Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет108/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Бейнелеу аясы неғұрлым кең ауқымды қамтитын классикалық 
эпопеяның кейiнгi дәуiрлердегi заңды жалғасы ретiнде роман келген жоқ па? 
Жауап. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, эпопея өзегiне жалпы халықтың 
өмiрiндегi аса маңызды оқиғалар алынады. Эпопеяға тән бұл сипат кейiнгi 
дәуiрлер 
еншiсiндегi 
жекелеген 
көлемдi 
туындыларда 
әредiк 
ұшырасқанымен, олардың негiзгi ерекшелiгi болып табылмайды. Сол себептi 
романды эпопеяның заңда жалғасы деп тану да жаңсақтық болмақ. Сондай-
ақ, эпопея мен роман арасында ешқандай сабақтастық жоқ деудiң де қисыны 
келмейдi. 
Сұрақ. Олай болса, әдеби түр ретiнде “роман” қандай ерекшелiктерге 
ие? 
Жауап. Алғашында орта ғасырларда роман тiлдерiнде жазылған 
шығармалардың барлығы да “роман” деп аталған. Француз және немiс 
тiлдерiндегi “roman” сөзiнен бастау алатын “роман” сөзiнiң әдеби түр 
атауына ұласуы әдеби дамуға байланысты. Қазiргi таңда роман деп үлкен 
көлемдегi және прозалық үлгiде жазылған эпикалық туындыны айтамыз. 
Бүгiнгi әдебиетте повесть, әңгiмелермен қатар роман да маңызды орын 
иеленедi. Романда негiзгi роль атқаратын жағдай оқиғаны жүйе-жүйесiмен 
суреттеу де, яки әңгiмелеу машығы да емес, сюжет болып табылады. Романда 
уақыт жағынан неғұрлым ұзақ мерзiмдi қамтитын оқиғаларды арқау ете 
отырып, адам өмiрiн ағымдағы сан алуан құбылыстармен тұтастықта, 
мейлiнше жан-жақты көрсетуге мүмкiндiк бар. Роман мүмкiндiгiнiң ауқымы, 
әсiресе, әңгiмемен салыстырғанда ерекше байқалады. 
Романның көлемдiк мүмкiндiгi оның бейнелеу сапасына да ықпал етедi. 
Яғни романда суреттелетiн тартысты тармақтай өрбiтiп, оқиғалар желiсiн 
ұзақ уақыт бойына кеңiнен ширықтыра дамытуға да немесе құбылыстарды, 
қаһармандар әрекетiн, оқиғалардың даму жолын нақты детальдар бойына 
жинақтап көрсетуге де болады. Роман ерекшелiктерiнiң бiрi – оның адам мен 


132 
қоғам қарым-қатынасын, адамның дүниедегi орнын алуан қырынан 
қарастырып, барынша толық көрсетуге қабiлеттiлiгi. Роман көлемi 
шығармаға түрлi хикаялар мен авторлық шегiнiстердi, хаттар мен 
күнделiктердi, бейнелi суреттер мен драмалық диалогтарды, поэзиялық 
түрлердi, т.с.с. бәрiн де қамтуға мүмкiндiк бередi. Роман мазмұнының әр 
түрлi болып келуi оның түрлiк тұрғыдан да алуан сипатта көрiнуiне әсер етiп, 
мазмұнды ашуға қажеттi әрқилы тәсiлдердi молынан пайдалануға жол 
ашады. 
Ақиқат өмiрдi кең ауқымда бейнелейтiн роман үшiн хроникалы желiдегi 
сюжеттер де, сондай-ақ, бiр орталыққа шоғырланған (концентрические) 
сюжеттер де жат емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет