131
Классикалық эпопея үрдiсiн жалғастыруға ұмтылыс кейiнгi дәуiрлерде
де кездестi. Мысалы, б.д.д. Вергилийдiң “Энеида”,
португал ақыны
Камоэнстiң ”Лузиада” (XVI ғ.), итальян ақыны Торквато Тассоның ”Азат
болған Иерусалим” (XVI ғ.), немiс ақыны Клопштоктың ”Мессиада” (XVIII
ғ.), т.б. атауға болады. Алайда бұлар классикалық эпопеяны қайта оралта
алмағаны белгiлi.
Әрине, классикалық эпопея әдебиеттiң дамуына үлес қоса алмады, оның
көптеген сипаттары жаңа негiзде, жаңа үлгiде дамымады деуге, әсте,
болмайды. Классикалық эпопеяға тән түрлi белгiлер қазiр де кәдеге асуда.
Эпопеяның жекелеген белгiлерi қандай да бiр
халық өмiрiнен аса маңызды
орын алатын оқиғаны бейнелейтiн және сол оқиғаға халық көзiмен қарайтын
ұлы жазушылардың шығармаларында жиi орын алып отырады. Бұған дәлел
ретiнде Л.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк”, М.Әуезовтiң ”Абай жолы”,
т.с.с. шығармаларды атай аламыз. Бiрақ бұл жағдайларда оның өткенге жалаң
елiктеу емес, керiсiнше, дамудың белгiлi бiр
кезеңiндегi халық өмiрiн
жаңарта, жаңғырта бейнелеу екендiгiн есте сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: