бұлақ-бастауы деп бағалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |