Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет80/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

ишаралау (художественное обрамление) – суреттелiп отырған құбылыстар 
мен мiнездердiң мәнiн мейлiнше аша түсу үшiн жазушының кейде өзi 
бейнелейтiн құбылыстар мен мiнездерге кейбiр сипаттарымен ұқсас, 
жақын боп келетiн суреттер мен сәттердi бейнелеуi. Мысал ретiнде 
Л.Толстойдың “Қажымұратындағы” ошағанға байланысты сәттi алуға 
болады. Сондай-ақ кейбiр шығармаларда көркемдiк ишаралау бейнеленiп 
отырған кейiпкердiң шын болмысын тiкелей ашуға бағытталады. 
Жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсiндiру үшiн оны 
алдын-ала соған iштей ұқсас көрiнiстер арқылы аңғартатын тәсiлдi де 
қолданады. Бұл – көркемдiк аңдату (художественное предварение) болып 
табылады. 
Шынайы көркем туындыда табиғат көрiнiсi (пейзаж) де, тұрмыстық 
бұйымдар (интерьер) да композициялық тұрғыдан маңызды роль атқарады. 
Пейзаж – шығармада табиғат көрiнiсiнiң бейнеленуi. Бiз бұл тұста 
пейзажды табиғат көрiнiсiн бiрегей суреттеуге арналған шығармаларға 
қатысты алып отырған жоқпыз. Әңгiме қандай да бiр көркем шығармадағы 
өзге де көркемдiк құралдармен қатар өзiне тән көркемдiк-идеялық мән 
атқаруға тиiстi пейзаж туралы. 
Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдiк мәнiне қызмет ету үшiн 
де, 
сондай-ақ 
шығармадағы 
жекелеген 
көрiнiстерге, 
оқиғаларға, 
кейiпкерлерге қатысты да қолданыла бередi. Қалай болғанда да, пейзаж өзге 
де көркемдiк құралдармен тығыз байланыста тұрып, әдеби шығарманың 
тұтас дүние болып шығуына әсер ететiнi анық. 
Интерьер – шығарма кейiпкерлерiнiң тұрмыс-тiршiлiгiне қатысты 
түрлi заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуi. Бұларды бейнелеу де, 
табиғат көрiнiстерiн суреттеу сияқты, шығарманың негiзгi идеясын ашуда, 
кейiпкерлердi айшықтауда идеялық-көркемдiк рольге ие. Интерьер, көбiнесе 
тар ауқымда, яғни жекелеген кейiпкерлерге қатысты ғана қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет