Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Романтизмнiң ең iрi жаңалығы – тарихилық дедiк. Ал осы  тарихилық сипаты романтизмде қалай көрiндi? Жауап



Pdf көрінісі
бет123/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Романтизмнiң ең iрi жаңалығы – тарихилық дедiк. Ал осы 
тарихилық сипаты романтизмде қалай көрiндi?
Жауап. Романтик қаламгерлер шығармашылығына тән тәсiлдердiң бiрi 
өмiрдi ұдайы қозғалыс үстiнде, қарама-қайшылықтар күресi үстiнде 
бейнелеу болса, бұл өткендi суреттеу барысында да үнемi көрiнiс тауып 
отырды. Романтиктерге тән ойлаудың тарихилық сипаты, әсiресе, дәл осы 
кезеңде дүниеге келген тарихи роман, тарихи драма жанрларында әрi 
айқын, әрi тұтастық сипатта көрiндi. Бұл пiкiрге Ф.Купер, В.Скотт, Виньи, 
В.Гюго, А.Дюма шығармашылықтары дәлел бола алары сөзсiз. Нақты 
мекеннiң, дәуiрдiң, ұлттың, тарихтың, жеке адамның алуан түрлiлiгi де 
романтиктер көзқарасында белгiлi бiр философиялық мәнге ие болды, яғни 
бұл бiртұтас дүниенiң байлығын тұтастай танып-бiлу деп бағаланды. 
Сұрақ. Әдебиет тарихында романтизмге дейiн де үлкендi-кiшiлi 
iзденiстер болғаны мәлiм. Романтизм өзiнiң алдындағы ағым-бағыттардан 
қандай сипатымен дараланады? 
Жауап. Эстетика саласында романтиктер классицистер ұстанған 
“табиғатқа елiктеу” қағидасына ақиқат өмiрдi жаңғыртып бейнелеуге құқылы 
суреткердiң шығармашылық белсендiлiгiн қарсы қойды. Классицизм 
эстетикасы қалыптастырған қасаң қағидаларды мойындамай, романтиктер 
адам баласы жасаған көркемдiк түрлердi қай ақынның да өз қалауынша еркiн 
пайдалануын жақтады. Романтизм эстетикасының түп мәнi төмендегi 
жайларға сайды: Суреткер көзге көрiнiп тұрған шындықтан гөрi әсем де 
әсерлi, шынайы, өзiндiк айрықша әлемiн жасайды. Өйткенi, өнер өз бойына 
дүниенiң ең жоғары құндылықтарын, терең мәнiн жинақтауға қабiлеттi. 
Сондықтан да өнердiң өзi – ең жоғарғы шындық болып табылады. Өнер 
туындысы тiрi организм тектес, ал көркемдiк пiшiн мазмұнның сыртқы 
бейнесi емес, оның тереңiнен өнiп шыққан, әрi онымен тығыз байланысты 
әлдене ретiнде түсiндiрiледi. Романтиктер суреткердiң шығармашылық 
еркiндiгiн, ой-қиялын қызғыштай қорғап, эстетикалық нормаларды, өнердегi 
өлшеулiлiктi жоққа шығарады. Романтиктер пiкiрi бойынша, данышпан 
қағидаларға бағынбайды, ол оны өзi жасайды. Алайда бұған қарап, олар 
өздерiне тән жаңа романтикалық қағидалар мен заңдылықтарды 
қалыптастырған жоқ деуге болмайды.  
Сонымен бiрге романтизм дәуiрi әдеби жанрлардың жаңаруымен 
дараланады. Тарихи романдар, фантастикалық повестер, лиро-эпикалық 
поэмалардың тууы, лириканың айрықша өркендеуi – романтизм дәуiрiнiң 


152 
еншiсiнде. Поэтикалық бейнелеу құралдары жағынан қарастырар болсақ, 
романтиктер өздерi үшiн ғажайып боп көрiнгендi де, сұрықсыз көрiнгендi де 
әсерлiлiк қуатын әлсiретпей жеткiзуге себi тиетiн көтерiңкi сарындағы 
сөздердi жасайтын тәсiлдердiң алуан түрiн бiрдей пайдаланды. Поэтикалық 
сөз мүмкiндiгi көп мағыналылық, ассоциативтiлiк, метафораның молдығы, 
өлең өрнектерiндегi тың шешiмдер нәтижесiнде арта түстi. Романтизм 
теоретиктерi әдебиеттiң тектерi мен түрлерiнiң алшақтығын насихаттады, 
өнер мен философия, дiннiң өзара байланыста болуын, етене араласуын 
жақтады, музыка мен бейнелеу өнерiнiң поэзиядағы бастауын атап көрсеттi. 
Көркемдiк бейнелеу ұстанымдары тұрғысынан романтиктер фантастикаға, 
сатиралық гротескiге, сыртқы пiшiндегi ашық шарттылыққа iш тартып, 
күнделiктi мен қалыптан тыс жайларды, қайғылы мен күлкiлiнi батыл 
араластырды. 
Әр елдiң ұлттық тарихи даму ерекшелiктерiне қарай романтик-
қаламгерлер шығармашылығының да өзiндiк даралық белгiлерi кездеседi. 
Сонымен қатар романтизм өкiлдерiнiң шығармашылықтарына тән тұрақты 
сипаттар да бар. Романтизмнiң мұндай ортақ белгiлерi ретiнде оны тудырған 
тарихи жағдайды, әдiс ерекшелiктерiн және қаһарман сипатын атауға 
болады. 
Европалық романтизмдi дүниеге келтiрген тарихи жағдай Ұлы француз 
революциясына байланысты өзгерiстер кезеңi болғанын, соған байланысты 
романтик суреткерлер өз дәуiрiндегi өзгерiстерден қанаттанған жеке адам 
еркiндiгi идеясын бойға дарытқанын жоғарыда айттық. Сонымен бiрге олар 
ақша билiк еткен қоғамдағы адамның қорғансыздығын да түсiне бiлдi. Сол 
себептi де көптеген романтиктер дүниетанымында айналадағы дүние 
арасынан жол таба алмай абыржу, жеке адам тағдырының қасiретi (трагизм) 
жиi кездестi. Ал орыс романтизмiнiң туып, өркендеуiне айрықша әсер еткен 
оқиғалар 1812 жылғы Отан соғысы мен 1825 жылғы декабристер көтерiлiсi 
болды. 
Сұрақ. 
Романтизм 
әдiсiн 
өз 
шығармашылығында 
қолданған 
қаламгерлердiң барлығын нақты бiр көзқарастың жақтаушылары деуге бола 
ма? 
Жауап. Қоршаған дүниенi жоққа шығару тенденциясы ортақ бола тұра, 
романтизм саяси-әлеуметтiк көзқарас тұрғысынан тұтастыққа қол жеткiзе 
алмады. Керiсiнше, романтиктердiң қоғамға көзқарасы, қоғамдағы және өз 
дәуiрiнiң тартыс-талқысы тұстарындағы позициясы бiр-бiрiне мүлдем 
кереғар болып жатты. Бұл орайда олардың бойында революцияшыл (дұрысы 
бүлiкшiл) көзқарастан керiтартпа консервативтiк көзқарасқа дейiнгi сипаттар 
қатар ұшырасады. Осыған орай романтизмнiң өзiн керiтартпа (реакциялық), 
сырттай 
қызықтаушы 
(созерцательный), 
либералдық 
(ымырашыл), 
прогрессивтi, т.с.с. деп таратуға да болады. 
Байыбына барар болсақ, романтизмнiң iлгерiшiл яки керiтартпа аталуы 
оның негiзгi көркемдiк әдiсiне емес, қаламгердiң әлеуметтiк, философиялық 
немесе саяси көзқарасына қатысты. Себебi көркем шығармашылық мәселесi 


153 
жеке қаламгердiң саяси немесе дiни сенiмдерiнен әлдеқайда ауқымды мәнге 
ие. 
Бiр жағынан, жеке адамға, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасына 
деген айрықша құштарлық, екiншi жағынан ақиқат өмiрге идеалдық өмiрдi 
қарсы қою – романтизмнiң негiзгi тәсiлдерi болып келедi. Романтик-
суреткер үшiн шынайы жаратылысты қаз-қалпында бейнелеу шарт емес. Ол 
үшiн сол өмiр шындығына деген өз көзқарасын таныту, түптеп келгенде 
өзiнiң ойдан жасалған әлемiн көрсету маңызды мән иеленедi. Көбiне-көп 
романтик-қаламгерлердiң жасаған көркем әлемi қоршаған ортаны шындық 
өмiрге қарама-қарсы сипатта көрсетедi. Өйткенi ол өзi тудырған көркем әлем 
арқылы өзiнiң асқақ мұрат-идеалын, өзi жоққа шығарып отырған дүниенiң 
ұнамсыздығын оқырманға жеткiзуге, санасына сiңiруге ұмтылады. Дәл 
осындай мақсат көздеушiлiк романтикалық көркем туындының бүкiл 
құрылымына әсер етiп, оның субьективтiлiк сипатын айқындайды. Қандай 
да бiр романтикалық туындыдағы оқиғалар автордың өзiн айрықша 
қызықтырған қаһарманның қасиеттерiн ашу үшiн ғана қажет болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет