Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Сонда ешқандай оқиға суреттелмеген шығармаларды көркем  шығарма санатына қоспаймыз ба?  Сұрақ



Pdf көрінісі
бет74/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Сонда ешқандай оқиға суреттелмеген шығармаларды көркем 
шығарма санатына қоспаймыз ба? 
Сұрақ. “Сюжетсiз шығарма” деген түсiнiк бар емес пе? 
Жауап. Көркем шығарма еш уақытта сюжетсiз болмайды, ал фабуласыз 
шығарма болуы мүмкiн. Мүмкiн ғана емес, бұл – әдебиет тәжiрибесiнде бар 
құбылыс. 
Сұрақ. Қызық екен. Онда “фабула” дегенiмiз не, “сюжет” дегенiмiз не 
нәрсе? 
Жауап. Бұл терминдер көркем шығармадағы оқиғалар жиынтығын 
бейнелейдi. Кейбiр зерттеушiлер “сюжет” пен ”фабуланы” синоним 
терминдер ретiнде алса, екiншiлерi бiр ғана “сюжет” терминiмен шектеледi. 
Шындығында, сюжет пен фабула – бiр мәселенiң екi жағы. Бұлай қарастыру 
олардың сыртқы айырмашылықтарын ғана емес, iшкi терең мәнiн де дұрыс 
түсiнуге септiгiн тигiзбек. 
Фабула терминiн этимологиялық тұрғыдан түбiрлейтiн болсақ, 
латынның “әңгiмелеу, баяндау” деген мағына беретiн “fabulari” сөзiнен 
шығады да, оның өзi “әңгiме, мысал” деген мәндегi “fabula” сөзiнен өрбидi. 
Фабула мазмұндап әңгiмелеуге болатын нәрсе. Мәселен, шығармада 
суреттелетiн оқиғаны қысқаша айтып шығу фабула болса, сюжет 
шығарманы оқу арқылы ғана танылады. 
“Фабула” сөзiнiң алғашқы мағынасы – “мысал”, ”ертегi”, ”хикая”, 
”тарих” дегенге саяды. Бiз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы 
фабулалық желiсiн тез қабылдаймыз. Ал сол шығарманы қайтадан оқитын 
болсақ, шығармадағы суреттелетiн әрбiр әрекеттiң, оқиғаның, құбылыстың 
мәнiне тереңдеп үңiле бастаймыз, соның нәтижесiнде санамызда сюжет 
жайлы түсiнiк пайда болады. 
“Сюжет” нақты бiр заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – 
авторлық мақсат та, фабула – сол мақсатқа жетудiң құралы. Егер фабуланы 
әңгiмелеп беруге болатын болса, сюжеттiң көркемдiк мәнiн шығармада 
көрiнетiн авторлық баяндау ерекшелiктерi ғана жеткiзе алады.
Сюжет пен фабуланың ара-жiгiн ажыратып қарастыру қажеттiгi түрлi 
себептерден келiп туындайды. Мәселен, жазушы болған оқиғаны болған 
күйiнде рет-ретiмен баяндамауы да ықтимал. Бұл тұрғыда фабуланы “болған 
оқиға” деп, ал сюжеттi “сол оқиғаның оқырманға көркемделiп жеткен түрi” 
деп айтуға да болады. 
Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде 
көркемдiк өңдеуге ұшырайды. Бiрiншiден, мұндай даяр фабулалар өмiрдегi 
нақты оқиғаларға негiзделген шығармаларда жиi кездесуi мүмкiн; екiншiден, 
бiр жазушының жасаған фабуласы екiншi жазушының шығармасында 


86 
мүлде жаңа сападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бiр ғана фабула әр 
жазушының шеберлiгiне байланысты әр түрлi сюжеттiк сипатқа ие бола 
бередi. Сюжет шығарма стилiмен, көркем дүние құрылымының ортақ 
заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдiк 
маңызы фабулаға емес, оның (яғни фабуланың) шығармашылықпен игерiлген 
көркемдiк сипатының сюжетте тереңдетiле бейнеленуiне қатысты. 
Шығарма сюжетiнде өзара байланыстағы бiрнеше фабула желiсi 
қамтылуы да мүмкiн. Сондай-ақ, шығарма сюжетi шығармада суреттелген 
оқиғалармен ғана шектелмей, автордың рухани әлемiндегi түрлi өзгерiстердi, 
ой-сезiм ағынын да қамтып отырады. Мысал ретiнде лирикалық шегiнiстi 
айтуға болады. 
Сюжет пен фабуланың жiгiн ажырата түсiну арқылы көркем 
шығармадағы оқиғаның iзiн қуалап оқып шығумен шектелмей, оның сырын, 
мән-маңызын тереңдей ұғынуға, авторлық ой мен сезiмге бойлау арқылы 
оқырманның өзi де түрлi әсердi бастан өткеруге мүмкiндiк алады. 
Сұрақ. Шығарманы оқып шыққан соң, екiншi бiреуге мазмұндап 
жеткiзуге болатын оқиға желiсi фабула екендiгi түсiнiктi болды. Дегенмен, 
сюжетке қатысты әлi де нақтылай түсетiн жәйттер бар сияқты?.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет