Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Ф.Шлегель, К.В.Ф.Зольгер, Жан Поль, Л.Тик, Брентано, Мюссе, Г.Гейне



Pdf көрінісі
бет122/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Ф.ШлегельК.В.Ф.Зольгер, Жан Поль, Л.Тик, Брентано, Мюссе, Г.Гейне 
шығармашылығына тән романтикалық ирония түрiн де айтуға болады. 
Алғашында романтикалық ирония кез келген көзқарастың (мұның арасында 
“шексiздiкке” ұмтылған романтикалық көзқарас та бар) шектеулiлiгiн, кең 
мағынадағы өмiр мен жаратылыстан басқа қандай да бiр тарихи шындықтың 
шарттылығын, ақиқат болмыс пен эмпирикалық шындықтың шексiз 
мүмкiндiктерiн салыстыруға келмейтiнiн мойындауды аңғартты. Бiртiндеп 
романтикалық идеалдың ақиқат өмiрде жүзеге аспайтынын, арман мен 
өмiрдiң әу бастан арасы алшақ жатқанын саналы түрде түсiнудi байқатты. 
Өз қоғамының ағымдағы өмiрiн бiр сарынды, әрi сұрықсыз деп бағалай 
отырып, романтиктер әдеттегiден тыс нәрселердiң бәрiне құштар болды. 
Оларды фантастика, халықтық аңыздар мен халық шығармашылығы, өткен 
дәуiрлер тарихы, табиғаттың экзотикалық көрiнiстерi, алыстағы елдер мен 
халықтардың өмiрi мен тұрмысы, әдет-ғұрпы қызықтырды. Күнделiктi 
ағымдағы тiрлiкке олар асқақ рухты арман-құштарлықты, романтикалық 
махаббат концепциясын, өздерi рухани өмiрдiң ең жоғарғы көрiнiсi деп 
есептеген өнер, дiн, пәлсапаны қарсы қойды. 
Сұрақ. Ақиқат өмiр шындығына асқақ қиялдан туған “жасанды” дүниенi 
қарсы қойған романтиктер сол арқылы оң нәтижеге қол жеткiзе алды ма?
Жауап. Әрине. Нәтижесiнде романтиктер адамның iшкi дүниесiнiң 
таңғажайып күрделiлiгiн, тереңдiгi мен қарама-қайшылығын, қысқасы 
адамның iшкi болмысының шексiздiгiн ашты. Олар үшiн адам – шағын ғалам, 
микроғарыш. Романтиктерге тән дүниетанымның мәндi белгiлерi – күштi де 
жарқын сезiмдерге, жан әлемiндегi құпия қозғалыстарға, санамен емес, 
түйсiкпен ғана сезiнуге болатын тылсымдарға құштарлық. Сонымен бiрге 
романтизмге еркiндiктi қорғау, жеке адамды бағалау мен дәрiптеу, әр адам 
бойындағы бiрегей қасиеттерге ерекше зейiн қоюшылық пен дара адамды 


151 
дәрiптеу тән. Жеке адамды мадақтау буржуазиялық қоғамдағы адамдардың 
даралық бiтiмiн жоғалта бастаған тарихтың аяусыз қадамына деген 
қарсылықты, өзiн-өзi қорғауға ұмтылушылықты танытады. 
Романтиктер ұлттық рух пен мәдениет ерекшелiктерiне, әртүрлi тарихи 
дәуiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерiне терең мән бердi. Өнердiң тарихилығы 
мен халықтығы – өнердегi романтикалық теория жетiстiктерiнiң бiрi. 
Романтизмдегi халықтық ұғымы, негiзiнен, уақыт пен мекендi дәл бейнелеу 
мәнiнде қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет