«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет45/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. «Аңыз адам» журналы №4 2019 ж., 7-8 бет. 
2. «Ақ желкен» журналы №5 2020 ж., 6-7 бет. 
3. «Егеменді Қазақстан» журналы №6 2020 ж., 8-9 бет. 
4. «Мөлдір бұлақ» журналы №7 2021 ж., 5-6 бет. 
5. «Парасат» журналы №5 2021 ж., 4-6 бет. 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ 
Баймурзина Салтанат Арыстангалиевна
Аралбаева Алтынай Амандыковна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Рудный қаласы білім бөлімінің ДМ. Карбышев атындағы 
№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 
 
 
Талай жылдар қараңғылықтың құрсауында болып, құлдық сананы сіңірген қазақ 
халқының басынан осындай ауыр кезеңдер өтті. Бұлтты күнде жарқырап шыққан күндей 
болып, еліне білім нұрымен сәуле шашқан зиялы қауым өкілдері осы ХХ ғасырда пайда бола 
бастады. Қазақ тіліндегі ақпарат құралдары мен газет-журналдарды таратып, жастарды ілім-
білім қууға шақырған ұлтымыздың бетке ұстар азаматтарының көшін Ахмет Байтұрсынұлы 
бастап тұр. Ахмет Байтұрсынұлы - тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан 
салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет 
зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы. 
1913 жылы «Қазақ» атты басылымның алғашқы шығармашылығында газеттің бас 
редакторы Ахмет Байтұрсынұлы: «....Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға 
ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің 
тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің 
халқымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ 
тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат 
заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де сол тілге 
ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, 
осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті», - деп 
жазған екен. Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттанушы-ғалым ретінде осы айтқандарын бірінші 
болып өзі көрсетті. Оған айғақ – оның қаламынан шыққан: «40 мысал», «Маса» жинақтары [2, 
11 б.]. 
Ғалым 1913 жылы ғылым-білім туралы айта келіп: «......ғылым, өнер турасында біздің 
жайымыз.... жарлының халі сықылды. Ғылымның жаңа жолын табуды іздемек түгіл, тапқан 
ғылымға қолымызды жеткізерлік бізде еш нәрсе жоқ. Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, 
білумен жайылады. Білімнің бас құралы - кітап. Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі, оқу 
үйрететін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға 
керек» дейді Ахмет атамыз. Міне, осы «керектілердің» жолында бірінші болып өзгелерге үлгі 
көрсетіп, тіл саласында «Оқу құралы», «Тіл - құралы» оқулықтарын, әдіскер ұстаз ретінде 
«Баяншы», «Сауат ашқыш», «Әліп-би», «Тіл - жұмсар» атты кітаптарды жазды. Бұл 


92 
еңбектерінен басқа «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген өзекті 
мақалаларының өзі біраз [3, 12 б.]. 
Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, 
қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, 
қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ахаң еді», - деп жазылған [4, 270 
б]. 
Кез келген ұлт зиялысы болған тұлғаның мақсаты халқына қара танытып, сауатын ашу, 
білім нәрімен сусындату. Ол үшін ең басты дүние орыс әліпбиі емес, қазақ халқының өзіне 
ғана тән әліпбиі болуы. Аңғарып қарайтын болсақ, ғалым өзінің жарты жылдық өмірін осы 
әліпбиге сарп еткен екен. Нәтижесінде, жаңа қазақ әліпбиінің пайда болуына себеп болған 
тұлға Ахмет Байтұрсынұлы болып қазақ тарихында мәңгі қалды. Ол сонымен қатар сол 
әліпбилерге байланысты ережелерді ойлап табады және әріптерді дауысты мен дауыссыз 
қылып екіге бөледі. Келесі кезекте қазақ халқына зат есім, сын есім, сан есім, етістік, одағай, 
есімдік, шылау атты 7 сөз табымен таныстырады. Жоғарыда, Байтұрсыновтың жазған 
әліпбиінде 24 түрлі дыбыстан тұратынын айтып өткен болатынмын. Бұнда дыбыстардың 
бесеуін дауысты, он жетісі дауыссыз, ал қалған екі дыбысты жартылай дауысты, жартылай 
дауыссыз қылып бөлген екен. 
Ахмет Байтұрсыновтың жасаған қазақ әліпбиінің басқа әліпбилерге қарағанда 
ерекшелігі өте көп. Мысал ретінде қазақ тілінде және орыс тілінде айтылатын сөздердің 
дыбыстары өзгеше және бірі-біріне мүлдем ұқсамайтындығын айтсақ болады. Тіпті 
әріптерінде де көп өзгешілік бар. Кейбір әріптер мен дыбыстар өзгешілікке ұшыраса, ал кейбір 
әріптер мүлде қолданылмайды. Мысалы, қазақ тілінде «һ» деген әріп және дыбыс бар, бірақ 
бұл орыс тілінде басқаша таңбаланады және дыбысталады. «Әліп-би түзеу, емле түзеу 
жағынан соңғы кезде істелген істер жемісті болып, бұл жағынан біз Еуропа, Америка 
жұрттарының алдында тұрмыз. Әріпті өнер құралдарына икемдеу жағынан да олардан 
асыратынымызға көз жетіп отыр. Солай болған соң аз күшімізді алға шыққан жақтағы керексіз 
іске салғанша, басқадан кейін тұрған жағымызға жұмсауымыз жөн емес пе деймін» деген 
Ахмет атамыз барынша өз күшін әліп-би түзету, дамыту жұмыстарына арнаған. Алғашында 
оның жасаған әліпбиіне ғалымдар оң және сол көзқараспен қарады. «Ұлт ұстазын» қолдамаған 
көптеген тіл ғалымдары: «Ахмет Байтұрсыновты діннен адасқан, кеңес одағына бізді сатқан 
сатқын» - деп айыптап, халықты Ахмет Байтұрсыновқа қарсы қойды. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлтының мәдениеті, ғылымы мен білімі жолында аянбай 
еңбек еткен ірі қайреткер, қайталанбас зор тұлға. Халық алдында жасаған еңбегі үшін оны 
біркездері «Қазақтың Ахаңы» деп атаған Байтұрсыновтың қызыл империяның солақай 
саясатының кесірінен қаза тапқаны бәріне белгілі. Тіпті түрлі айыптаулар тағып, «халық 
жауы» деп айыптап, ату жазасына кескендігін де білеміз. Сондағы таққан айыптаулары 
«ұлтшыл», «кеңес одағына қарсы көтерілісті ұйымдастырмақшы болған адам», «Германия 
мемлекетімен құпия шрифт арқылы көп келіссөздер жасаған» деген қарапайым, ақылға 
сыймайтын сөздері ғана. Алайда, Байтұрсынов қазақ халқының өздері жоғалта жаздаған ана 
тілдері мен діндерін қайта қайтаруға үлкен септігін тигізгендігін айтпасақ та көрініп тұр. 
Мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек, А.Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық 
игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, «Байтұрсыновшыл» болу - бүгінгі 
қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы 
қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы 
тұста оның атақты «Тіл - құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып 
жарияланған оқулықтары жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ 
тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы 
болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда 
Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны ерекше. Оның тағы 
бір зор еңбегі – ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі 


93 
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Онымен қоса 
қазақ графикасын жасайды. Ғалымның жазған кітаптары да аз емес, ол кітаптар ағарту 
мақсатында қызмет етумен қатар да, ғылыми тұрғыдан да аса құнды. Атамыз өзінің қуатын 
халықтың зәру мәселелеріне, күнделікті қажеттілігіне арнаған қаламгер. Өлең-мақалалары да, 
ғылыми да, ғылыми-зерттеу еңбектері де халық ағарту ісіне бірден-бір қажетті, өнегелі 
жолдың басы болған дүниелер. Қазақ халқы үшін Ахмет жасаған әдеби дүниенің көркемдік-
әлеуметтік таным әлемінің әсері ғаламат [5, 310 б.]. 
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға 
тарихи тұрғыдан баға беру, тілші ғалымдарының еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс, көп 
жылғы көзжұмбайдан, қиянаттан арылатын тұс келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, атүсті 
қарағанның өзінде толып жатқан шындық алдынан шығады. Бірер мысалға жүгінелік. 
«Тіл - құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. І. Тіл танытқыш құрал». Қазақ-қырғыз 
білімпаздарының І-ші тобының қаулысы бойынша өзгертіліп 5-ші басылуы. Қызылорда.
1925 ж. Сөз басы былай басталады: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын 
қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық 
күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы 
күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен 
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...» Бұдан кейін жазуға үйрету, хат 
таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайы, олардың қиындықтарын 
таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді 
де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз: «Дүниедегі жұрттардың 
тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл 2) жалғамалы тіл 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл 
түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің 
аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен: түрік, фини тілдері. Қопармалы тіл сөз 
түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі» [6, 210 б.]. 
Ал «Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, 
сонан соң басқа тілдерді оқытуға тиіспіз. Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен 
қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек»деген пікірлер ешқашан өз 
маңызын жоймақ емес [7, 211 б.]. 
Биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтуде. Жұртшылық жақсы 
білуі тиіс, Байтұрсынұлы әйгілі Қарқаралы петициясы авторларының бірі болды. Ол ұлтына, 
қазақ халқына адал қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет