Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет79/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

көркем шығармадағы сөз дегенiмiз – автордың дара тiлi, өзiндiк стиль 
машығы. Көркемдiк талаптың ең маңызды шарттарының бiрi – 
композициялық тәсiлдердiң тiлдiк тәсiлдермен тығыз ұштасуы. 
Композицияның iшкi мiндетiне көркем ой мен сезiмнiң үздiксiз 
қозғалысын реттеу жатады. Ол үшiн композицияның әрбiр бөлшегi бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болуы шарт. Композициялық тұтастық пен сол 
тұтастықты құрайтын бөлшектер арасындағы байланыс қана көркем 
композиция кемелдiгiнiң белгiсi.
Сұрақ. Композициялық бөлшектер дегенiмiз қандай бөлшектер? 
Әрқайсына жекелей сипаттама берiп өту де артық болмас едi. 
Жауап. Эпикалық шығармалардың құрылымында жиi кездесетiн 
композициялық бөлшектiң бiрi – лирикалық шегiнiс. Лирикалық шегiнiстiң 
эпикалық дүниеге тән болуының себебi неде дейтiн болсақ, драмалық 
шығармаларда автор сөзiне орын жоқ, ал лирика дегенiмiздiң өзi автордың 
көңiл-күйiнiң саналуан көрiнiсi. 
Лирикалық шегiнiс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезiмiнiң 
шығармада тiкелей көрiнуi.
Лирикалық шегiнiстiң жиi кездесетiн кейбiр үлгiлерi мен олардың 
композициялық мәнiне назар аударып көрелiк;
1) Кейде лирикалық шегiнiс арқылы жазушы кейiпкерлер мен олардың 
әрекеттерiндегi өзiнiң бағалауынша ең маңызды деген тұстарға оқырман 
назарын аударуға, әсерлiлiгiн арттыруға ұмтылады.
2) Кейде бiр кейiпкерге бағытталған лирикалық шегiнiс басқа бiр 
кейiпкердiң ой-сезiмiмен астасып жатуы мүмкiн, бiрақ оқырман бұл үлгiдегi 
лирикалық шегiнiстi де авторлық ой мен сезiмнiң көрiнiсi деп қабылдайтыны 
белгiлi.


92 
3) Кейде автор лирикалық шегiнiстi өз шығармасының сипаты мен 
мiндетiн хабарлау мақсатында пайдаланады. 
Шығарма мазмұнын тереңдету, кеңейту мақсатында немесе оның 
идеялық мәнiн аңғарту үшiн қолданылатын композициялық тәсiлдердiң бiрi – 
оқшау (кiрме) эпизодтар. Оқшау (кiрме) эпизодтар деп шығармада 
баяндалатын негiзгi оқиғаға тiкелей қатысы жоқ көрiнiстердi аталады. Кейде 
оқшау эпизодтар да, лирикалық шегiнiс сияқты, шығарманың идеясын, 
пафосын түсiндiру үшiн пайдаланылады. 
Композициялық бөлшектердiң бiрi болып табылатын көркемдiк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет