Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Әңгiменi аталмыш терминдердiң шығу төркiнiнен бастайық.  Поэзияның түпкi тегi гректiң poiesis



Pdf көрінісі
бет113/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Әңгiменi аталмыш терминдердiң шығу төркiнiнен бастайық. 
Поэзияның түпкi тегi гректiң poiesis сөзiнен бастау алады. Бұл сөздiң өзi 


136 
“жасаймын, туындатамын” деген мағына беретiн poieo сөзiнен өрбидi. Проза 
– латынның prosa сөзiнен шыққан термин. “Prosa” сөзiнiң ар жағында “түзу, 
қарапайым” деген мағынадағы “prorsa” сөзi тұр. 
Ендi термин ретiндегi сипаттамасына келейiк. Поэзия мен проза – әдеби 
туындыдағы көркем сөздiң орналасу тәртiбiнiң екi типi. Көркем сөз 
қолданысындағы сыртқы ерекшелiк, негiзiнен, ырғақ арқылы танылады. 
Поэзиялық шығармалар тiлi өлең сөз жүйесiне тән ұстанымдар арқылы 
жасалады да, өлең құрылысы заңдылықтары бойынша айқын бөлiктерге 
жiктелiп тұрады. Прозалық шығармалар тiлi абзацтарға, сөйлемдерге және 
колондарға бөлiнедi. Поэзиядағы ырғаққа қарағанда прозадағы ырғақ әлi де 
толық қарастырылмаған күрделi мәселелердiң бiрi болып табылады. 
Әдебиет тарихының алғашқы дәуiрлерiнде сөз өнерiнiң өзi поэзия деп 
аталған. Оның себебi алғашқы әдеби туындылардың бәрiнiң өлең сөзбен 
немесе ырғақтық-интонациялық жағынан өлеңге жақын келетiн үлгiде 
жазылуында. Ал проза деп қара сөзбен жазылған (көркем сөз болуы шарт 
емес) шығармалардың бәрi, яғни философиялық, ғылыми, публицистикалық, 
ақпараттық, т.с.с. жазбалардың бәрi айтылғаны белгiлi. 
 
Он төртiншi әңгiме 
немесе 
Әдеби жанрлар 
 
Сұрақ. Әдебиеттануда қалыптасқан әдеби тектер, әдеби түрлер деп 
аталатын ұғымдардың қандай мәселелердi қамтитынын, не үшiн қажет 
екендiгiн таныдық. Осы ұғымдармен қатар, “жанр” деген түсiнiк те бар емес 
пе? 
Жауап. Иә, әдебиеттануда көркем шығармаларға қатысты қолданылатын 
“жанр” деген де ұғым бар. Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму 
үстiнде болатын типi жанр деп аталады да, әр жанр өзiндiк пiшiндер 
(формалар) арқылы ерекшеленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет