Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет126/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152
Сұрақ. Неге? 
Жауап. Теориялық жағынан нақтылай айтқанда, “реализм” терминi 
ақиқат болмысты өмiрлiк шындық тұрғысынан жүйелi сипатта көрсетуге 
және адам мен қоршаған дүниенi саналы түрде көркемдiк тұрғыдан танып-
бiлуге ұмтылатын ұстанымдарға негiзделген әдеби әдiстi белгiлейдi. 
Сондай-ақ, әдебиеттануда “реализм” терминiнiң екi түрлi мәнде 
қолданылатынын да айта кеткен жөн. Оның бiрiншiсi – өзiмiз сөз етiп 
отырған көркемдiк әдiс ретiндегi мағынасы да, екiншiсi – әдеби бағыт 
ретiнде XIX ғасырда қалыптасқан тарихи-нақты мәндегi мағынасы. 
Сұрақ. Реализм әдiсi мен бағытының пайда болуы мен қалыптасу 
кезеңдерi, сондай-ақ, аталмыш ұғымдардың өзара қарым-қатынасы 
жайындағы пiкiрлер де әрқилы. Кейбiр зерттеушiлер реалистiк бейнелеу 
ұстанымдары ежелгi дәуiрлерде дүниеге келiп, бүгiнге дейiн бiрнеше тарихи 
кезеңдi бастан өткердi деген ой айтады. Олардың жiктеуi бойынша, 
“антикалық реализм”, “Қайта өрлеу реализмi”, “ағартушы реализм”, “XIX 
ғасыр реализмi” “социалистiк реализм” кезеңдерi бар. Келесi пiкiр 
айтушылар реализмнiң пайда болуын Қайта өрлеумен байланыстырса
үшiншi бiр топ реализм бастауын отбасылық-тұрмыстық және әлеуметтiк-
тұрмыстық 
роман 
жанрын 
жарыққа 
шығарған 
XVIII 
ғасырмен 
сабақтастырады. Солардың арасында неғұрлым басымырақ көрiнетiн 
көзқарас тұрғысынан қарастырар болсақ, реализм бағыт ретiнде европа 
әдебиетiнде дүниенi шыншылдықпен бейнелеу ұстанымы мейлiнше кең 


156 
ауқымда әлеуметтiк сипат иеленген XIX ғасырдың 30-жылдарында 
қалыптасты деген пiкiрге тоқталарымыз анық. Осы көзқарасқа сүйене 
отырып, реализм дамуының басты кезеңдерiне тән сипаттар ретiнде қандай 
ерекшелiктердi көрсетуге болар едi? 
Жауап. Реализмнiң романтизмнен кейiн пайда болғанын жоғарыда 
айтып өткенбiз. Реализм мен романтизмнен басқа әдеби бағыттардың қай-
қайсы да әдеби үрдiске бiрiн-бiрi терiске шығара отырып араласқаны өнер 
тарихынан мәлiм. Романтизмнiң өзi де өзiнiң алдындағы классицизммен 
күрес үстiнде қалыптасқаны белгiлi. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 
бас кезiнде әдебиетте салтанат құрған романтизм – реализмнiң iзашары. 
Қалыптан тыс жағдайларды ала отырып, қиялдан туған айрықша әлем 
жасауға және асқақ құштарлықтарды бейнелеуге бағытталған романтизм 
әдiсi өзiнен бұрынғы сентиментализм, классицизм, т.с.с. бағыттарға 
қарағанда, адам болмысын алуан кейiпте, iшкi сезiм байлығымен, қарама-
қайшылықтарымен ашып көрсетуге қабiлеттi болды. Сол себептi реализм 
романтизмге қарама-қарсы бағыт ретiнде емес, керiсiнше, қоғамдық 
қатынастарды әшекейлей суреттеуге қарсы күресте романтизмнiң 
жақтаушысы, көркем образдардың ұлттық және тарихи ерекшелiктерiн 
сақтау қажеттiгiне негiзделген ұстанымдарын жалғастырушы ретiнде дүниеге 
келдi. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында жарық көрген Бальзактың 
“Шегiрен былғары”, Стендальдың “Парм мекенi”, В.Гюго романдарындағы 
романтизм мен реализм элементтерiнiң ара жiгiн ажыратудың қиынға 
түсетiндiгi де сондықтан. Сонымен бiрге романтикалық сарындардың 
реалистiк сипат иеленiп, әдеби шығармашылық тұрғыдағы әлеуметтiк 
зерттеулердiң тiрегiне айналып жататын сәттерi де аз емес. Мәселен, 
Стендальдың “Қызыл мен қара”, М.Ю.Лермонтовтың “Бiздiң заманымыздың 
қаһарманындағы” романтизм мен реализм ұштасуы осы үлгiде көрiнiс 
тапқан. Демек, реализм әдiс ретiнде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 
бас кезiндегi романтизммен қоян-қолтық ұштаса пайда болды деуге болады. 
Романтизм дәстүрiнен арылған реализмнiң өзiндiк бағдарын айқындаған 
кезеңi XIX ғасырдың орта тұсына қарай басталды. Ресейде 20-30 жылдары 
А.С.Пушкиннiң “Евгений Онегин”, “Борис Годунов”, “Капитан қызы”, 
А.С.Грибоедовтың “Ақылдан азабынан” бастау алып, И.А.Гончаров, 
И.С.Тургенев, Н.А.Некрасов, А.Н.Островский, т.б. шығармашылықтарымен, 
батыста Г.Флобер, У.Теккерей есiмдерiмен байланысты қанат жайды. 
Осы тұстағы шығармаларда әлеуметтiк-сыншылдық сипаттың басым 
көрiнуiне байланысты XIX ғасыр реализмiн “сыншыл реализм” деп атау 
қалыптасқан. Алайда “сыншыл реализм” ұғымын тура мағынасында ғана 
қабылдау жаңсақтыққа ұрындырмақ. Себебi – барлық реалистiк әдебиетке 
тән өмiрдi дәрiптеу, келешекке сенiм пафосы сыншыл реализм әдебиетiне де 
ортақ. XIX ғасыр реалистерiндегi жақсылыққа сенiмдiлiк автор 
позициясынан ғана емес, шешушi сәттерде қара басының қамынан азаматтық 
парызды жоғары қоюға әзiр әдеби қаһармандар бiтiмiнен де аңғарылады. 
“Сыншыл реализм” ұғымын тура мағынасында түсiну аталмыш кезеңдегi 


157 
реализм әдебиетiнiң тарихи-нақты маңызын, яғни оның сол дәуiрдегi 
әлеуметтiк мiндеттермен байланысын аңғартқанымен, реалистiк жауһар 
туындылардың философиялық мазмұны мен жалпы адамзаттық құндылығын 
толық таныта алмайды. 
Сұрақ. Демек, “сыншыл реализм” терминiнiң өзi, негiзiнен, сол кезең 
әдебиетiндегi әлеуметтiк-идеялық көзқарасқа көбiрек байланысты деуге 
болады ғой. 
Жауап. Шынында да солай. Мәселен, XIX ғасырдың екiншi жартысында 
азаттық қозғалыстармен тығыз байланысты дамыған орыс әдебиетiн алып 
көрелiк. Орыс қаламгерлерi адамды әлеуметтiк және рухани қанаушылықтың 
қандай түрiне де қарсы тұрды. Олардың қоғамдық қайшылықтар сырын 
тереңдей зерттеуi, рухани дүниедегi халықтан алшақ аристократизм мен 
эстеттiк санаға қарсы бiтiспес күреске шығуының себебi осында. 
Адамгершiлiк мәселелерiн күн тәртiбiне мейлiнше өткiр қоюы орыс 
әдебиетiн, әсiресе, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский сияқты тұлғаларды 
әлемдiк деңгейдегi әдеби үрдiстiң алғы шебiне шығарды. Олар әлем 
әдебиетiн 
әлеуметтiк-психологиялық 
роман 
құрылымының 
жаңа 
ұстанымдарымен және көркем баяндау бiтiмiнде бiте қайнасып жататын 
ауқымды моральдық мәселелермен, сондай-ақ, адамның ой әлемiндегi терең 
қатпарларды ашудың жаңа тәсiлдерiмен байытты. 
Қалай болғанда да, XIX ғасыр реализмге тән негiзгi эстетикалық 
ұстанымдар мен типологиялық белгiлердi түгелдей ашып бердi. Әрине, 
классицизм, романтизм, символизм де өз дәуiрiнiң шындығын бейнелеп, сол 
шындыққа өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылғанын жоққа шығаруға болмайды. 
Алайда, реализмде көркемдiктiң негiзгi өлшемi өмiрлiк ақиқатқа адалдық 
болып қалыптасты. Дүниенi реалистiкпен бейнелеу абстрактiлi шарттылыққа, 
аллегорияға негiзделген жасандылықты немесе натуралистiк тәптiштеулердi 
ығыстырып отыратындықтан, реалистiк туындыдағы құбылыстар да, әдеби 
қаһармандар да өмiрде бар шындық сияқты әсер ететiнi жиi кездеседi.
Реализмге бейнелеудегi шынайылық, өмiрлiк шындықты мейлiнше өз 
қалпында алып, көркемдiкпен жаңғырту тән. Бұған қарап, реализм әдiсi 
көркемдiк құралдарының өзге түрлерiн пайдаланбайды деген ой түюге 
болмайды. Образдар мен оқиғалардың негiзiнде өмiрлiк шындық жатуын 
мақсат тұта отырып, реализм миф, символ, гротеск, аллегория, т.с.с. 
көркемдiк бейнелеу тәсiлдерiн де ұдайы пайдаланып отырады. Бұл жағдайда 
реализмнiң басты талабы – көркемдiк тәсiлдерiнiң адамды қоғамдық 
қатынастар аясында қарастыруға негiзделген реалистiк шығармашылық 
ұстанымдарынан өрiстеп жатуы болып табылады. 
Реализм жекелеген детальдардың шынайылығымен қатар, адамдар мен 
қоғамдық жағдайларға да шындық негiздегi жинақтаушылық мән дарытуды 
талап етедi. Ал типтiк сипат шағын бөлшектердi, жекелеген адамдарға тән 
нақты даралықтар арқылы, яғни заттар мен адамдарды дәл суреттеу, нақты 
бiр әрекет орнын бейнелеу, тұрмыс пен әдет-ғұрыптарды, тарихи және 
уақыттық реалияларды сипаттау, жергiлiктi тұрғындардың, белгiлi бiр кәсiп 


158 
иелерiнiң, әлеуметтiк топтардың сөйлеу тiлiндегi ерекшелiктердi сақтау 
сияқты жағдайлардан құралады. Бұлардың барлығы да шығармада 
бейнеленген образдардың ақиқаттық сипат иеленуiне ықпал етедi. Ал шын 
мәнiндегi реалистiк образдар бойында типтiк пен даралық қасиеттерiнiң 
ұштасып жататыны мәлiм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет