Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Романтизммен салыстырғанда реализм әдебиет дамуында  айрықша орын алатыны анық. Соның сыры неде?  Жауап



Pdf көрінісі
бет125/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152
Сұрақ. Романтизммен салыстырғанда реализм әдебиет дамуында 
айрықша орын алатыны анық. Соның сыры неде? 
Жауап. Өнер мен әдебиет дамуына қатысты уақыт жағынан алғанда, 
романтизмнен кейiн пайда болған көркемдiк әдiс – реализм. Әдiс атауының 
өзi кейiнгi латын тiлiнде ”заттық, шынайы” деген мағына беретiн “realis” 
сөзiнен алынған.
Әлем әдебиетiнде кеңiнен қанат жайған реализм тарихы алуан үлгiдегi 
көркемдiк iзденiстерге аса бай. Өйткенi реализм өзегiнде жатқан ақиқат, 
шындық ұғымдарының өзi эстетикадағы түйiндi мәселелердiң бiрi болып 
табылады. Осыған байланысты реализм туралы түсiнiк те суреткерлердiң 
өмiр шындығын шынайы бейнелеуге құштарлығы мен дүниетаным деңгейiне 
орай әдебиет дамуының түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отырды. Мысалы, 
француз классицизмiнiң теоретигi Н.Буало қаламгерлердi ақиқатты 
басшылыққа алуға, “табиғатқа елiктеуге” үндедi. Ал нақ осы классицизмге 
қарсы бағыттағы романтизм өкiлi В.Гюго суреткерлерге “табиғатпен, 
ақиқатпен және өзiнiң шабытымен кеңесудi” ұсынады. Бiрiне-бiрi қарсы екi 
бағыт өкiлiнiң екеуi де “табиғат” пен “ақиқатты” жақтайды. Әдеби-
эстетикалық ойлар тарихынан реализмге байланысты түрлi пiкiрлердi келтiре 


155 
беруге болады. Дегенмен, қазiргi таңда “реализм” аясында ненi түсiнемiз?” 
деген сауалға жауап iздеп көрелiк. 
Реализм – әдебиет пен өнерде өмiрдi ақиқат өмiрдегi құбылыстар 
мәнiне сәйкес келетiн және өмiрдiң өзiнен алынған шынайы фактiлердi 
көркемдiк жинақтау жолдары арқылы жасалатын образдармен бейнелеу 
әдiсi. Әдебиеттiң адамды және қоршаған дүниенi тану құралы ретiндегi 
маңызына ден қоя отырып, реализм өмiрдi бүкiл қайшылық-
кереғарлықтарымен тұтас күйiнде тереңдей танып-бiлуге ұмтылады. Соған 
сәйкес, суреткердiң өмiрдi барлық қырынан қарастыруына мүмкiндiк бередi. 
Реализм өнерi адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, қоғамдық 
талаптардың адам тағдырына ықпалын, әлеуметтiк жағдайлардың адамның 
жан-дүниесiне, мiнез-құлқына әсерiн, қоғамдық-әлеуметтiк күштердiң даму 
үрдiсiндегi мән-маңызын көрсетедi. 
Кең мағынада алғанда, реализм категориясы нақты әдеби туындының 
ақиқат өмiрге қатынасын анықтауға бағытталады. Бұл тұрғыда туынды 
авторының қандай да бiр әдеби мектептiң немесе бағыттың өкiлi болуы 
шешушi мән атқара алмайды. Шынайы өнер, қалай болғанда да, белгiлi бiр 
деңгейде ақиқатты бейнелейтiнiн ескерсек, бұл орайда реализм ұғымы 
өмiрлiк шындық ұғымымен бiрдей бағаланып, түрлi дәуiр әдебиетiндегi әр 
тектi құбылыстарға қатысты қолданыла бередi. Демек, реализмдi өмiрлiк 
шындық ретiнде түсiну жалпы эстетикалық тұрғыдан маңызды болғанымен, 
әдебиеттануға қатысты алғанда нақтылық мәнге ие ұғымды бере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет