Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Көркем шығармаға сәулет өнерiнiң қандай қатысы бар? Жауап



Pdf көрінісі
бет78/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Көркем шығармаға сәулет өнерiнiң қандай қатысы бар?
Жауап. Белгiлi бiр дәрежеде жазушылар да сәулетшiлер сияқты, олар да 
болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын-ала белгiлейдi. Сәулетшiден 
айырмашылығы – сол жобаны жүзеге асыратын да өзi. Сол себептi 
шығармашылық жұмыс үрдiсiнде алдын-ала жоспарланған жоба өзгерiске 
ұшырауы да мүмкiн. Мысалы, А.С.Пушкиннiң “Евгений Онегин” 
поэмасындағы Татьянаға байланысты жоспарлағаны мен шығармадағы 
өзгерiс. Бұл тұста архитектоника мен композицияға қатысты тағы бiр 
мәселенi аңғара аламыз. Архитектоника алдын-ала түйсiну арқылы пайда 
болса, ең жақсы композициялық шешiмнiң өзi алдын-ала жасалған “есеп-
қисапқа” көне берместен, шығармашылық үрдiсте ғана толық шешiмiн 
табады. 
Себебi жазу үстiнде қаламгер алдында түрлi мүмкiндiктер ашылады. Ең 
алғашқы мүмкiндiк баяндау үлгiсiн таңдауға қатысты. Оған конфликт iрiктеу 
қосылады. Конфликт түзуге қатысты қалыптасқан үлгi ретiнде экспозиция, 
байланыс, әрекет дамуы, шарықтау шегi және шешiлуi сияқты бөлiктердi 
атайтынымыз белгiлi. Алайда қандай да бiр көркем шығарманы аталған бес 


91 
бөлшекке мүшелеп тастауға болмайды. Композицияны талдап тану одан 
әлдеқайда күрделi де қызықты. Өйткенi аталған бөлшектер өзара алмасып 
келуi де, ара-жiгi бiлiнбей, тұтасып келуi де мүмкiн. Шығармадағы әрекет 
дамуы түрлi композициялық ырғақта (баяу, жедел) көрiнiс тауып, шарықтау 
шегi бiрнеше тұста ұшырасуы да ықтимал. Тiптi шарықтау шегi мен шешiм 
ұштасып кетуi де мүмкiн. Мысалы, “Ревизордағы” мылқау сахна. 
Композиция – шығарманың сюжеттiк-баяндаушылық жағымен қоса, 
оның образдық бiтiмiн, характерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби 
қаһарман белгiлi бiр дәрежеде өзге кейiпкерлермен композициялық 
салыстырулар жасау арқылы да ашылады.
Әдебиеттiң түрлi тектерi мен түрлерiне қатысты композиция 
заңдарының айырмашылықтары болуы да тосын жәйт емес. Мәселен, 
поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерiнiң қатарына өлең, шумақ 
та жатады. Драматургияда басты роль диалогқа тиесiлi болады да, сипаттау 
мен мiнездеулер қысқа ремаркаларға сыйғызылады. Сондай-ақ романның 
фабулалық желiсi әңгiмеден әлдеқайда күрделi болатыны түсiнiктi. Бiрақ, 
қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туындыда шынайы көркемдiк 
тереңдiк композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерiлмек. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет