«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет44/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. А.Байтұрсынұлы «Ақ жол» Алматы: «Жалын», 1991, 464 бет. 
2. «Бес арыс» Алматы: «Жалын», 1992, 544 бет. 
3. С.Кәкішев «Ахаң туралы ақиқат», Алматы: «Қазақстан», «Шапағат», 1992, 112 бет. 
 
 
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫБЫНДАҒЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Байгамысова Махаббат Адильхановна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Меңдіқара ауданы білім бөлімінің
Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ 
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі 
 
 
«Тәрбие басы–тал бесіктен» демекші, жаңартылған білім беру үрдісінде елжандылық, 
адамгершілік, мейірімділік тәрізді адами құндылықтар мектепалды даярлық сыныбынан 
бастау алады. Өзімнің тәжірибемде тәрбиелеу және оқыту жұмысында балалардың тілін 
дамыту, сөздік қорларын дамыту, елін сүюге тәрбиелеуге ерекше мән беріп келемін. Биылғы 
жылдың ерекшелігі – жыл мерейтойға толы. Осы орайда тіл атасы, қазақтың ақыны, әдебиет 
зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 
150 жылдығы қарсаңында қалам тербеп, өз пікірімді ортаға салғым келді.
Өз халқының кемеңгер перзенті Ахмет Байтұрсынов халықты білімге, ғылымға 
шақырды. Кез келген ұстазды көз алдыма елестетсем, менің жүрегіме жылылық ұялайды. 
Соның ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен үшін ерекше тұлға. Ахмет 
Байтұрсыновтың ғибратты сөздеріне сүйене отырып, адамның ішкі жан-дүниесі мен 
ақылының, сабырының, қайраты мен мейірімінің рухани қайнар көзі білім мен ғылым екенінде 
сөз жоқ. Әсіресе, қазіргі таңда білімі жоқ адамның өмірден орын таппасы анық деген 
тұжырымға келдім. Сондықтан мұрасын тағы бір рет саралап шықтым. Тарқатып айтсам
Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралы» қазақша жазылған тұңғыш еңбегі болатын. Бұл әліппе 


90 
оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. 
«Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде 
бағаланады. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл - құрал» атты оқулығының 1915 жылы 
фонетикаға арналған бөлімі, морфологияға арналған бөлімі 1914 жылы, синтаксис бөлімі
1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл - құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол қазіргі 
қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тілі білімінің тарау-тарау 
салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға 
берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды болып, 
тұңғыш төл грамматикалық терминдерді қалыптастырды. Бұл жол - бізді білімге, ғылымға 
апарар жол. Иә, біз Ахмет Байтұрсыновтың ізбасары ретінде мұраларын тани түссек, жас 
ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, Қазақстанды әлемге танытамыз, оның өлеңдері біз 
үшін рухани азық. Өйткені, ағартушының мұрасы білімімізді молайтып, жүрегімізге сөнбес 
білім шырағын жақты. Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы, оның ішінде мысалдары 
тәрбиеленушілерге жаңа білім беруде көмегін тигізуде, балалардың жас ерекшелігіне сай 
мысалдарын инновациялық әдістер арқылы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеп келемін. 
Әсіресе, «Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» деген өлең жолдарын топпен «Ойлан. 
Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы, қызықты тапсырма беру арқылы осы сөздің мағынасын 
ұғындырдым. Тақырып бойынша ізденіс үстінде ұлы ақынның білім мен тәрбиені ешқашан 
бөліп қарамағанын түсіндім. Өйткені, жақсы тәрбие тек білім арқылы ғана келеді деп үндеу 
тастаған ақын ұлттың санасын көтере отырып, өз шығармашылығында ең бастысы білімге 
көңіл аударды. Қазіргі таңда өзімді жаңа заман перзентін тәрбиелеп отырмын деп есептеймін. 
Сондықтан еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу үшін терең білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ 
тәрбиелеуіміз шарт. Өйткені, қазіргі жаңа ақпараттық заман бізден бәсекеге қабілетті ұрпақ 
тәрбиелеуді және сапалы білімді талап етеді. Яғни, «Талапты жетер, мұратқа» демекші, осы 
орайда ағартушының мұрасы біз үшін кетпес байлық, рухани азық дер едім. Ахмет 
Байтұрсынов - сөз өнерінің шебері. Себебі, ұлы ақынның өлеңдері бүгінгі күні 
тәрбиеленушілерді қанаттандырып, талабын ұштайды.
Жұмыс барысында біз әрдайым ұлы ақынның даналық сөздерін жадымызда ұстауымыз 
керек. Ұлы ақынның өлеңдерін өзімше пайымдап көрдім. Мәселен, «Маса» өлеңінің өзегі 
білімге, еңбекқорлыққа шақырады. Көмекке зәру халқыңды білім арқылы биікке көтер, еңбек 
ет деп үндеу тастайды. Бұл өлеңдер мектебімізде әлі де маңызын жоймай келеді. Осы өлеңді 
зерде салып оқып-түсінгенім, маса сияқты құр ызыңдап ұша бермей, еліңе еңбек ет, ұйқыдан 
аулақ бол деп жалқаулықтан сақтандырады. Иә, бұл өлең тәрбиеленушілер үшін қазіргі сәтте 
өте маңызды. Мен бұл өлеңді сыныбымда ақпараттық технологияны қолдана отырып, 
тәрбиеленушілерге мультфильм жасап көрсету арқылы жалқау болмауға үйретемін. Өлеңдері 
түсінікті тілмен жазылған, балалар үшін тәрбиелік мәні зор. Міне, осындай ойға келген сәтімде 
«Оқуға шақыру» өлеңі жадыма оралады. Қазіргі таңда тәжірибемде Ахмет Байтұрсыновтың 
алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған 
арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, 
тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Мәселен, «Қайыршы мен қыдыр» 
шығармасында қайыршы болса да, адам баласының бойындағы асыл қасиеттерді дәріптесе, 
«Ат пен есек» мысалында адам байлыққа тек еңбекпен жететінін дәлелдейді. Ал «Қартайған 
арыстан» мысалы арқылы адам өмірінде жақсы істерімен мәңгі екенін ескертіп айтады. Иә, 
қай шығармасын қолға алсаңыз да ғибратты ойға кенелесіз. Әсіресе, мысалдарын оқыған 
сәттегі ойымды тек қағаз бетіне түсірмей, санамда сақтай алдым десем, артық айтқаным емес.
Қазіргі таңда тәрбиеші ретінде, бұл ойым тәрбиеленушілерге менің білім берудегі
түпкі қазығым болмақ. Иә, қазіргі күні латын тілі де өмірімізге кезең-кезеңмен енгізіліп келеді. 
Ойын барысында тәрбиеленушілерді латын әліпбиінің элементтерімен таныстырып қоямын. 
Жаңартылған білім аясында Ахмет Байтұрсыновтың салған сара жолын жалғастырып келеміз 
деп ойлаймын. Сондықтан тәрбиеленушілерге ғаламторға үңілгенше, Ахмет Байтұрсыновтың 


91 
мысалдарын кара, санаңда білім болып жатталып қалады, тіліңді дамытады, сөздік қорыңды 
молайтады дер едім. Міне, осы орайда өзімнің тәжірибемде, сабақ барысында мысалдарын 
сахналау арқылы қолданып келемін. Сөз соңында, Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы арқылы 
тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік дегім келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет