Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Қаламгер бейнелеген өмiр суреттерiнде дүние мен адам ара  қатынасын белгiлейтiн шығарма құрудың негiзгi тәсiлдерi әдеби тектер



Pdf көрінісі
бет106/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Қаламгер бейнелеген өмiр суреттерiнде дүние мен адам ара 
қатынасын белгiлейтiн шығарма құрудың негiзгi тәсiлдерi әдеби тектер 
болып табылатынын таныдық. Сәл басқаша айтқанда, әдеби тектердi әдеби 
көркем шығармашылықтың жинақы типi деуге де келедi екен. Ал әдеби 
тектерден әдеби түрлердiң айырмашылығы неде?
Жауап. Бұл сұрақтың жауабын да, әдеби тектердiң әрқайсына тән 
түрлердi де келесi әңгiме барысында арнайы қарастырғанымыз дұрыс болар. 
 
Он үшiншi әңгiме 
немесе 
Әдеби түрлер 
Жауап. Сонымен, бүгiнгi әңгiмемiздi өткен жолғы сұрақ төңiрегiнде 
өрбiтелiк. Сұрақ әдеби түрлерге қатысты қойылған болатын. Жауапты 
қысқаша қайтаруға талаптанып көрелiк.
Ең алғаш европалық поэтикада Аристотель теориялық тұрғыдан 
қарастырып, жүйелеген әдеби түрлердiң эстетикалық ұстанымдары мен 
құрылымдық жүйесi әдебиет дамуының түрлi кезеңдерiнде тарихи 
өзгерiстерге байланысты түрлi сипатта (мысалы, антикалық роман, 
Ағартушылық дәуiрiнiң романы, сыншыл реализм романы, социалистiк 
реализм романы) көрiнiп, соған сәйкес жаңа теориялық негiздеулер жасалды. 
Дәлел ретiнде мерзiмдiк тұрғыдан түрлi кезеңдердi қамтитын Г.Лессинг, 
Н.Буало, Г.Гегель, Ф.Шиллер, В.Г.Белинский пiкiрлерiн атауға болады. 
Әдеби түрлердiң одан әрi типологиялық жүйеленуi әдеби жанрлар 
жүйесiне қатысты дамыды. Шындығына жүгiнсек, теориялық тұрғыдан 
шекарасын ажыратудың қиындығынан кейде әдеби түр мен жанр ұғымдары 
бiр-бiрiмен алмасып та кетедi. Жаңсақ түсiнiктердiң пайда болуына кейбiр 
терминдердiң дыбыстық жағынан бiрдей болып келуi де әсер етедi. Дәлел 
ретiнде бiр ғана “драма” сөзiнiң тек, түр, жанр ретiнде қатар қолданыла 
беретiнiн келтiруге болады. Мысалы, “драма – оқиға, iс-әрекеттi диалог 
арқылы бейнелеу” десек, тек мәнiнде; О.Бөкейдiң “Құлыным менiң” драмасы 
десек, түр мәнiнде; тарихи драма десек, жанр мәнiнде қабылдау қажеттiгi 
анық. 
Тұжыра айтқанда, әдеби түрәдеби тек аясындағы поэтикалық 
құрылымның тұрақты типi. Әрбiр әдеби тектiң өзiне тән әдеби түрлерi бар. 
Мысалы, эпостың негiзгi түрлерiне – эпопея, роман, повесть, әңгiме, поэма
лирикаға – лирикалық өлең, лирикалық поэма, жыр, драмаға – трагедия, 
драма, комедия жатады. 
Сұрақ. Осы тұста тағы бiр сұраққа назар аудару қажеттiгi байқалатын 
тәрiздi. Ол – әдеби түрлердi бiр-бiрiнен ажыратуға негiз болатын белгiлерге 
байланысты сұрақ. Мәселен, қара сөзбен жазылған повесть пен әңгiменi екi 
түрге бөлген кезде, олардың қандай белгiлерiне сүйенемiз? Басты белгi – 
шығарма көлемi ме?


130 
Жауап. Шығарма түрiн анықтауда белгiлi бiр тұстарда көлемнiң де 
маңызды роль атқаратыны рас. Алайда шығарманың түрiн анықтауда тек 
қана көлемге ден қою жаңсақтыққа ұрындырады. Сол себептi әдеби 
түрлердiң бәрiне болмаса да, кейбiрiне назар аударып өту артықшылық 
етпесi анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет