Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет81/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сегiзiншi әңгiме 
немесе 
Көркем бейне 
 


93 
Сұрақ. Әдебиет жайын сөз еткен тұста образға “нақты өмiрлiк 
шындықтан алынып, суреткер санасында танымдық және шығармашылық 
үрдiстер нәтижесiнде жан-жақты екшелген және бейнелi сөз арқылы 
қайта жасалған әсерлi де көркем өмiрлiк шындық” деп сипаттама берiлдi. 
Ал, көп жағдайда “образ” ұғымын көркем шығармадағы қаһарманға қатысты 
қолданамыз ғой. Олай болса, осы анықтамада әлдебiр тиянақсыздық бар 
сияқты. Өйткенi, өмiрлiк шындық аясы қаһармандармен ғана шектелiп 
қалмайтыны белгiлi емес пе? 
Жауап. Еске түсiрер болсақ, сол тұста “көркем образ – өмiрлiк 
шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге 
ғана тән ерекше тәсiлiн сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бiрге 
көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбiнесе кейiпкерлер 
мен әдеби қаһарманды, “образ” деп атаймыз” деген де түсiнiк берiлген 
болатын. Демек, “образ” ұғымын екi мәнде қарастыруға болады. Яғни, 
“образ” ұғымы 1) кең ауқымда алып қарасақ, шығармадағы көркем өмiрлiк 
шындық; 2) одан гөрi тарлау аяда алар болсақ, әдеби қаһарман деген 
мағынада қолданылады. Образдың екiншi мәнi қолданыста ұдайы 
жүретiндiктен, образ – көркем шығармадағы адам бейнесi ретiнде көпшiлiк 
түсiнiгiне жақын тұрады.
Бiз де бұл тұста образдың екiншi мәнiне, яғни шығармадағы көркем 
бейне, әдеби қаһарман ұғымындағы ерекшелiктерiне назар аударғалы 
отырмыз. Соған орай осыған дейiн айтылған кейбiр мәселелердi қысқаша 
еске түсiрiп өтелiк: 
Әдебиеттiң ең басты өлшемiкөркемдiк. Әдебиеттегi өмiр 
қаламгердiң ой сүзгiсiнен екшелiп шыққан көркемдiк әлемi, әдебиеттегi 
адам – көркем бейне.
Көркемдiк шарттарының ең қарапайым, әрi ең негiзгiсi – көркемдiк 
шындық. Көркемдiк шындық  қаламгер санасында екшелiп, әдеби туындыда 
көркем суретке айналған өмiр шындығының бейнелi көрiнiсi. Көркемдiк 
шындық көркем образ арқылы жасалады. Шынайы өмiрде әрбiр адам қандай 
маңызға ие болса, көркемдiк әлемiнде көркем бейне де, нақтылай айтқанда, 
әдеби қаһарман да сондай роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет