127
мәнiндегi алуан түрлiлiгiн ашып көрсетуге қабiлетсiз, тым бiр жақты деп те
сынға ұшырады. Алайда әдебиеттi тектерге (топтастыру) бөлу идеясы күмән
мен терiске шығарудың қатал сынағынан сүрiнбей өттi. Себебi бұл мәселе
Аристотельдiң ойынан шығарған нәрсе емес, көне грек әдебиетiндегi
көркемдiк тәжiрибелердi жинақтаудан келiп шыққан болатын.
Көне грек
әдебиетiнде шығарманың үш типi өзiнiң ерекшелiктерi мен өркендеуiнiң аса
маңызды кезеңiн айқын танытты.
Немiс философы Г.Гегель еңбектерiнде үш тек идеясы философиялық-
логикалық
жағынан
негiзделдi.
Гегель
пiкiрi
бойынша,
эпос
шығармашылықтың
обьективтi
бастауына
сәйкес
келедi,
лирика
субьективтiлiкке,
драма өз бойына обьективтiлiк пен субьективтiлiктi бiрдей
тоғыстырады. Басқаша айтқанда, эпикалық туындыларда оқиға, лирикада
әсер, драмада әрекет басым болады. Сәл кейiнiрек Гегель тағы бiр үштаған
үлгiсiн ұсынады, яғни “лирика – грамматикалық I жақ пен “мен”, драма – II
жақ пен “сен”, эпос – III жақ пен “ол” дегенге сәйкес келедi. Егерде аталмыш
“үштаған”
мәселесiн қаз-қалпында, тура мағынасында қабылдамай, iшкi
мәнiне көз жүгiртер болсақ, тек айырмашылықтарын дұрыс танып-бiлуге
мүмкiндiк берерi анық. Яғни лирикада қаламгер дүниенi өзiнiң жан-
дүниесiнен өткере отырып бейнелейдi; эпоста адамдар мен қоршаған ортаны
бiршама арақашықтықтан сырттай бақылағандай баяндайды;
драмада
дүниенi түрлi адамдардың пiкiрлесуi, сөз қақтығысы арқылы танытады.
Гегель түсiндiруiнде, үш тек идеясы даму мен танымның жалпы
диалектикалық заңдарымен бiрлiкте алынып, кең ауқымдағы түсiндiрушiлiк
мән иелендi.
Кейiнгi әдебиет теоретиктерi бұл мәселеге шығармашылық тұрғыдан
келдi. Мәселен, В.Г.Белинский XIX ғасырдағы Ресей әдебиетiнде көрiне
бастаған түрлi әдеби тектердiң өзара сабақтастығының
себебiн дәл танып,
түрлi тектердiң бiр-бiрiмен ұштасып жатуынан классикалық үлгiлердiң
бұзылуын емес, керiсiнше, заңды түрдегi даму үрдiсiн көре бiлдi.
Әдеби тектер теориясы
тарихи поэтика саласында да өзiнiң негiзгi
мәнiнде қабылданып, тереңдей зерттеу нысаны болды. Мәселен,
А.Н.Веселовский фольклордан жеке шығармашылықтың бөлiнiп шығу
заңдылықтарын зерттеу барысында эпикалық
баяндаулар мен лирикалық
үлгiлердiң ең ежелгi синкреттiк (яғни сөздiк-әуездiк) поэзиядан, драманың
халықтық әдет-ғұрыптардан басталғанын аңдап, олардың бөлiнiп шығу
процесiн байыптайды.
ХХ ғасырда әдеби тектердi экзистенциалдық-психологиялық және
формальды-құрылымдық тұрғыда түсiндiрумен қатар (Швейцарияда –
Э.Штайгер, АҚШ-та – К.Берк, т.б.), батыс
сынында аталмыш категорияға
(әдеби тек) терiс көзқарас та туды. Бұл көзқарас бойынша әдеби тек ұғымы
эстетикаға догмалық рационализмнiң сырттан таңған нәрсесi және бұл
бiрегей көркем дүниелерге қол жеткiзуге жарамсыз деп саналды. Сонымен
бiрге кейбiр бағыттарда, мысалы, Чикаголық “жаңа сын”
мектебiне тән
“неоаристотельшiлдерде” (неоаристотелианцы) әдеби тек категориясы
128
бiртуар туындының әдеби тек пен жанрдың ортақ заңдарымен ара қатысын
белгiлеуге (онсыз ешқандай сыни баға болуы мүмкiн емес) мүмкiндiк беретiн
эстетикалық пiкiрдi жинақтаушы критерий кеңiнен қолданылады. Қазiргi
эстетикада да әдеби тектердiң маңыздылығы мен тарихи өзгермелiлiгi
проблемасы, олардың өнер жүйесiндегi орны жан-жақты жете зерттелуде.
Сұрақ. Әдеби
тек ұғымының шығу себебiне, ұғым ретiнде пайда болу,
даму жолына зер салдық. Олай болса, әдеби тек ұғымының анықтамасы
қандай?
Достарыңызбен бөлісу: