Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Нақтылай айтар болсақ?..  Жауап



Pdf көрінісі
бет131/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Нақтылай айтар болсақ?.. 
Жауап. Мәселе теориялық пiкiр мен нақты туындыдағы өмiрлiк шындық 
пен көркемдiк шындықтың ара қатынасына байланысты. Өйткенi, дәл осы 
Буалоның өзi шығармада өмiрлiк шындықты көрсету қажеттiгiн әркез 
ескертiп отырған. Ал классицизм теоретиктерiнiң “ақыл-ой дауысы”, ”ақыл-
ой сәулесi” деген терминдерiнiң өзi шығарманың жоғары мазмұндылығы мен 
бейнелеу пiшiндерiнiң өмiрлiк шындыққа тәуелдiлiгiн, демек, пiшiннiң 
мазмұннан өрбитiнiн жоққа шығара алмайды. Бұл, әсiресе, кейiнгi 
дәуiрлердегi реалистiк бейнелеу пiшiндерiне қатысты анық байқалды. 
Классицизм Қайта өрлеуге тән ежелгi мұраларға табыну, ақыл-ойға сену, 
жарасымдылық пен өлшеулiлiктi идеал ету сияқты дәстүрлердi жалғастыра 
отырып, кей тұстарда оған мүлде қайшы сипатта да көрiнiп қалып отырды. 
Тiптi кейде өзiмен бiтiспес бағыт бароккоға да ұқсап кетедi.
Сұрақ. Осы әңгiмемiздiң арасында бiрнеше рет ұшырасқан “барокко” 
деген сөздiң өнерге байланысты әлдебiр құбылысты бiлдiретiнiн аңғардық. 
Сонда, “барокко” дегенiмiздiң өзi қандай құбылыс?


164 
Жауап. Барокко – XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы 
жартысында Италияда, XVII ғасырда Испанияда, XVII ғасырдың ортасы мен 
XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Ресейде болып өткен өнер мен 
әдебиеттегi стиль. 
“Барокко” терминiнiң шығу тегi нақты анық емес. Терминнiң өзi XVIII 
ғасырда пiшiнi мейлiнше күрделi, түсiнуге қиын соғатын әдеби туындыларға 
қатысты кекесiн мәндi атау ретiнде қолданылған. 
Барокко әдебиетi ақиқат өмiрге елiктеу ұстанымынан бастартып, өмiрдi 
бейнелеуге емес, белгiленген қағидалар бойынша жаңадан жасауға бағыт 
ұстанады. Барокко қаламгерлерiне тән сипат – күрделi көркемдiк пiшiндерге 
айрықша құштарлық. 
Барокко мәдениетiнде бүкiл дүние өнер туындысы ретiнде 
қабылданатындықтан, әдебиетте “әлем – кiтап”, “әлем – театр” деген үлгiдегi 
метафоралар кең таралды. Барокко өкiлдерi үшiн ақиқат дүние – көз бояушы 
құбылыс (иллюзия) та, өмiрдегi нәрселердiң бәрi – дұрыстап түсiндiрудi 
қажет ететiн символдар мен аллегориялар болып табылады. Дүниенi 
логикалық ойға түгелдей сыя бермейтiн түрлi мәндегi символдардан тұратын 
кiтап ретiнде түсiну барокко эстетикасының негiзгi ұстанымдарынан да 
танылды. Әдебиетте символдар мен аллегориялар молынан көрiнiс тапты. 
Барокко ақындары өлеңнiң графикалық пiшiнiне айрықша ден қойып, өлең 
тармақтарының орналасуы арқылы жүрек, жұлдыз сияқты суреттер жасауға 
машықтанды. Жазушылар туындының тосын бiтiмiн оның бiрегей қасиетi 
ретiнде бағалап, түрлiше түсiндiруге мүмкiндiк беретiн бұлдырлықты 
шығармаға қажеттi негiзгi сипаттар ретiнде жоғары бағалады. 
Барокко стилiнiң танымал қаламгерлерi қатарында испаниялық Л. де 
Гонгора, П.Кальдерон, италиялық Т.Тассо, Дж.Марино, германиялық 
Х.Я.Гриммельсхаузен, ресейлiк Симеон Полоцкий бар. 
Сұрақ. Демек, бароккода iшкi мазмұннан гөрi, сыртқы пiшiн басым 
болған ғой. Олай болса, классицизмнiң бароккоға ұқсап кетуi дегендi қалай 
түсiнген дұрыс?
Жауап. Қайта өрлеу өнерiнде бiртұтас жарасымдағы бiрлiкте көрiнетiн 
қоғам мен жеке адам, ақыл мен сезiм, өркениет пен табиғат, т.с.с. ұғымдар 
классицизмде екi айырылады. Классицизм эстетикасы көркем туындыны 
қолдан жасалған дүние ретiнде, яғни ақылмен ойластырылып, саналы түрде 
жасалған, логикалық жүйелiлiкпен орналастырылған дүние ретiнде 
қарастырады. “Табиғатқа елiктеу” ұстанымын ұстанған классицистер 
Аристотель, Гораций ойларында негiзделген антикалық поэтикадан алынған 
қағидаларды бұлжытпай ұстануды ең басты шарт деп есептеп, өмiрлiк 
материалды айрықша пiшiндер арқылы логикалық түзiлiмге түскен нағыз 
өнер туындысына айналдыратын көркемдiк пiшiн заңдылықтарын белгiлейдi.
Олар “Натураның көркем кейiпке айналуы, табиғаттың ғажайып та iзгi 
бейнеге ұласуы ең жоғарға таным актiсi болады, яғни өнердiң мiндетi – 
шынайы құбылыстың сыртқы бейнесiнде жүйесiз болып көрiнетiн 
жаратылыстың идеалды заңдылықтарын ашып көрсету болуға тиiс” деп 


165 
есептейдi. Классицистiк пiкiрлер бойынша, “идеалды заңдылықтар биiгiн 
игерген ақыл-ой өмiрдiң жекелеген ерекшелiктерi мен жанды сипаттағы 
алуан түрлiлiгiн танып-бiлуде “жоғарғы өлшем” бастауы болуға тиiс. 
Эстетикалық құндылық дегенiмiз – уақыт ырқына бағынбайтын, ешқашанда 
өзгерместен, мәңгi бiр қалыпта сақталатын ұғымдар”. Сол себептi 
классицизм өкiлдерi қандай құбылыстан да әрiден сақталып келе жатқан ең 
мәндi, ең тұрақты сипаттарды тауып бейнелеуге ұмтылады. Класссицизм 
теориясына ден қойсақ, “классикалық образ – баршаға үлгi болатын бейне”. 
Сондықтан да классицизм туындыларындағы образ даралық – жалпылыққа, 
уақытша – мәңгiлiкке, ақиқат – идеалға, тарих – мифке айналып кететiн 
айрықша айна iспеттi; сондықтан да классицистiк ұғымдағы образ өмiрдiң 
күнделiктi ағымынан жоғары тұратын ақыл-ой мен реттiлiктiң теңесуi. 
Бұл қасиет классицизм эстетикасы аса мән берген өнердiң қоғамдық-
тәрбиелiк мiндетiне де сай келедi. 
Сұрақ. Көркемдiк әдiс жайындағы әңгiмемiзде романтизм дәуiрiнде 
тарихи романдар, фантастикалық повестер, лиро-эпикалық поэмалардың 
ерекше өркендегенi айтылған болатын. Классицизм дәуiрiнде әдеби түрлерге, 
жанрларға байланысты мұндай айрықша жағдайлар кездеспей ме? 
Жауап. Классицизм эстетикасы жанрлардың сатылы бағыныштылық 
жүйесiн жасады. lрiктелген жанрлар үстемдiгiн қатаң ұстанған классицизм 
эстетикасының қағидалары бойынша, трагедия, эпопея, ода “жоғарғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет