Сұрақ. Бұл пiкiрдi таратыңқырап айтсақ…
Жауап. Әдеби қаһарман, бiр жағынан, шығармада айқындалған өзiндiк
бiтiмiне сәйкес әрекеттер жасауға, ой-сезiмдерге берiлуге толық құқылы.
Кейбiр жағдайларда қаһарманның қаламгер ырқынан шығып кететiн
тұстарын осыған байланысты түсiндiруге болады. Екiншi жағынан, қаламгер
мен қаһарманның идеялық мақсаттастығы, яғни қаһарманның рухани
талпыныстарының,
бұрқаныстарының
қай-айсы
да
қаламгердiң
идеологиялық iзденiстерiнен өрбiп жатуы оны, қалай болғанда да, қаламгер
дүниетанымы аясында әрекет етуге әсер етедi.
Сұрақ. Әдебиет ұдайы өзгеру, даму үстiнде болатыны аян. Сол
өзгерiстердiң әдеби қаһарманға әсерi бар ма?
Жауап. Әдеби қаһарманды уақыт ағымына қарай қарастырар болсақ, әр
дәуiрдiң өзiне ғана тән келбетiн сол кезеңдерде жасалған әдеби қаһармандар
бойынан таба аларымыз анық. Бұл жағдай әдеби қаһарман да тарихи даму
кезеңдерiн бастан өткерiп отыратынын аңдатады. Мысал ретiнде ежелгi
эпостардағы идеал-қаһармандар, классицизм дәуiрiндегi қасаң өлшемдер
қалыбына сыйғызылған тұрақты бейнелер, жан-дүниесi қайшылықтыой-
95
сезiмдер шарпысуына толы романтизм әдебиетiнiң кейiпкерлерi, әлеуметтiк-
тарихи және психологиялық тұрғыдан жан-жақты ескерiлген XIX – XX
ғасырдағы реалистiк романдардағы кейiпкерлер, қазiргi таңда белең ала
бастаған антиқаһармандарды атауға болады.
Сұрақ. Әдеби қаһармандарды жағымды, жағымсыз деп бөлу қандай
ұстанымдарға негiзделедi?
Жауап. Табиғаты баға беруге бейiм тұратын әдебиет сынында
“жағымды” және “жағымсыз” қаһармандар деген түсiнiктiң болғаны да
шындық. Өйткенi, қаһармандарды шартты түрде бұл үлгiде бөлу қаламгердiң
әлеуметтiк және адамгершiлiк идеалдарын айқындауға қолайлы болды.
Көбiнесе, өз дәуiрiнiң талабына дер кезiнде үн қоса бiлген қаһарман образы
туындының қоғамдық ықпал ету қуатын да, сонымен бiрге оның оқырман
ортасындағы өмiршеңдiк қабiлетiн де айқындайды. Әдеби қаһарманды
оқырман қауымның қабылдауы арқылы ғана әдебиет пен өмiрдiң байланысы
мейлiнше анық көрiнедi. Себебi, әдеби қаһарман өзi сияқты әрекет етiп, өзi
сияқты ойланатын жаңа үлгiдегi өмiрлiк типтердi қалыптастыруға да
қабiлеттi. Бұл тұста Гетенiң Вертерi, Лермонтовтың Печоринi,
Чернышевскийдiң Рахметовы сияқты қаһармандардың өз дәуiрiнде қоғамдық
ортаға, адамдарға қаншалықты әсер еткенiн дәлел етуге болады.
Әдеби қаһарман адамды бейнелеудiң авторлық көркемдiк концепциясы
ретiнде жеке қаламгер шығармашылығына, әдеби ағым-бағыттарға,
мектептерге, стильдерге тән негiзгi идеялық-эстетикалық ұғым болып
саналады. Дүниетанымдық дерексiз проблематика нақ осы әдеби қаһарман
образы арқылы ғана психологиялық жағынан әбден ширығып, тез арада
шешiмiн табуды талап ететiн нақты оқиғаларға ұласады.
Әдебиет теориясында әдеби қаһарманды өмiрлiк ақиқатпен ара
қатынасына байланысты көркемдiк-шығармашылық әдiстер тұрғысынан
қарастыру жолдары да қалыптасқан. Сонымен қатар, әдеби қаһармандардың
идеялық жағынан мүдделес туындыларды топтастыруға мүмкiндiк
тудыратыны бар. Мәселен, әдебиеттануда “артық адам”, “кiшкентай адам”,
“жоғалған ұрпақ” жайындағы әдебиет деген сияқты ұғымдық қолданыстар
кездеседi. Сондай-ақ, түрлi дәуiрлерде түрлi елдер әдебиетiнде жаңғырып
көрiнiп тұратын әлемдiк әдебиеттiң Прометей, Фауст, Дон Жуан сияқты
мәңгiлiк қаһармандары болатынын да ескерген жөн.
Сұрақ. Айтылған пiкiрлердi осы тұста бiр түйiндесек, шығармадағы
кейiпкер де өмiрдегi адам сияқты алуан қырымен көрiнуi шарт қой. Алайда
көркем шығарманы талдау барысында әдеби кейiпкерлер трагедиялық,
юморлық, реалистiк, комедиялық, сатиралық, фантастикалық, романтикалық,
лирикалық, драмалық, т.с.с. бейнелер деп жiктей қарастырылып жатады.
Көркем бейнелердi бұлайша жiктегенде қандай ұстанымдарға сүйену керек?
Жауап. Көркем бейнелердiң жоғарыда өзiң айтқандай түрлерге
бөлiнетiнi шын. Алайда бұл тұста олардың бiр-бiрiмен байланысы,
арақатынасы, кей тұстарда бiрiнен-бiрi өрбiп жататыны ескерiлмей қалды.
Мәселен, бiр ғана кейiпкерге әрi драмалық, әрi комедиялық, әрi сатиралық
96
бейне ретiнде қарауға болады. Оның себебi аталмыш бейнеге қай тұрғыдан
келуге байланысты. Өйткенi, образ түрлерiн 1) көркемдiк әдiс жағынан
романтикалық, реалистiк; 2) әдеби тек тұрғысынан эпикалық, лирикалық,
драмалық; 3) жасалу тәсiлдерi жағынан юморлық, сатиралық,
фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.с.с. бейнелер деп
бiрнеше тұрғыдан жiктеуге болады. Көркемдiк әдiс, әдеби тек, көркемдiк
тәсiлдер мәселесiн алдағы әңгiмелерiмiзде арнайы сөз етемiз.
Сұрақ. Олай болса, образдардың әрқайсына жекелей тоқталып, әуелi
романтикалық және реалистiк бейнелердiң өзiндiк ерекшелiктерiне назар
аударып өткен дұрыс болар.
Достарыңызбен бөлісу: |