Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет75/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   152
Жауап. Сюжет (француз тiлiнде “sujet”“зат”) – эпикалық және 
драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстiнде көрiнетiн оқиға 
барысы, әрекет дамуы. 
“Сюжет” терминiн ең алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель 
мен Н.Буало қолданды. Олар “сюжет” ұғымын Аристотель iзiмен ежелгi 
дүние қаһармандарының (мысалы, Антигона, Креонт, Медея, Ясон, т.с.с.) 
өмiрiндегi 
оқиғалармен 
байланыстырды. 
Бұлардан 
бұрын 
рим 
жазушыларында түрлi әңгiмелердi, кейiннен оларда суреттелген оқиғаларды 
“фабула” деп атау қалыптасқан. 
Көбiне-көп сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесi ретiнде көрiнедi. Оның 
сыры сюжеттi шығармалардың басым бөлiгi аса маңызды қоғамдық 
конфликтiлердi көркемдiк тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер 
жасаған бiртұтас өмiр көрiнiсiнiң iшiнде бейнелейдi. 
Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстiнде, яғни дамуы, шешiлуi, 
салдары арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның 
заңдылықтарын түсiнуге ықпал етедi. Осыған орай, шығармадағы 
сюжеттiң алуан сипатты ролiн дұрыс түсiнуге қажеттi кейбiр негiзгi 
сәттердi атап өткен жөн. 
Бiрiншiден, қаламгер тартыс мәнiне дендей бойлауы арқылы сол 
конфликтiге қатысушы адамдардың жан-дүниесiне тереңдей үңiледi. 
Екiншiден, қаламгер өз шығармасының мазмұнын құрайтын 
конфликтiлерге ақыл-ойымен де, сезiмiмен де бiрдей өзi араласуына тура 
келедi. Сол арқылы оқиғалардың даму логикасында автордың өзi суреттеп 
отырған тартысқа деген бағасы, түсiнiгi, қоғамдық көзқарасы танылады; 
соның әсерiнен қаламгер өзi қаласын-қаламасын, өз танымында маңызды деп 
бағалағанды оқырман санасына сiңiруге ұмтылады. 


87 
Үшiншiден, әрбiр үлкен қаламгер өз дәуiрi мен халқы үшiн аса маңызды 
орын алатын тартысқа ғана назар аударады
Әрине, бұл айтылғандардан қаламгер өз дәуiрiндегi оқиғаларды, 
тартысты ғана бейнелейдi деген ұғым тумаса керек.
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуiрлерден де 
алынуы ықтимал. Алайда тартыстың түпкi мәнi қаламгер өмiр сүрген 
кезеңдегi қоғамдық талап-тiлектермен орайласып жатады. 
Сюжет тарихи-әлеуметтiк мәнге ие. Сондықтан сюжеттi қарастыру 
кезiнде, ең әуелi, шығарманың негiзiнде қандай қоғамдық тартыс жатқанын 
және оның қай тұрғыдан (позициядан) бейнеленетiнiн айқындап алу 
қажеттiгi туындайды. 
Қоғамдық тартыс пен сюжеттi сөз еткенде, олардың ара-қатынасын тым 
қарабайырландыруға немесе теңестiрiп жiберуге болмайды. Бiр ғана 
конфликтiнiң өзi түрлi сюжетте түрлi сипатта көрiнiп, түрлi мәнге ие болуы 
мүмкiн.
Сюжет құрылысында қаламгердiң көркемдiк шеберлiгi айрықша 
маңызды. Сюжет өз мiндетiне толық жету үшiн, бiрiншiден, iштей 
тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары 
толық ашылып көрсетiлуi қажет. Екiншiден, оқырманды өзiне баурап алып
суреттелген оқиға дамуындағы әрбiр эпизодтың, әрбiр детальдiң мәнiне 
ойлана үңiлдiруi қажет. 
Сюжеттiң көркемдiк тартымдылығына қол жеткiзу үшiн қаламгердiң 
қолданатын құралдары сан қилы. Қаламгерлердiң бiрi оқырманды бiрден 
баурап әкететiн аса өткiр жағдайларды таңдайды. Екiншi бiрi оқырмандар 
зейiнiн әуелi кейiпкерлердiң тосын әрекеттерiне аударып алып, сол төңiректе, 
сол әрекеттердiң себептерi жайында ойландыра отырып, кейiпкер 
әрекеттерiнiң негiзгi себептерiнiң мәнi туралы ойландырып қояды. Мысалы, 
Ф.М.Достоевский шығармалары. 
Сюжетке тән бұл ерекшелiктер белгiлi бiр оқиғалар жүйесi 
суреттелетiн шығармаларға қатысты. Мұндай шығармаларға драмалық 
шығармалардың бәрi және эпикалық шығармалардың басым бөлiгi жатады. 
Өйткенi, кей жағдайларда эпикалық шығармаларда табиғат көрiнiсi немесе 
сыртқы дүние әсерiнен туған ой-сезiм қозғалысы бейнеленiп, оқиғалар 
жүйесi болмауы да ықтимал. Ал лирикалық шығармаларда тартысқа толы 
оқиғалар болмайтыны белгiлi. Алайда көзге ұратын оқиға жоқтығына қарап, 
ол дүниелердi сюжетсiз деуге болмайды. Мұндай туындыларда адамның 
iшкi жан-дүниесiндегi ой-сезiм арпалысы, көңiл-күй өзгерiсi түрлi сипатта 
көрсетiледi де, лирикалық туындылардағы сюжеттi осы жан әлемiндегi 
түрлi құбылыстар, толқыныстар айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет