104
өзi туындатқан неологизмдер, кездесуi мүмкiн екендiгiн ескеру қажет.
Бiрiншi жағдайда неологизмдер ұлттық тiл қорындағы өзге де сөздермен
бiрдей қолданылады да, айрықша бiр көркемдеу құралына айнала бермейдi.
Ал қаламгердiң бейнелеп отырған құбылысты дәл айқындай алатын сөздi
тiлден
таба алмай, өз ойынша сол құбылысты бейнелеуге мейлiнше дәл
келетiн қажеттi сөздi жаңадан жасауы басқа әңгiме. Мұндай жағдайда
қаламгер неологизмi поэтикалық тiлге тән көркемдiк-бейнелеушi
құралдардың бiрi болып табылады. Халықтық тiл қазынасынан қажеттi
сөздiң табылмауы сирек жәйт болғандықтан, жеке қаламгерлерге ғана тән
неологизмдердiң поэтикалық тiлдегi үлесi де шектеулi болып келедi. Өйткенi,
аса қажеттiлiк тумаған жағдайда жаңа сөздер
жасауға немесе танымал
сөздердiң өңiн өзгертуге әсiре құмарлық еш уақытта да оң нәтиже бермейдi.
Диалектизмдер мен
варваризмдер де көркем шығармада шектеулi
шеңберде пайдаланылады. Көбiнесе олар кейiпкер тiлiнде ғана ұшырасып,
сөйлеушiнiң бейнесiн ашуға қызмет етедi. Осы тұста варваризмдерге
қатысты бiрер жағдайға тоқтала кетуге болады. Варваризм сөздердiң түрлерi
мен көркем шығармада қолданылу мүмкiндiгi әр қилы болып келедi.
Мәселен, варваризмдер авторлық қолданыста өте қажеттiлiктен ғана кездесуi
мүмкiн. Өйткенi қаламгер өзi бейнелемек құбылысты дәл сипаттайтын сөздi
ана тiлiнiң қорынан таба алмаған жағдайда ғана бөгде тiлдiң сөзiне ден
қояды.
Сұрақ. Тiлдiң лексикалық қорындағы сөздердiң қай-қайсы да көркем
шығармадан орын алуға құқылы. Бұл үшiн олар шығарманың көркемдiк
мазмұнын ашуға қызмет етуi қажет екен. Ендiгi
сөз арнасын тiлдiң арнайы
бейнелеушi құралдары жайына қарай бағыттайық.
Жауап. Әдебиет тiлiндегi көркемдiк бейнелеу құралдарына эпитет,
теңеу, метафора, гипербола, кейiптеу, аллегория, синекдоха, ирония, сарказм,
перифраз сияқты тәсiлдер жатады. Олар жайында әдебиеттану және тiлтану
теорияларына арналған еңбектерде кеңiнен мағлұмат берiлген. Сондықтанда
олардың көркем шығармадағы қызметi, мән-маңызы төңiрегiнде ой бөлiселiк.
Бұл құралдарды көркем шығармада бейнеленiп отырған
заттың яки
құбылыстың қандай да бiр
ерекше қасиетiн нақты бiр тұстарда даралап
көрсету үшiн қаламгер
шығармашылық тұрғыдан мақсатты түрде
пайдаланады. Астын сыза көрсеткен
тұстарға зер салар болсақ, аталмыш
құралдарды қолдануға қаламгердiң айрықша ыждаһат қоюы қажеттiгiн
байқаймыз. Ал көркемдiк бейнелеу құралдарына деген ерекше
шығармашылық қатынас – кейiнгi дәуiрлер талабы. Ерте дәуiрлерге тән
әдебиет мұраларынан, ауыз әдебиетi үлгiлерiнен жиi ұшырасатын тұрақты
қолданыстар бұл пiкiрдi растай түседi. Бұл кезеңдерде түрлi
шығармаларда
кездесетiн ұқсас құбылыстардың, заттар мен адамдардың даралық белгiлерi
ескерiле берместен, олардың бәрiне де ортақ саналған, аса мәндi белгiлерi
ғана көрсетiлiп, мәселен, “ай
десе аузы, күн десе көзi бар” деген сияқты
үлгiдегi дайын тiркестер қолданылғанын бiлемiз. Оның сыры халықтық
көркемдiк таным дамуының ерекшелiгiнде жатыр. Көркемдiк дамудың
105
бастапқы кезеңiнде халық түрлi заттар бойындағы сан алуан белгi,
сипаттарды түгелдей қамти көрсетудi қажет ете берместен, аталмыш
заттардың неғұрлым жиi аңдалатын қасиеттерiн
көрсетумен шектелiп
отырған.
Халық санасының iлгерiлей дамуы, танымдық iзденiстер жемiсi
қолданыстағы тiлдiң кемелденуiне де, сондай-ақ, уақыт озған сайын
көркемдiк бейнелеу құралдарының мүмкiндiк аясының кеңеюiне де игi ықпал
еткенi аян. Қазiргi таңда қаламгер көркмедiк бейнелеу құралдары жәрдемiмен
шығармада бейнеленген құбылыстың сан қилы сипат-белгiлерiн мейлiнше
кең ауқымда, өз мақсатына сәйкес алуан қырынан таныта алады.
Достарыңызбен бөлісу: